Amazon компаниясы – әлемдегі ең ірі интернет-сауда алаңы. Күніне төрт миллион тауар жеткізіліп, гаджеттер, киім-кешектер, тұрмыстық химиялардың және т.б. 350 миллион моделі ұсынылады. 2014 жылдан бастап Amazon компаниясының құны 180 миллиардтан 350 миллиард долларға дейін өскен. Негізін салушы Джефф Безос 2014 жылдағы санақ бойынша әлемдегі ең ауқатты адам ретінде саналды.
Джефф Безостың балалық шағы
Джеффри Престон Безос 1964 жылы Американың Нью-Мексико штатындағы Альбукерке қаласында дүниеге келді. Безос кішкене кезден технологияға деген қызығушылығын танытты. Мектептен кейін ол үйден бұрағыш іздеп, көп нәрсені бөлшектеп, қайта жинайтын болған. Сол кезден бастап ол фольга мен қолшатырдан жасалған күн батареясы, ескі оятқыштан шыққан есік қоңырауы және басқа да заттар тапқан. Кейін әкесі оған тәжірибелер жасау үшін сарай жалдады. Осы тәжірибе бөлмесінде ол өз қолымен жел диірмені, кішкене комбайн, тырнағыш трактор жасап шығарды.
Мектепті бітіргеннен кейін Джефф Принстон университетінің физика факультетіндегі электронды өлшеу құралдары және информатика бөліміне түседі. 1986 жылы оны қызыл дипломмен және «Phi Beta Kappa» академиялық қоғамының ерекше белгісімен сәтті бітірді.
Джефф Безостың университетке түсуі оның өміріне күтпеген өзгерістер әкелді. Себебі физика заңдарын одан да жақсы білетін адамдардың барын біледі. Сондықтан Джефф компьютерлік программалар мәселелеріне назар аударуды жөн көрді. Бұл салада бәсекелестіктің аздығы және мамандарға деген сұраныстың жоғары екендігі байқалды.
Джефф Безос мансабы қалай басталды?
1994 жылдың басында Безос Уолл-стритте әртүрлі қызметте істеді. Ол халықаралық сауда желісін дамытумен айналысты, содан кейін «D. E. Shaw & Co» компаниясының вице-президенті болды. Қызметте Безос Интернет-бизнес бөліміне жауап берді. Интернет-бизнес 90-жылдардың басында АҚШ-та енді дами бастаған бағыт болатын. Джефф бұл құбылысты өзінің бастығымен талқылады және екеуі де бір күні интернет-дүкен пайда болатынына сенеді. Безос бұл туралы неғұрлым көп ойлаған сайын идеяға құмартты.
«Егер бұл тәуекелге бармасам, өмір бойы өкінер едім…»
1994 жылдың аяғында жұмыстан шығып, жұбайымен бірге Сиэтл қаласына көшіп кетті. Жаңа қалаға жаңа мақсатпен келген Джефф Безостың идеясы – кез-келген өнімді сататын интернет-дүкен құру болды. Алғашында оған көп қиындықтар кездесті: шектеулі бюджет, нарықты нашар түсінуі және қаржылық сауаттылықтың аздығы, инвесторлардың болмауы. Бірінші аптадан банкротқа ұшырамас үшін Безос қарапайым дүниелерді қолға алды. Ол интернетте жақсы сатылатын өнімдердің 20 санатын анықтады. Оған компьютерлік бағдарламалар, фильмдер, музыка, кеңсе тауарлары сияқты заттар кірген.
Осылайша ол саудасын кітап сатудан бастады. Кітапты сату жеңіл әрі жеткізу оңай болатын. Оларды кімнен сатып алғаны адамдар үшін аса маңызды емес болды. Интернеттегі таңдау қарапайым кітап дүкенінен қарағанда молырақ болғаны маңызды рөл ойнады.
«Amazon» атауы
Джефф Безос Сиэтлде «Кадабрра» атты компанияны тіркеді. Бұл сиқырлы «аббракадабрра» сөзіне байланыстырып қойған атауы еді. Бірақ ол атау сәтсіз болды, себебі «кадавер» («өлі дене») сөзіне ұқсас болды. Екінші нұсқа – Relentless («қатыгез») атауы. Бірақ кәсіпкердің достары бұл атау құлаққа түрпидей естілетінін айтты. Relentless.com мекенжайы әлі күнге дейін Безоста тіркелген. Егер сіз бұл атауды браузерге енгізсеңіз, Amazon.com сайтына тап боласыз.
Жаңа идеяларды іздеуде Джефф Оксфорд сөздігінен Amazonka сөзін кездестірді. «Иә, әлемдегі ең үлкен өзен, Джеффтің дүкені де ең үлкен болу керек» деп армандайды кәсіпкер. Сонымен қатар «а» әрпінен басталады, онлайн-каталогтардан бірінші шығып, аудиторияны тартуға оңай болады деп тұжырымдады. Amazon.com 1994 жылы қарашада тіркеліп, 1995 жылы Интернетте жарқ етті.
Amazon-ның алғашқы қадамы
1995 жылғы 3 сәуірде сайттағы алғашқы кітап – бағдарламалық құрал сатылды. Содан кейін Amazon миллиондаған кітап атауы бар үлкен дерекқор жасады. Джеффтің өзінде ешқандай кітап болмаған: оған тапсырыс түскен соң ол оффлайн-дүкендерден тауар алдыратын болған.
Кейін тапсырыстар ағыны көбейе бастаған кезде бес адамды жұмысқа алып, күндіз компьютерде өтініштерді өңдеп отырды. Кешке қоймаға тауарларды қабылдауға және оларды компания қораптарына салуға міндеттеді. Сол кезде Безос қатал бастық ретінде танымал болды.
Amazon-ның танылуына не әсер етті?
Amazon дүкені туралы Yahoo! іздеу жүйесінің басты бетінде көрсетілген кезде клиенттер ағыла бастады. Екі ай ішінде сатылым 20 000 долларға дейін өскен. Джефф үнемі тапсырыс қабылдауға және өңдеуге жаңа қызметкерлерді жалдауға мәжбүр болды. Серверлерді жақсартуға және сайтты жаңартуға алғашқы инвесторлар 1 миллион доллар берген. Бұл Amazon-ға лайықты деңгейге көрінуге мүмкіндік берді. Жобаның өміршеңді болатындығы түсінікті болды.
Тек кітап сатумен шектелмеді…
Кейін компания тек кітаптарды ғана емес, сонымен қатар DVD — музыканы сатумен айналысты. Біріншіден, тек баспа материалдарын сату аудиторияны тарылтады. Екіншіден, Amazon танымал кітап тізбектерімен соттаса бастады. Өйткені бәсекелестер «дүкен» деген сөзден кінә тауып, Amazon дүкен емес, жай сатып алып, оны кейін сататын брокер екендігіне сендірді. Безос дүкендерге аз мөлшерде ақша төлеп, мәселені соттан тыс шешті.
1998-2000 жылдары сайтта ойыншықтар мен электроника секциялары ашылды.
2003 жылы компанияның жеке IT орталығы, содан кейін Amazon.Prime ең белсенді клиенттерге және Пэрис Хилтоннің зергерлік бұйымдарын сатуға арналған қызметі ашылды.
Amazon компаниясы Twitch-тің онлайн-ағындық қызметін ұсынды, 300 миллион долларға IMDB (АҚШ-тағы Кинопоиск) аудиосын сатып алды және Kindle оқырманының алғашқы гаджетін іске қосты.
2009 жылы Amazon 1,2 миллиард долларға Zappos.com-ның ең ірі интернет-аяқ киім және киім дүкендерін сатып алды.
Джефф Безос қазір Америкадағы ең ірі газет «Вашингтон Постты» иеленеді.
Қазіргі таңда компания әлемдік экономиканың үлкен бөлігіне айналды. Америкадағы әрбір үшінші онлайн-сауда amazon.com сайтында жасалады. Интернет-дүкендердің әрбір екінші клиенті алдымен Amazon-ға барып, ондағы тауарлардың бағасын тексереді.
Дайындаған: Скендирова Қырмызы