Саяхат

Ташкент: саудагер қалаға саяхаттап барсаңыз

Өзбекстанға саяхат

Ташкент – Азиядағы қызық елдердің бірі. Саудасынан бөлек, қыдыратын жерлері де бар. Balbal.kz мотивациялық сайты Өзбекстан астанасына барғысы келетін туристерге ескерететін жайттармен бөліседі.

Қай кезде барған жөн?

Өзбекстанға сапарды көктемде немесе күзде жоспарлаған дұрыс. Күн ыстық емес, бірақ базарларда көптеген жемістер мен көкөністер пайда болатын кездер. Ең тиімдісі – мамыр айы.

Шекара кезіндегі ережелер

Кірген кезде сізге кедендік декларация беріледі. Онда өзіңізбен әкелген заттардың тізімін және әкелген ақшаның сомасын енгізуіңіз керек. Толтырылған декларация елден шыққанға шейін сақталу керек. Кетер кезде сол құжатқа Өзбекстаннан сатып алынған барлық нәрсені көрсетіңіз. Сосын сіздің ақшаңыз есептеле бастайды.

Жатын орын

Әрбір қонақ үй сізге тіркеу туралы түбіртек береді. Оны да кеткенше сақтау керек. Олар кеденде тексеріледі. Қонақүйлерде тіркеусіз тұру мерзімі — 3 күн. Егер Өзбекстанда туыстарыңыз немесе достарыңыз болса, олармен тіркеңіз. Сол кезде бір ай тұра аласыз.

Ташкенттегі қонақ үйлерді RoomGuru-да көруге болады.

Жол жүру

Сіз қаланы автобус, микроавтобус, таксилермен және метро арқылы аралай аласыз. Метроның барлық 29 станциясы бар.

Қалалар арасында ұзақ қашықтыққа арналған автобустар жоқ. Олардың орнына Daewoo Nexia жергілікті таксилер бар. Олар базарларда немесе теміржол станциялары жанында орналасқан.

Жергілікті асханасы

Жергілікті тағамдарды, әрине, Ескі қаладан іздеген жөн. Хош иісті шайханалар мен кафелердің көпшілігі Кукельдаш медресесі мен Чорсу базарында шоғырланған. Мұнда нағыз өзбек кебабы, шаурма, ыстық самсадан дәм татуға болады. Юнус-Абад теннис корттарын да көріңіз. Онда үлкен «Ош маркази» орналасқан («Палау орталығы»). Нағыз өзбек палауы сол жерде болады.

Көрнекі жерлері

Чорсу базары

«Чорсу» шығыс базары — Ташкенттің ең әйгілі және үлкен базары. Мұнда барлығын сатып ала аласыз. Базарда өмір үнемі қарқынмен жүреді, неше түрлі ұлт өкілдерін көре аласыз. Ұлттық пичак пышақтары, тюбетейлер мен ұлттық киімдер бар. Базар дәмдеуіштер, жаңа піскен жемістер, көкөністер мен шығыс тәттілерімен қаныққан.

Мешіттер

Ташкентте мешіттер мен мавзолейлер көп. Барлығы 157 мешіт бар.

Хаст Имам

Чорсу базарына жақын жерде Ташкенттің діни орталығы — Хаст-Имам кешені орналасқан. Хазрети Имам деп те атайды. Мұнда атақты халиф Османның Құраны сақталған. Қабырғалары жарқыраған мозаикалық өрнектермен безендірілген, шығыс күмбездері бар. Кешен 976 жылдан бастап, Ташкенттің алғашқы меценаты Каффал Шаши кесенесі салынған кезде басталды.

Қожа Ахрар Вали мешіті

Қожа Ахрар Вали мешіті 819 жылы ежелгі Ташкент қаласындағы шахристанның ең биік нүктесінде салынды. Мешіт осы уақытқа дейін бірнеше рет қайта құрылып, әртүрлі дәуірлерде қайта қалпына келтірілді. Қазір ескі қала аумағында Чорсу, Хадра және Эски Джува алаңдарымен қоршалған.

Зангиата кесенесі

Әйгілі Зангиата кесенесі Ташкенттен 15 км қашықтықтағы Зангиата ауылында орналасқан. 13-ші ғасырда өмір сүрген мұсылман әулиелерінің бірі Шейх Ай-Қожа мен оның әйелі Амбар Бибі жерленген.

Әмір Темір алаңы

Мұнда «Өзбекстан» қонақ үйі, заң институтының ғимараттары (бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты) орналасқан. Одан бөлек Әмір Темір мұражайы, әйгілі Ташкент Куранты және форумдар сарайы бар.

Тәуелсіздік алаңы

Тәуелсіздік алаңы Ташкент қаласының орталығында орналасқан. Бұл Ташкент тұрғындарының сүйікті демалыс орны. Қаланың ең әдемі субұрқақтары ерекше леп сыйлайды.

Ташкент телемұнарасы

Ташкент телемұнарасы — Орталық Азиядағы ең биік ғимарат. Ташкенттің көрікті жерлерінің бірі. Оның жалпы биіктігі — 375 метр. Телемұнараның құрылысы 1979 жылы басталып, 1981 жылы аяқталды.

Жастарға арналған сауда орындары

Ташкенттегі әйгілі ойын-сауық кешендері «Самарқанд Дарваза», «Мега-Планета», «Континент», «Некст», «Компас», т.б. сауда және демалу үшін қолайлы. Сонымен қатар, қала орталығында «Алай» базары бар, онда сіз бәрін таба аласыз. Жемістер мен көкөністерден бастап, киім-кешектер, кәдесыйлар мен алтынға дейін. Сонымен қатар Ташкентте боулинг, гольф клубы және пейнтболға баруға болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!