Саяхат

Жүйке жүйесі мықты туристерге арналған аймақ

Қорқынышты аймақтар

Жүйке жүйесі мықты туристердің жаны  қызық оқиғаларды қалап тұрады. Қорқынышты аймақтарға саяхаттау ойыңызда бар ма? Balbal.kz мотивациялық сайты ұсынатын мына жерлерге баруға батылыңыз жете ме?

Қаңқа көл (Уттаракханд, Үндістан)

1942 жылы Үндістанның Уттаракханд штатында қорқынышты жағдай орын алды. Шағын аңғардың етегінде теңіз деңгейінен 5029 метр биіктікте жатқан көл болған. Жаз мезгілінде мұз боп қатқан көл кенет ери бастайды. Арнасынан асып, сол аймақты толықтай су басқан. Тілсіз жау талай тағдырды жалмап, тас-талқанын шығарған. Аз уақыттың ішінде көл 500-ден астам қаңқаға толған екен.

Алғашында қаңқа қалдықтары соғыста құлдыққа түскен жапония солдаттарына тиесілі деген нұсқалар айтылды. Алайда экспертиза кезінде бұл жоққа шығарылды. Нәтижесінде қаңқалар б.з 850 жылы пайда болған. Төмен температураға байланысты бұзылмай сақталған.

Әр бас сүйекте терең жарықшалар бар.Тіпті соққы жоғардан болған сияқты. Мүмкін белгілі бір тайпалар салт-дәстүр кезінде ритуалдың әсерінен жаппай қырылған болуы керек. Нұсқа да, сұрақтар да көп.

Өлім алқабы (АҚШ, Калифорния)

Бұл жердің ең танымал геологиялық құбылыстарының бірі — жылжымалы тастардың болуы. Тастар баяу және ешкімнің көмегінсіз Рейстрэк-Плайя көлінен Өлім алқабына қарай қозғалады.

Ғалымдардың пікірі бірнеше топқа бөлінді. Бірі үшін бұл өзге ғаламшарлықтар мен тылсым күштен туындаған құбылыс. Ал екіншісі саяхатшылардың қызығушылығын тудыру үшін жасалған алаяқтардың әрекеті деп санайды.

Кейбір тастардың арасы 200 метр. 2014 жылы тастардың қозғалу механизмін анықтайтын тәжірибе жасалды. Ғалымдар салмағы 5-15 кг болатын бірнеше тасты көлдің түбіне қойып, навигациялық сенсорлармен және камералармен бақылады. Қозғалыстың себептері көбейді. Аязды түндері су түбінде мұздың жұқа қабаты қалыптасады екен. Кейін көлде қалқып, 2-5 м/мин жылдамдықпен тастарды тасымалдап отыратын көрінеді.

Аокигахараа орманы (Жапония)

Фуджи тауының етегінде Акогиахара орманы бар. Жыл сайын мұнда 70-100 мәйіт табылады. Бұл адамдардың өзіне қол салудан әлемдегі екінші орынды иеленген аймақ (Сан-Францискодағы Алтын қақпа көпірінен кейін).

Жергілікті аңыз бойынша бұл орманда жындар мен елестер өмір сүреді. Мұнда ауыр ойлармен және ақымақтықпен келгендер зұлым күштердің әсерінен өздерін өлтіреді. Полиция тіпті «Сіздің өміріңіз — ата-анаңыздың қымбат сыйы» және «Өлуді шешпес бұрын полициямен кеңесіңіз!» деген белгілерді қойған. Бірақ нәтиже жоқ.

Орман аумағы 35 шаршы метрді құрағандықтан адамдардың денесі табыла бермейді. Мәйітті орманнан станцияға апару үшін де тәулік қажет. Қайтыс болған адамның елесі жалғыз қалмас үшін, мәйітті жеткізетін жұмысшы орманда бір түн түнейді.

Саам лабиринті (Карелия, Ресей)

Тас лабиринттері немесе «Саам Вавилоны» Карелияның мистикалық «фишкасына» айналды. Олардың көпшілігі Ақ, Баренц және Балтық теңізінің жағасында шашыраңқы орналасқан. Айтпақшы, Швецияда 300-ден астам, Финляндияда — шамамен 140, Ресейде — 50 данасы бар. Олардың диаметрі 5-тен 30 метрге дейін өзгеруі мүмкін. Күрделілігі – лабиринттен шығатын алты жол бар.

Археологтардың пікірінше, салынған лабиринттердің көпшілігі өлгендерге тікелей байланысты. Олар марқұмның жаны жерлеген орыннан алысқа кетпес үшін салынған.

Әлемде осындай 500-ге жуық тастардан құралған лабиринттері бар. Оларға жиі баратын адамдар осы жерлердің ерекше энергетикалық «аурасы» бар екенін айтады.

Дарбаза (Түрікменстан)

Жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар бұл жерді «Тозақ қақпасы» деп атайды.

1971 жылы ғалымдар осы жерде табиғи газдың жинақталғанын анықтады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде мамандар жердің асты бос екеніне көз жеткізді. Нәтижесінде жер бөлініп, газбен толтырылған үлкен тесік пайда болған.

Осы аймаққа саяхаттап келетін туристер бар. Олар диаметрі 60 метрді құрайтын лаулап тұрған кратер 40 жыл бойы жануын тоқтатпағанын айтады. Бұл жерді фантастикалық туындыға ұқсатады. Саяхатшылар осы оттың ыстығын сезіну үшін жақындайды. Түркіменстан президенті Ниязов бір кезеңдері «қақпаларды» жауып тастауды бұйырды. Бірақ табиғи газ таусылмайынша бұл мүмкін емес. Қақпа қай уақытқа дейін жанатыны құпия болып қала береді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!