Салауат

Безеуден тез құтылудың 4 жолы

Безеуден қалай құтыламыз?

Безеуден тез арылу – көптеген жасөспірім қыздардың қалауы. Беттегі безеу адамның өзін-өзі жақсы сезінуіне, психологиялық көңіл-күйіне кері әсер ететіні мәлім. Кенет маңызды сәттердің алдында қырсық шалып, безеудің шыға келетіні бар. Осындай кезде безеуден тез құтылудың жолдарын айтамыз.

Бензоил пероксиді

Ол терідегі бактерияларды өлтіреді. Дәріханалардан 2,5%-дық ерітіндісін алсаңыз болады. Ал пайыздық мөлшерлемесі көп ерітінділер бет терісінің тітіркенуі мен қабыршақтануына әкелуі мүмкін.

Көз тамшылары

Көз тамшыларының құрамында антибиотик болғандықтан, терідегі безеуді тез кетіреді. Тамшыны қолданудан бір сағат бұрын тоңазытқышқа салып қойыңыз. Антибиотиктің салқыны қабынуды тез басады.

Ескерту: Шектен тыс көп қолданбаңыз. Ол терінің антибиотикке тәуелділігін тудыруы мүмкін.

Салицил қышқылы 1%

Көптеген бет терісінің күтіміне арналған өнімдер не косметикалардың құрамында міндетті түрде салицил қышқылы болады. Ол бет терісінде безеуді тудыратын бактерияларды өлтіріп, бет терісінің жаңаруына көмектеседі.

Жатар алдында қабынып тұрған безеулерге мақтамен жағыңыз.

Шай ағашының майы

Бұл антибактериалды эфир майы тері тесігіндегі майларды және микробтарды өлтіріп, комедон, безеулердің шығу қаупінің алдын алады. Мақта таяқшалары арқылы безеу бетіне жұқалап жағыңыз.

Цинк пастасы

Цинк пастасы қабынып, іріңі бетіне шыққан безеулерді кептіреді. Бұл дәрі болмаса, орнына аспиринді ұнтақтап қолдансаңыз да болады.

Аталған заттар күнделікті күтім құралы емес. Тек қажеттілік тудырған кездерде өте аз мөлшерде қолдануыңыз керек. Эффектісі тез болғанымен, күнде қолдансаңыз, бет терісін құртып аласыз. Ал безеулердің шектен тыс шығатынын байқасаңыз, дерматологқа көрінгеңіз дұрыс.

Безеу шықпас үшін

Бет терісінің типін анықтап алыңыз

Мысалы, бетіңіз майлануға бейім болса, құрамында AHA-, BHA- қышқылдары бар, ал құрғақ болса, авокадо, эфир майлары, гиалирун қышқылы бар өнімдерді қолданыңыз.

Бетті ешқашан сабынмен жумаңыз

Сабын бет терісінің жаңарып, өңделу процесін құртады. Бет терісіне арналған әдейі өнімдер болады. Күніне екі рет – таңертең және түнде қолданыңыз.

Бетіңізді қолмен ұстамаңыз

Қол – микробы көп дене мүшелерінің бірі. Безеуді ұстау, сығып, шұқылау тек теріс нәтиже беретінін ұмытпаңыз!

Сүлгімен сүртінбеңіз

Сүлгіні бірнеше рет қолданатын болғандықтан, беттегі микробтар соған жұғады. Онымен қоса үйіңіз қанша жерден таза болсын сырттағы шаң-тозаң қонатыны мәлім. Сол себепті оның орнына бір реттік салфеткалар, қағаздармен сүртініп, бірден қоқысқа тастай салыңыз. Мүмкін болса, бетті сүртпеген жөн. Осы арқылы бет терісі дымқылды өзіне жақсырақ сіңіреді.

Сүт өнімдерінен алшақ болыңыз

Сүттің құрамындағы лактоза бет терісінің майлары тез өңделуіне әсер етеді. Сонымен қатар газды сусындар, фастфуд өнімдері, тәттілерді де көп қолданбағаныңыз жөн.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close