Салауат

Сыздауықтың бірнеше рет шығуы қауіпті ме?

Сыздауық немесе шиқанның пайда болу себептері

Әдетте теріге қандай да бір жара шықса, аса мән бермейміз. Оқта-текте терімізде қызыл, ісінген, бөртпе түріндегі жаралар пайда болып тұрады. Сондай тері ауруларының бірі — сыздауық. Тым қауіпті болмағанымен, оның шығу себебі тікелей организммен байланысты. Назарыңызға сыздауыққа қатысты білуіңіз керек ақпаратты ұсынамыз.

Сыздауық пайда болады?

Алдымен сыртқы факторлардың әсеріне тоқталсақ. Сыздауық терінің кез келген аймағына шығады. Аты айтып тұрғандай сыздап ауырады. Түсі қызыл. Алғашында безеу секілді пайда болады.

Уақыт өте келе көлемі ұлғайып, айналасы қышиды. «Көбіне желке, ерін мен иек маңайына шығады» деген шындыққа жанаспайды.

Сыздауық жара шыққан жердің ластануынан пайда болмайды. Ал суықтан, салқын тигеннен шығатыны рас. Себебі температура төмендегенде кейбір тамыр аймақтары тартылып қалады. Сол аймаққа сыздауықтың шығу ықтималдығы жоғары.

Сыздауық инфекциялық жара емес. Керісінше, иммунитеттің ағзадағы инфекцияға қарсы күресі.

Тері иммунитеттегі инфекцияны сыздауық арқылы сыртқа шығарады. Сыздауықтың іші іріңге толы болуының да себебі осыда. Иммунитет жайлы сөз қозғалған болса, ішек жолдарында мәселе бар деген сөз. Демек бұл дұрыс тамақтанбау, ішекке жақпайтын өнімді пайдалану, асқазан ауруларының созылмалы жағдайларынан туындайтын тері ауруы.

Неге бір емес бірнеше рет шығады?

Сыздауық шықса, қуаныңыз. Өйткені сізге иммунологқа, гастроэнтологқа бару керек деген сөз. Сізге ағза белгі беріп жатыр.

Шындығында ағза іштегіні сыртқа шығарып тастап жатыр. Сондықтан бірнеше жерге шыққанына алаңдамасаңыз болады.

Сыздауықтан қалай құтыламыз?

Сыздауықтың тезірек кеткенін қаласаңыз, жараға тиіспеңіз. Шыққан мерзімінен бастап 1-1,5 апта өткеннен кейін көлемі ұлғайып, беті жарылуға айналады. Бетіне ірің тола бастайды. Іріңі сыртқа шығуға айналғанда, әбден сығып тастаңыз. Жарадан шыққан сұйықтықты терінің өзге аймақтарына жолатпаңыз. Осыдан кейін, жараны танудың қажеті жоқ. Жай ғана өзінің бітеліп кеткенін күтіңіз.

Дайындаған: Жазира Бекболатова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!