Табыс

Алмас Әбдіғаппаров: Махаббатсыз жасалған іс көңіл қуантпайды

Үздік ресторатордың табысқа жету құпиясы

Алмас Әбдіғаппаров — «Esentai City – қала ішіндегі қала» атты заманауи форматтағы тұрғын үй кешені идеясының авторы. Ол «Parmigiano Group» ресторан желілерінің негізін қалаушы. Кәсіпкердің ресторан саласындағы  тарихы «Parmigano Ristorante Italiano» ресторанынан бастау алады. Ал, кәсіпкердің аталмыш ресторанды ашуына  тағамға деген үлкен махаббаты түрткі болған.

«Тағамға деген махаббат табысты кәсіпке жол ашты»⠀ ⠀

«Мен көп елдерде болдым. Әлбетте, сыртта жүргенде тамақтанатын жақсы жерлерді іздейсің. Мен Мәскеудің, Лондонның және тағы да басқа көптеген еуропалық қалалардың ресторандарынан дәм таттым. Осыдан кейін менің көкейімде сұрақ туындады. Неге жақсы ресторандар шет елдерде көп те, біздің елде жоқ? 2009 жылдары Алматыда еуропалық мәдениетке сай тамақ ішетін орындар жоқтың-қасы болатын. Ресторан ашу идеясы осылай келді. Басында бәрі белгісіз болды. Көп ойланбай, толық бітпеген үйді жалға алып, ойлаған ісімді бастап кеттім. Бүгінде сол ескі, аяқсыз үйдің орнында көріп отырғандарыңыз «Parmigiano» рестораны»

🔸 «Кәсіпте табысқа жеткің келсе, пайда алып келетін емес, жүрегің қалайтын іспен айналыс» 

Бүгінде «Parmigiano Ristorante Italiano», «Crudo Steakhouse», «East Pan-Asian Restaurant», «Olivier Restaurant & Bar», бар «Бармаглот», «S.N.e.G Hotel & Restaurant» кешендерінің иесі Алмас Әбдіғаппаров кәсіпте табысқа жетудің бірнеше құпиясымен бөлісті.

«Егер, шынайы қуаныш әкелетін іспен айналыссаң, онда сен үшін ешқандай шектеу де, шекара да жоқ. Көпшілік адамның тұлғалық дамуы, жеке өмірдегі және жұмыстағы жетістік көрсеткіші тікелей айналысатын ісіне байланысты. Егер өзің қаламаған іспен айналыссаң, алдыңнан кедергілер жиі шығады.

Махаббатсыз жасалған істің нәтижесі де көңіл қуантпайды»

🔸 « Мақсатың айқын болса, қиындықтардан оңай жол табасың»

Үздік ресторатордың тұжырымынша, кез келген істі бастамас бұрын алдыңа анық мақсат қойып, сол мақсатқа аз-аздан, бірақ, үздіксіз жүріп отырған жөн. Егер, мақсатың анық, айқын болса,  тау қопарып, белесті бағындыруың анағұрлым оңай болмақ. ⠀

🔸 «Артық нәрсеге бас қатырма»

Алмас мырза кәсіпте табысқа жетудің маңызды белестерінің бірі ретінде  артық ойдан арылып, қажетті нәрсеге зейін бұруға шақырады. Кезінде өзі де барлық нәрсені бақылауда ұстауға тырысқан. Уақыт өте келе артық нәрсені арнайы мамандарға тапсырып, кез келген нәрсеге уайымдап, бас ауыртпауға дағдыланғанын жасырмады. ⠀

🔸 «Кедергілерден қорықпа!»

«Кәсіпте жетістікке жету үшін эмоционалды тұрғыдан мықты болу керек. Бизнес бірде шыңға шығарады, енді бірде еңіске құлдилатады. Бастысы күйзеліске түсуден сақтану керек. Адам визуалды түрде жеңіске жеткенін, кедергілер мен бөгеттерден шыққанын елестетіп дағдылануы керек.

Біздің миымыз жұмыстан емес, артық ойлар мен бос уайымнан шаршайды.

Психологиялық және эмоционалды ойлардың әсерінен мидың жұмысын әлсіретіп алмау керек.  Жұмыстан паника емес, ләззат алып үйренейік», — дейді кәсіпкер. ⠀

Дайындаған: Айгерім Тәттіғалиева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!