Салауат

Ағзаға қажет элементтер: Магний, калий, йод, темір

Ағзаға қажет элементтер деген не?

Ағзаға белгілі бір элементтер жетіспесе, ол өз кесірін тигізеді. Денсаулығыңызда өзгерістер байқалса, дереу шара қолдану керек. Balbal.kz мотивациялық сайты ағзаға не жетпейтінін симптомдарға байланысты баяндайтын болады.

Магний

Астма және аллергиялық тұмауды жеңілдетеді. Магний жүйке және бұлшық ет жүйесінің саулығы, тіс және сүйектер үшін де маңызды. Магний теріні және шашты әдемілейді, тырнақтарды қуаттандырады. 300 ферменттің жұмысын жақсартады және осы арқылы зат алмасу үрдісіне әсер етеді.

Егер магний жетіспесе

Мазасыздық билейді;

Бастың жиі айналуы, бас аурулары;

Ұйқының бұзылуы – таңертең шаршаңқы күйде жүруі, ал түнде ұйқысыздық.

Тітіркеніштік, ашулану;

Бұлшықет спазмы.

Магний дәнді-дақылдар, бұршаққындылар, көкөністер, жұмыртқа, алма, жаңғақ, күнбағыс, сәбіз, балдыркөкте және салат жапырақтарында көп мөлшерде кездеседі.

Натрий

Натрий басқа да микроэлементтермен өзара әрекеттесе отырып, қан тамырларынан ылғалды шығару мүмкіндігіне ие. Жасушалық қоректендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты. Ол жүйке реакцияларының және бұлшықет топтарының жиырылу тұрақтылығын ұстап тұрады. Натрий терлеген кезде сыртқа шығады, сол себепті оның ағзадағы мөлшерін қатаң бақылап отыру қажет.

Натрий жетіспесе

Шөлдің қанбауы;

Тәбет болмайды;

Жүрек айнуы, құсу;

Тахикардия – жүрек соғысы жиілейді;

Апатия күйін кешіп, жиі шатасу;

Терінің серпімділігі азаяды, құрғап кетеді;

Анурия – кіші дәреттің шықпауы.

Натрий ас тұзында көптеп кездеседі. Тағамдық өнімдердің ішінен теңіз балдырын айтуға болады. Сонымен қатар теңіз тұзы, тұздық, сорпа (сиыр етінен), соя құрамында бар.

Д дәрумені

Д дәрумені – бұл «жай ғана витамин» емес, ол шын мәнінде біздің ағзамызда шамамен 3000 генге әсер гормон. Ол иммундық жүйе, инфекцияларға қарсы тұру және организмдегі жалпы қабынуды жеңу қабілетінде маңызды рөл атқарады.

Д дәрумені жетіспесе

Әлсіздік;

Сүйек деформациясы;

Бүкірею;

Бой жай өседі;

Салмақ жоғалту;

Тістің бұзылуы;

Д дәрумені деңгейін толықтырудың ең жақсы тәсілі күн сәулесі астында жүру. Бірақ көбіміз осы дәруменнің жасанды түрін ағзадағы жетіспеушілігін толтыру үшін қажет етеміз. Егер сіз дәруменнің жасанды түрін қабылдасаңыз, оны D3 түрін сатып алғаныңыз жөн.

Калий

Калий жүрек бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұрады. Метаболизм ауытқуы кезінде миокардты қоректендіру үшін керек. Сулы-тұзды зат алмасуды реттеп, артериялық қысымды реттейді.

Калий жетіспесе

Әлсіздік бойды билейді;

Терінің қалыпқа келуі жай жүреді, тері құрғап кетеді;

Тыныс алу жиілейді;

Бұлшық ет аурулары, тіпті талма ауруына дейін болады;

Шаштың түсі солғын болып кетеді;

Магний мына тамақтардың құрамында болады: картофель, нан, шай және кофе өнімдері, жидектер, жемістер және цитрус өнімдері, соя бұршақтары, сүт өнімдері, сиыр еті және теңіз өнімдері (балық, ламинария және т.б.).

Кальций

Кальций ас қорыту жұмысына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне қатысады. Ол бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді.

Кальций жетіспесе

Тістің нашарлауы, сынғыш болып келеді;

Тез шаршау;

Ішек спазмы;

Тырнақтың сынуы, шаштың жұқаруы;

Бұлшықеттің ұюы және құрысуы;

Кальций күнжіттің құрамында көптеп кездеседі. Одан басқа көкнәр, күнбағыс майы, брокколи, орман жаңғағының құрамында бар.

Йод

Йод – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті элемент.

Йод жетіспесе

Жүрек шаншуы, демікпе;

Тәбеттің болмауы;

Жиі тұмау немесе инфекциялық ауруға шалдығу;

Есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

Есту мүшесінің әлсіреуі.

Йод ас тұзында көптеп кездеседі.

Темір

Темір гемоглобиннің жоғары болуына көмектеседі. Қанға қызыл түс береді, бұлшық ет миокардының түзілуін реттейді.

Темір жетіспесе

Әлсіздік және жиі шаршау;

Көздің қарауытып кетуі;

Анемия – қаназдық, терінің солғын болуы;

Физикалық қозғалыстарды көтере алмау; тыныс алудың ауырлауы;

Ағзаның төзімділігі төмендейді.

Темір сиыр етінде, әсіресе бауырда көп кездеседі. Одан бөлек грек жаңғағы, жұмыртқаның сарысы, фасоль, өрік-мейіздің құрамында бар.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!