Саяхат

Саяхаттағанда ескеретін жайттар мен лайфхактар

Экскурсияға баруды жоспарлап жүргендерге кеңес

Саяхаттағанда барынша әсерлі және тиімді болғанын қалаймыз. Алайда біз біле бермейтін мән-жайлар бар. Осы лайфхактарды қолданып, естен кетпес экскурсия жасаңыз.

Авиаұшақтар

1. Bilet.ru – осы сайттың көмегімен алдын-ала төлемсіз ұшақ орнын брондап қоюыңызға болады.
2. Priority Pass картасымен 120 елдің 600 аэропортының бизнес залына тегін жолдама алуға құқылысыз. Суға түсу, тамақ тегін.
3. Onetwotrip сайтында VLADIMIR9813 промокоды арқылы билетке немесе отельге 500 рубль немесе 3000 теңгеге жеңілдік беріледі.
4. GateGuru қосымшасы әлемнің аэропорттары туралы ақпарат береді. Банкоматтар қай жерде, дүкендердің орташа бағасы т.б.
5. Ұшаққа мінер алдында немесе мінгенде кофе ішпеңіз. Ол жүрек соғысын жиілетеді. Соның кесірінен үрейіңіз одан сайын күшейеді.
6. Чемодандарыңызды алдын ала пленка арқылы өзіңіз орап алыңыз.

Көрнекі орындар

1. Әлемнің кез келген мұражайында тегін аралауға болатын апта күндері бар. Сол күндерді анықтап алыңыз.
2. Егер Сингапурға не Стамбулға саяхаттасаңыз, тегін экскурсияға жазыла аласыз.
3. Басқа қалаға баратын кезде «1 күнде қаланы шолу» сайтын қарап шығыңыз. Ол сізге қаладағы қызықты жерлерді көрсетеді.
4. Triposo қосымшасы сізге жол сілтеп, саяхаттауға көмектеседі.
5. Food spotting қосымшасы мейрамхана мәзіріндегі атауларды түсінбейтіндерге арналған. Қандай тамақ және ол қалай дайындалатыны көрсетіледі.

Жол жүру

1. Билеттерді түнгі рейске алыңыз. Осы уақытта арзан болады.
2. Әлемдегі ең үздік карта — maps.me
3. MetrO қосымшасында әлемнің барлық метролары көрсетілген.
4. РЖД купе вагондарында 37 және 38 орынды таңдаңыз. Көбіне ол екі адамдық орын болады.
5. Өзіңізге ұнайтын авикомпанияларға тіркеліңіз. Осы арқылы жеңілдіктер науқанын пайдалана аласыз.
6. Currency қосымшасы арқылы әр елдің валюталық курсын біле аласыз. Ол орташа бағаны көрсетеді. Көбіне таксисттер басқа елден келгендерді алдап кетеді. Алданбас үшін орташа бағасын біліп алыңыз.

Өмір сүру

1. Кей хостелдерде жинастырғаныңыз үшін тегін тұра аласыз.
2. Ayda.ru сайтындағы конкурсқа қатысып, Болгарияда 8 күн тегін тұра аласыз.
3. Мальдивтегі ең арзан мекен – Маафуши аралы. Үш жұлдызды отель 48 долларды құрайды.
4. Еуропаның ең арзан қалалары – Бухарест, Киев, Белград, Будапешт, Рига, Варшава
5. Отельдер ұйымдастыратын түрлі жарыстарға қатысыңыз. Тегін жатын орнын ұтып алу мүмкіндігі беріледі.
6. Жағажайдан 2-3 жол алыс тұратын жерлер арзан болады. Көшеде Room for rent деген жазу ұстап алып, тиімді ұсыныстар алыңыз.

Қауіпсіздік

1. Телефоныңыздағы есімдерді ағылшыншаға өзгертіп қойыңыз. Сізге бірдеме болған жағдайда көшедегі адамдар сол арқылы жақындарыңызға хабарласады.
2. Банк карталарын әр жерге сақтаңыз. Біреуін ұрлап кетсе, оны бұғаттап, ақшасын аударып аласыз. Екінші картамен оп-оңай қолданып жүре бересіз.
3. Көлік жалдаған кезде сынған жерлері болса, алдын-ала фотоға түсіріп алыңыз.

Лайфхактар

1. Саяхаттауға жолдама беретін жарыстардың бәріне қатысыңыз.
2. Рио-де Жанейроға барсаңыз, карнавалға қатысыңыз. Түрлі костюм киіп, жақсы көңіл көтересіз.
3. Америка, Тайланд және Гонконгта дүкендердің жабылуына 2 сағат қалғанда, пісірілген жарамдылық мерзімі бар тағамдар жарты бағаға сатылады.
4. Егер қыдырып жүріп, жұмыс істегіңіз келсе, Gransjoy қосымшасын жүктеп алыңыз. Бұл саяхаттаушы жандарға арналған сервис. Тағамдарды, заттарды берілген жерге жеткізеді.
5. Баратын кезде чемоданға зат толтырмаңыз. Себебі шет елде өзіңізге, жақындарыңызға сыйлық алғыңыз келетінін сөзсіз. Жаңа заттарға орын қалдырып қойыңыз.
6. Егер оффлайн аударма керек болса, Яндекс аудармашыны қолданыңыз. Ал Гугл аудармашы жазуларды аударуға қолайлы

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!