Табыс

Қаржыны үнемдеу жолдары

Қаржыны үнемдеу дәл қазір аса маңызды

Қаржыны мереке алдында және өзге жағдайларды үнемдеу жолдарын білген жөн. Бұл артық шығын мен қаржылық қажеттілік мәселесін тудырмауға көмектеседі. Қаржылық-экономикалық дағдарыс халықты қатты қыспаққа алды. Кейбірі бұл дағдарыспен жеңіл күрессе, енді бірі қиындыққа тап болады. Қаржыны үнемдеу тәсілдерін игеру сізге де күресті жеңілдетуге көмектеседі.

Ақшаның есебін жүргізуді үйреніңіз

Барлығымыз үшін қаржылық есеп жүргізу тиімді. Әр күннің соңында жеке күнделік немесе дәптерге шығындарды жазып отырыңыз. Бүгінгі таңда мұндай есептерге арналған түрлі қосымшалар бар. Шығындарды жазу арқылы күнделікті қажеттіліктерге кететін қаржы мөлшерін есептейсіз. Керек емес заттарға жіберілген қаржының мөлшерін шығарасыз. Осылайша неден бас тарту керектігін анықтауға мүмкіндік аласыз.

Шығыныңызды жоспарлаңыз

Әр айдың басында қажетті заттарға кететін шығынды есептеңіз. Бос қалған ақшаны кейінірек пайда болатын шығындарға қалдырып қойыңыз. Соңында қанша ақшаның қалып, қаншасы құртылатынын көресіз.

Несие және несие карталарынан бас тартыңыз

Егер қарызыңыз болса, кіріс пен шығысты дұрыс есептей алмайсыз. Қалтаңызда несие картасының болуы жағдайды тек нашарлатады. Керексіз заттарды сатып алып, өз қаржыңызды басқара алмайсыз.

Жинақ сандықша ашыңыз

Бала кезімізде барлығымыз жинақ сандықша бастайтын едік. Бұл жинақ түрі әлі күнге дейін жұмыс жасайды. Артық ақшаны бір ортаға жинай отырып, оны басқаруға мүмкіндік аласыз.

Жеңілдіктер мен жаппай сатылымдарды бақылаңыз

Жеңілдікпен тұрған тауарды сатып алу – ақшаны үнемдеудің тиімді жолы. Олардың өткізілетін уақытын алдын ала біліп алыңыз. Өзіңіздегі қаржының бір бөлігін сақтап қойыңыз. Алайда жеңілдікті күтемін деп сапасыз тауарға ұрынып қалмаңыз. Олардың дайындалу уақыты мен сапасын да бақылауда ұстаған жөн.

Зиянды әдеттен қаржыны үнемдеңіз

Бұл тек қаржыңызды үнемдемейді. Өз денсаулығыңызды күтуіңізге де мүмкіндік береді. Мысалы шылым шегуден бас тарту қомақты қаржыны үнемдейді.

Тұрғын үйдегі үнем

Өз үйіңіздегі су мен жылудың есебін жасаңыз. Бос бөлмедегі жарықты сөндіріп жүріңіз. Қуат үнемдейтін лампаларды алуды ұмытпаңыз. Сонымен қатар кір жуғыш көлік неғұрлым толса, соғұрлым қуат пен суды аз жұмсайды. Тоңазытқышқа ыстықтай қойылған тамақ оның жұмысын қиындатады. Демек тоқ көзін көбірек қолданады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!