1000 күн тоқтаусыз жүгірген адам қандай болатынын білгіңіз келе ме? Онда Хэллах Сидибе өмірімен танысайық.
100 күн жүгіру идеясының пайда болуы
Хэллах күнделікті жүгіру марафонын 2017 жылы 15 мамыр күні бастаған. Алғашында 2 апта бойы күніне тым болмағанда 10 минуттан жүгіруді мақсат еткен. Мұндай марафонды бастауына өзінің құрдастарына қарағанда әлсіз денесін жетілдіруге деген құштарлығы итермелеген. Мектеп кезден қашықтыққа жүгіруді ұнатпайтын Хэллах марафонның алғашқы күндері өзін төсектен күштеп тұрғызатын. Алайда алғашқы 2 апта өткен соң Нью-Джерси штатының тұрғыны жүгіруді ары қарай жалғастыруға шешім қабылдайды.
Сол күннен бастап Хэллах Сидибе жүгіруін бір күнде тоқтатқан жоқ. 2020 жылдың ақпан айында оның жүгіргеніне 1000 күн болды.
Хэллахтың 1000 күндік жүгіру марафонының нәжилері
- Дене бітімі жетілді. Күнделікті жүгіру оның организміндегі артық майларды жойып, әрбір дене мүшесінің жетілуіне әсер етті;
- 1000 күн аралағында 9789 шақырым жүгіріп, 10 миллионнан астам қадам жасады;
- Әлемнің 3 елі мен Американың 8 штатын аралап шықты;
- Кәсіби олимпиадалық спортшылармен жарысып, тең нәтиже көрсетті;
- Бір күнде 80 шақырым ара қашықтықты жүгіріп өтті;
- Штат аумағындағы бірнеше марафонның жеңімпазы атанды;
- Марафонның 66-шы күні жүгіру тек қызығушылық емес, өмірінің бөлігіне айналғанын түсінді;
- Әлеуметтік желіде үлкен танымалдылыққа ие болды;
- Дұрыс тамақтануға бейімделді.
1000 күн өтсе де Хэллах неге жүгіруін тоқтатпайды?
Хэллах бүгінде күнделікті жүгіруін тоқтатқан жоқ. Бұл марафонды жалғастыруын спортшы былай түсіндіреді: «Маған ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі – жүгіруді неге жалғастырып келе жатырсың? Неге бір күн болсын өзіңе демалыс бермейсің? Менің жауабым – себебі менің қолымнан келеді. Иә, 1000 күн бойы ауырмай, ешқандай жарақат алмай жүргеніме сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ бұл шындық. Әлем маған жүгіруге мүмкіндік берді, аяқ-қолымды сау қылды. Мен неге мұндай мүмкіндікті пайдаланбауым керек?».
Дені сау әр адамның қолынан келетін қарапайым 10 минуттық жүгіру Хэллах Сидибенің өмірін танымастай өзгертті. Бүгіннен бастап жүгіруді сіз де қолға алыңыз. Сонда өміріңіздің қалай өзгеріп, жүгірудің 1000-шы күніне қалай жеткеніңізді байқамай қаласыз.
Дайындаған: Досбол Атажан