Салауат

Көзге арналған 12 жаттығу

Көзге де фитнес керек

Көзге көңіл бөлесіз бе? Көзіңіз қышып, жасқа толып кете ме? 10 минутты құрайтын көзге арналған жаттығулар көзілдіріктің алдын алады. 

12 жаттығудың біреуін таңдаңыз

Бірінші жаттығу – көзді ашып жұму. Көзіңізде екі минут көлемінде ашып жұмыңыз. Бұл көз ішіндегі қан айналымын қалыпқа келтіреді.

Екінші жаттығу – көзді бұру. Көзқарасыңызды алдымен оң жаққа бұрыңыз. Бұдан кейін тура сызық бойымен ауыстырыңыз. Дәл солай сол жақтан бастап жасаңыз.

Үшінші жаттығу – қараңғылықты сезіну. Көзіңізді қатты жұмыңыз. Қараңғылықты сезініңіз. Зерттеу бойынша қараңғылықты жарық сезуші жасушаларда родопсин бөлінеді екен. Бұл зат көру қабілетін жақсартуға арналған.

Төртінші жаттығу – басты айналдыру. Көз бен бастағы қан айналымы тығыз байланысты. Басыңызды шеңбер бойымен, оңға-солға, төмен-жоғары бұрыңыз. Бұл қан айналысын жақсартады.

Бесінші жаттығу – көзді айналдыру. Жаттығу оңай әрі пайдалы. Көзіңізді түрлі бағытқа бұрыңыз. Оңға-солға, төмен-жоғары, шеңбер бойымен, сегіз пішінді етіп айналдырыңыз.

Алтыншы жаттығу – көзді жұму. Көзіңізді қатты жұмыңыз. 3-5 секунд көлемінде осылай жасаңыз. Сосын көзіңізді ашыңыз. Бұл жаттығуды 7 рет жасаңыз. Осылайша көз бұлшық еттері босайды, қан айналысын жақсартады.

Жетінші жаттығу – қабақты басу. Қабағыңызды саусағыңызбен басыңыз. Бірақ көп күш түсірмеңіз. Осы қалыпта екі секунд көлемінде ұстап тұрыңыз. Жаттығуды 4-5 рет қайталаған жөн. Бұл жаттығу көз сұйықтығының айналысын жақсартады.

Сегізінші жаттығу – назар салу. Терезе алдына барыңыз. Жақын жердегі бір затқа назар салыңыз. Бұл терезедегі дақ болуы да мүмкін. Сосын алыстағы денеге көзқарасыңызды ауыстырыңыз. Мысалы, даладағы ағаш немесе үй. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

Тоғызыншы жаттығу – көзді жұмып тұрып айналдыру. Көзіңізді жұмып, оңды-солды бұрыңыз. Жаттығуды бірнеше мәрте жасаңыз.

Оныншы жаттығу – көзбен сурет салу. Көзіңізді ашып тұрып, ауада сурет салыңыз. Қалаған денені немесе фигураны көзіңібен салып шығыңыз. Бірте-бірте үлкен композицияларға ауысыңыз. Қиын денелерге ауыса беріңіз.

Он бірінші – мұрынмен сурет салу. Бұл жаттығу желкеге арналған. Себебі желкедегі ауыртпалық көздің қан айналысын бұзады. Мұрныңызды қалам деп елестетіңіз. Көзіңізді жұмып сурет салыңыз. Не болмаса хат жазыңыз.

Он екінші жаттығу – демалыс. Түзу отырыңыз. Денеңізді бос ұстаңыз. Көзіңізді алақаныңызбен жабыңыз. Шынтағыңызды үстелге тіреңіз. Мойын мен омыртқа бір сызық бойында орналасуы тиіс. Бұдан кейін сізге рахат әкелетін заттарды ойлаңыз. Демалыс, таудан сырғанау, туған күн болуы да мүмкін. Осылайша көзіңізді тынықтырасыз.

Дайындаған Назархан Уән 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!