Табыс

Аз қаражат қажет ететін сұранысы бар бизнес идеялар

Аз қаражат талап ететін тренд бизнес идеялар

Аз қаражат жұмсап кәсіп ашу барлығымыздың мақсатымыз. Алайда кәсіптің қай саласында жұмыс істеп, қанша қаражаттың қажет болатынын  білмейміз. Balbal.kz сайты аз қаражатпен ашуға болатын кәсіп түрлерінің тізімін дайындады.

Офистерге түскі ас тасымалдау

Бұл бизнес идеяның негізі – үйден дәмді ас дайындап, оны офистерге, жұмыс орындарына жеткізу. Бұндай қызмет түрі фастфуд өнімдерінің орынын баса алады. Бұндай кәсіпті ашу үшін минималды қаражат көлемі 100 000 теңгені құрайды. Бұл қаражаттың өзін ақтауы да аз уақытты қажет етеді. Бұл идеяның артықшылығы – сіздің жұмысыңыздың шегі болмайды, түрлі кәсіпорындар, офис жұмысшыларымен жұмыс істей беруге болады.

Қала ішінде жаяу экскурссия жасау

Егер сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздің тарихымен қызықсаңыз, қала жайлы түрлі аңыз әңгімелерді біліп, адамдармен тез қарым-қатынас орната алсаңыз жаяу экскурссия жасау идеясын қолға алыңыз. Бұл өзге кәсіптер арасындағы қаражатты ең қажет ететін идея. Автобуспен қаланы аралауға қарағанда, жаяу экскурссия қала тарихы мен оның тыныс-тіршілігіне енуге көмектеседі. Сізден талап етілетіні – дұрыс бағыт пен жақсы сценарий. Бұл саланы қолға алсаңыз, оны кішігірім спектакль түрінде өткізуді де қарастыра жүріңіз.

Қызықты бизибордтар дайындау

Бизибордтар – 1-5 жас аралығындағы балаларға арналған танымдық ойыншықтар. Олар тақта түрінде, стенд және модульдер түрінде болуы мүмкін. Бала онда бекітілген заттарды айналдырып, ашып, қағып немесе байлап жұмыс істей алады. Бизибордтар қазіргі уақытта үлкен танымалдылыққа ие. Оны жасауға қажетті қаражат мөлшері өте төмен. Ал оны сіз 300 пайыз үстемемен сата аласыз.

Гүл немесе жеміс себеттерін дайындау

Бұл кәсіп айтарлықтай қаражатты қажет етпейді. Сізде флористтің немесе әрлеушінің қабілеті болса болғаны. Дұрыс жарнама мен таныстырылым жұмыстың сәтті жүруіне әсер етеді. Артықшылығы – сіз ғаламтор арқылы кең ассортиментті дүкен аша аласыз. Өнімді тапсырыс түскеннен кейін де дайындай бересіз. Сыйлықты түрлі жұмсақ ойыншықтар, тәттілер немесе өзге заттармен толықтыра аласыз.

Ғылыми шоу ұйымдастыру

Ғылыми шоу ұйымдастыру балаларға арналған кештер мен концерттердің бір форматы болып табылады. Бұл шоуларда басты кейіпкер рөлін ғалым ойнайды. Ол балаларға химиялық, физикалық тәжірибелер жасап көрсетеді. Бұндай шоу ұйымдастыруға 300-400 мың теңге көлеміндегі қаражат қажет. Қиындығы сценарий құрастыруда ғана.

Авто-күтуші қызметі

ХХІ ғасырда көпшілік ата-аналардың уақыты болмайды. Олардың баласын мектепке жеткізетін жеке адамның қажеттілігі туындайды. Бұл кәсіптің негізі – баланы үйден жеке автокөлікпен жүргізуші мен күтуші алып кетеді. Оны мектепке немесе бала-бақшаға, түрлі үйірмелерге апарып, алып қайтады. Артықшылығы – тұрақты тұтынушылар мен қосымша табыс таба алу мүмкіндігі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close