Салауат

Бой өсіруге арналған 8 методика

Бой өсіретін жаттығулар

Бой өсіруге арналған методикалар бар. Олар 30 жастан асқандардың да бойын өсіруге мүмкіндік береді. 

Берг методикасы

Берг методикасы Александр Берг есімді дәрігердің 1980 жылы ойлап шығарған жаңалығы. Дәрігердің сөзі бойынша адам қандай жаста болмасын бұл жаттығуларды жасаса, бойын өсіре алады. Ғылыми зерттеулер дәлелдегендей 20-25 жастан кейін адамның бойы өспейді. Ал методика авторы 30 жастан асқандардың бойы ұзарғанын дәлелдейді.

Берг методикасы үш физикалық комплекстан тұрады. Оны таңертең және кешке орындау қажет. Әр комплексте 15 жаттығу бар. Барлық жаттығулар 15-20 рет қайталауды талап етеді. Жаттығуларды жылдам жасауға тыйым салынған. Дененің бұлшықеттерінің созылуы бұл методиканың басты ережесі. Тек осы жағдайда қалаған мақсатыңызға қол жеткізіп, жарақаттардан қорғана аласыз.

Берг методикасының бірінші комплексінің жаттығуларының тізімі

  1. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, қолыңызды кілт қылып, жоғары-төмен созасыз. 10-12 рет қайталайсыз.
  2. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, шынтағыңызды, қолдың білезігін айналдырасыз. 15-20 рет қайталайсыз.
  3. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, басыңызды иығыңызға ақырын тигізесіз. 15-20 рет қайталайсыз.
  4. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, қолдарыңызды аяқтарыңыздың ұшына тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  5. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, қолдарыңызды табаныңызға тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  6. Денені бос, аяғыңызды төрт санына ұқсатып қойып, қолыңызды жерге тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  7. Денені бос, аяқтарыңызды 20-30 см алшақ ұстап, артыңызға орындық қойып, қолыңызды орындықтың арқасына қойып, отырып тұрыңыз. 15-20 рет қайталайсыз.
  8. Денені бос, аяқтарыңызды жақын ұстап, жерге қолдарыңызды тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  9. Жерге отырып, бір аяғыңызды қайырып, түзу тұрған аяғыңызға қолыңызға тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  10. Жерге жатып, аяқтарыңызды кезекпен көтересіз. 15 рет қайталайсыз.
  11. Жерге жатып, аяқтарыңызды қолыңызбен қатар созасыз. 15 рет қайталайсыз.
  12. Жерге тіземен отырып, басыңызды жерге тигізіп, қолыңызды созасыз. 15 рет қайталайсыз.
  13. Жерге отырып, қолыңызды кілт қылып, жоғары созасыз. 15 рет қайталайсыз.
  14. Жерге отырып, аяқтарыңызды созып, қолыңызды аяғыңызға тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.
  15. Жерге жатып, аяғыңызды басыңыздан асырып, жерге тигізесіз. 15 рет қайталайсыз.

Ғаламтор желісінен мыңдаған адамдардың пікірлерін таба аласыз. Көпшілігі таңғажайып нәтижеге жеткенін баяндайды. 5 сантиметрден 8-10 сантиметрге дейін бойларын өсірген. Бұл жаттығулардың пайдасы бой өсірумен қатар омыртқаны түзулейтіні.

Берг методикасының жаттығуларын орындау кезінде дұрыс тамақтаныңыз. Сонымен қатар ұйқыңызды қандырыңыз.

Транквиллитати методикасы

Методиканың жаттығулары мойынның ауырсынуын жазуға негізделген. Бірақ бұл методиканы қолданған адамдар тек жазылып қана қоймай бойларының өскенін байқаған.

Норбеков методикасы

Жаттығулар арқаның түзуленуі мен бой өсіруге арналған. Автордың дәлелі бойынша методиканың көмегімен бойды 2-10 сантиметрге дейін ұзартуға болады.

Лонскийдің жаттығулары

Тапсырманы таңертең 1 сағат, кешке 1 сағат орындау қажет. Жаттығулар арқылы бойды бірнеше сантиметрге өсуге болады. Сонымен қатар баскетбол ойнап, бассейнде жаттығуды талап етеді.

Евминов методикасы

Норбеков методикасына ұқсастығы бар. Евминов жаттығуларын арнайы тақтайда орындайды. Автор қай жаста болмасын бойды минимум дегенде 3-5 сантиметрге дейін өсіруге болады деп тұжырым жасаған.

Инверсиондық жаттығулар

Басқалардан айырмашылығы – адам жаттығуларды етпетінен жатып орындайды. Бұл жаттығулар денсаулыққа да аса пайдалы.

Велосипед жаттығулары

Велосипед тебу арқылы аяқтарыңыз ұзарады. Орындығын көтеріп, аяғыңызды педальға қарай тарту керек. Жаттығуға сіздің қарапайым велосипедіңіз де жарайды.

Жүзу

Бой өсіру үшін ең қолайлы мүмкіндік. Қуантарлық нәтижеге жету үшін бір жұмада кемінде 3 рет (1 сағаттан) бассейнге барып тұру қажет.

Дайындаған: Айзада Сағидолла

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!