Салауат

Толқын Маратқызы: Дене бітімін тік ұстау үшін…

Дене бітімін түзететін жаттығулар

Дене бітімін тік ұстау өте әдемі көрінеді. Ол сонымен қатар денсаулыққа оң әсер етеді. Алайда әрдайым тіп-тіке жүру мүмкін емес. Оны бірі әдет десе, кейбірі дерт деп есептейді. Назарларыңызға FaseFitness орталығының фейстренері Толқын Маратқызының тікелей эфирлерін қарай отырып, бұл сұрақтардың жауабын материал ретінде ұсынамыз.

Дене бітімін тік ұстау деген не?

Дене бітімін тік ұстау біздің түсінігімізде — омыртқаң тік, жауырын артқа қарай, кеуде жоғарыға көтерілген күй. Ол туралы ойламай, жай отырғанда немесе тұрған кезде «тіке отыр», «дене бітіміңді түзу ұста» деп ескертеді. Сол ескертуден кейін өз денемізді қолымызға алып, тіке отыруға тырысамыз. Бірақ ол жігеріміз жарты сағатқа ғана жету мүмкін. Себебі ол біздің қалыпты қалпымыз емес.

Дене бітімі деген – сіздің еш қиналмай, ол туралы ойламаған кезде де тұратын қалпымыз. Өзімізге ыңғайлы жүріс-тұрыс.

Денені жөнге салып, реттеуге бола ма?

Егер сіздің арқаңыз түзу, дене бітіміңіз тік болса, сіз тік жүргенде шаршап қалмайсыз. Ал ондай жүрістен шаршайтын болсаңыз, өзіңізді қинаудың қажеті жоқ. Олай күштегеннен мәселе одан сайын қиындайды. Ол үшін неліктен шаршап қалатыныңызды анықтау керек.

Бандаж, корсеттің денеге әсері

Қазіргі таңда корсет, арқаға киетін бандаждар көбейіп кетті. Олар бірақ сіздің дене бітіміңізді емдемейді. Керісінше оған денеңіз үйреніп қалады. Бұлшықеттер жұмыс істемей, одан сайын әлсірейді.

Сіз денеңізді әдейілеп қинап, тік ұстаған кезде, бандаж не корсет кигенде, омыртқа жанындағы жауапты бұлшықет жұмыс істемейді. Оның қызметін уақытша компенсатор атқарады. Компенсатор оны үнемі орындауға шамасы жетпейді. Себебі оның негізгі функциясы басқа.

Не істеу керек?

Дене бітіміңізге өзіңіз баға бере алмайсыз. Сол үшін сіздің өзіңізге ыңғайлы қарапайым тұрысыңызды біреу қырынан фотоға түсіру керек. Әдейілеп фотоға дайындалмаңыз, әйтпесе шынын анықтай алмайсыз. Егер білдіртпей түсірсе тіпті жақсы.

Сол фотоңызда аяқ, жамбас, қарын, кеуде, арқа, мойын және бастың орналасуын қарап шығыңыз. Барлығы бір ось, яғни бір сызықтың бойында жату керек. Осының ішінен қайсысы түзу бойынан шығып тұрғанын анықтаңыз.

Дене бітімінің дұрыс емес болу себебі

Дене бітімі тобық, тізе, жамбас, иық буындарына байланысты. Мысалы, балаға дұрыс аяқ киім таңдамасаңыз, ол дұрыс жүрмейді. Табандары өз қызметін атқармайды. Содан ол оның жүрісіне, жүрісі дене бітіміне әсер етеді.

Ал кейде жамбастан болады. Салмақтың бәрі жамбасқа түсу керек. Жамбас бұлшықеттері мықты болады. Ал егер оған күш түсірмесе, бұлшықеттері бүрісіп қалады. Ал салмақ омыртқаға, басқа мүшелерге түседі. Осылайша денені тік ұстау қиындайды.

Дұрыс емес дене бітімі нендей бәлеге әкеледі?

Ол бірінші сырт келбетіңізге әсер етеді. Екінші иек пайда болады, шоқтық өседі, кеудеңіз төмен түсіп, ішіңіз шығады, тіпті аяғыңызда шуда ұлғаяды. Яғни саныңыз жанға қарай өседі.

Ал денсаулығыңызға зияны тіптен көп. Қырлы бұлшықеттер қысқарып, өзіне қажетті қоректі сіңірмейді. Кейіннен протузия, грыжа, остоехондроз, сколиоз сияқты аурулар пайда болады.

Дене бітімін түзететін жаттығулар

Интернеттегі кез келген видео жаттығулар, кеңестерді қайталай бермеңіз. Әр адамның денесі ерекше. Себебі де басқаша болу мүмкін. Омыртқаға зияны тию мүмкін. Сол үшін алдымен кинезиолог мамандармен жолыққан жөн. Ол сіздің бұлшықеттеріңізді тексеріп, мәселе қайдан екенін анықтайды. Сол бойынша кейін жаттығулар орындауға болады.

Алайда еш ағзаға зиян тигізбейтін пайдалы жаттығулар легі бар:

  1. Ол үшін теннис добын алыңыз. Арқамен жарға жабысып тұрыңыз. Алайда жамбасыңыз жарға тимесін. Жартылай тізерлеп отырыңыз. Енді теннис добын арқаға қойыңыз. Допты жауырынмен айналдырып, бұлшықеттерді уқалаңыз. Ауырған жеріңізді доппен жай ұрғылап жіберіңіз. Бірақ омыртқаға тиіп кетпеңіз.
  2. Қазір Blackrole атты массажерлар бар. Соның гантель типтес түрін алсаңыз болады. Ол болмаса, екі теннис добын шұлыққа салып, ортасын байлаңыз. Оны арқаға қоясыз. Blackrole ортасы омыртқада тұру керек. Енді жарға жабысып, отырып тұрыңыз. Ол омыртқа жанында бұлшықеттерге пайдалы.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!