Табыс

Бай адамдардың 12 әдеті

Бай адамға айналу үшін әдеттеріңізді өзгертіңіз

Бай болу оңай, тек ол үшін бірнеше әрекетті әдетке айналдырыңыз. Күнделікті жұмысқа бару, үйге келу, теледидар көру барлық қарапайым жұмыскерлердің әдеті. Ал бай және жетістікке жеткен жандардың әдеттері қандай? Balbal.kz мотивациялық сайты өмірді өзгертуге сеп болатын әдеттерді тізіп шықты.

Қателіктен қорықпаңыз

Ешкімді күтпеңіз және шешім қабылдауға асығыңыз. Тез шешім қабылдап үйреніңіз. Қателіктерден қорықпаңыз. Қателіктерді өз пайдаңызға асырыңыз, бұл ешнәрсе істемегеннен жақсы. Ойыңызға идея келсе, іске асырыңыз. Мүмкіндікті күтпеңіз, мүмкіндікті жасаңыз.

«Құл» болмаңыз

Өзгеге емес, өзіңізге қызмет етіңіз. «Құл» болғыңыз келмесе, өз қызығушылықтарыңызға жұмыс жасаңыз. Сүйген ісіңізбен айналысу жұмыс істеу дегенді білдірмейтінін ұғыныңыз.

Биікке ұмтылыңыз

Алдыға биік мақсаттарды қойыңыз. Айына 5000 мың доллар табыс табамын деп мақсат етіңіз. Одан аз болмасын. Себебі қаншалықты биікті аңсасаңыз, соншалықты тез көтерілесіз.

Жеңімпаздармен аралысыңыз

Жан-жағыңызды жақсы адамдарға толтырыңыз. Тек жақсы адамдар емес, жеңімпаздар болсын. Өзіңізге пайда әкелмейтін адамдардан аулақ болыңыз. Өмірлік тәжірибесі көп адамдармен араласыңыз, олардың тәжірибесін өзіңізге сіңіріңіз.

Пассив табыс табыңыз

Пассивті табыс көзін іздеңіз. Себебі табыс табу үшін барлық уақытта сіздің тікелей қатысуыңыз маңызды емес, тек табыс көзін дәл тапсаңыз болғаны.

Биографияларды зерттеңіз

Өзге бай адамдар мен кәсіпкерлердің өмірі мен жетістіктерін зерттеңіз. Солар секілді ойлауға тырысыңыз. Олардың жетістігінің сыры неде екенін іздеп көріңіз. Ғаламтордан және жеке биографияларға құрылған кітаптарды көптеп оқыңыз.

Өзіңізді мақтаңыз

Өзіңізді мақтаңыз. Бұл өзіңізге деген сенімділік пен өз бағаңызды көтереді. Қателіктер үшін өзіңізді жазғырмаңыз.

Бәрін қағазға түсіріңіз

Күнделік бастаңыз. Ойыңызға келген идеяларды жазып отырыңыз. Барлық жетістіктеріңіз, сәтсіздіктеріңіз бен жеңілістеріңізді қағазға түсіріңіз. Бұның барлығы сіздің тәжірибеңіз. Күнделікте бос бет болмауы тиіс. 1 ай алдыға толтырып қойыңыз. Сонымен қатар жазылған іс-әрекеттердің орындалуын қадағалаңыз.

Инвестиция жасаңыз

Инвестиция жасауды ұмытпаңыз. Бірақ бұл салада қателік жасамауға тырысыңыз. Барлық уақытта оң жағы мен теріс жақтарын салыстырып жүріңіз. Ақпарат жинаудан жалықпаңыз, бүге-шүгесіне дейін зерттеп алыңыз. Жасалған тәуекел өзін ақтауы тиіс.

Сұрақ қойыңыз

Өзіңізге сұрақ қоюдан жалықпаңыз. «Мен кіммін?», «Мен неге ерекшемін?», «1 миллион долларым болса, қайда жаратамын?» секілді сұрақтарды қойып тұрыңыз. Өзіңіздің күшіңіз бен ойыңызды бір жерге шоғырландырыңыз. Ал өзіңіздің сұрақтарыңызға жауап беру оған көмектеспей қоймайды.

Армансыз өмір сүрмеңіз

Армандауды ұмытпаңыз. Арман – басты қозғаушы күш. Армандаңыз және армандарыңыздың орындалатынына сеніңіз. Бірақ қиялға ерік беруден аулақ болыңыз. Қиял орындалуды талап етпейді. Адам армандауды қойған кезде алға ұмтылуы да тоқтайды

Кедейлікпен күресіңіз

Берілмеңіз. Ешқашан берілу жайлы ойды ойламаңыз. Алға ұмтылыңыз, дамыңыз, өзіңізді жетілдіру үстінде болыңыз. Кедейлікпен күресіңіз. Кедейлік – кез келген жанның жауы. Бұл күресті жеңгендер ғана жетістікке жетеді.

Дайындаған Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!