Спорт

«Ұлттар лигасы»: Қазақстан Латвиямен тең ойнады

Ойын "Астана Аренада" өткен болатын

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Ұлттар лигасы» аясында өткізген кезекті ойынында Латвия құрамасымен кездесіп, тең нәтижені қанағат тұтты.

«Астана Арена» стадионында өткен кездесуде алғашқы болып қазақстандық ойыншылар есеп ашты. 37-минутта Ғафуржан Сүйімбаев айып алаңы сыртынан соққы жұмсап, қарсылас қақпашысын қапыда қалдырды. Бірінші тайм соңына дейін құрамамыз бірнеше жақсы шабуыл ұйымдастырып, екінші гол соғуға ұмтылған. Алайда, доп үнемі Андрис Ваниннің қолынан табылып жатты.

Екінші таймның басы Латвия командасы үшін сәтті басталды. 49-минутта бұрыштамадан берілген допты Денис Ракель қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестіріп кетті.

Қалған уақытта қос құрама да қанша шабуылдағанымен, гол соға алмады. Нәтижесінде 1-1 есебі тіркелді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close