Табыс

Бен Кауфман: Quirky компаниясының құрылу тарихы

Бен Кауфман құрған компания – Quirky

Бен Кауфман Quirky компаниясын 2009 жылы құрған және осы уақытқа дейін 90 миллион доллар инвестиция тартқан. 2012 жылы компания 150 миллион долларға бағаланған болатын. Жас кәсіпкердің еңбегі үшін өте жақсы нәтиже.

Компания жұмыс істеген уақыттан бастап 120 инновациялық жоба дайындап үлгерген. Жалпы сатылым мөлшері 2,3 миллиард дананы құрайды. Жалпы сатылым нүктелері АҚШ және Еуропада орналасқан. Жекелей сату нарығында компанияның 95 пайыз тауарлары сатылады. Ал директорлар кеңесі өз сату желісін құруды қолға алған. Себебі бұл аз шығынды қажет етіп, көбірек пайда алып келеді.

Бен Кауфман: бәрі неден бастау алды?

Ол өзінің кәсібін мектеп кезінде бастаған. Сабақ үстінде музыка тыңдағанды ұнатқан ол құлаққаптың тоқтарын жасырып тұратын бауды ойлап табуды қолға алады. Оның бұл бастамасына ата-анасы көмектеседі.

Оның анасы Минди Кауфман Беннен бизнес жоспар құруын талап еткен. Бұдан кейін ата-анасы жобаның дамуына 190 000 доллар қаражат берген.

Мектепті бітіруіне бір апта қалғанда Бен Қытайдағы өндірушілерге жол тартады. Сауда және маркетингтен хабары жоқ бала Шэньчжен зауытына барады. Осы кезде құлаққаптан бөлек Айподқа арналған қаптарды шығаруды қолға алады. Бұл жобасына 500 000 доллар инвестиция бөлінеді. 20 жасында кәсіпкер бұл жобасын тастауға мәжбүр болады.

«Quirky»: Бен Кауфман өмірінің жаңа кезеңі

Өзінің алғашқы жобасынан қол үзгенімен, ол үлкен тәжірибе жинайды және жаңа жоба бастауға оның қаражаты жеткілікті еді. Ол жаңа онлайн топ құруына үш жыл уақытын жібереді. Осылайша, «Quirky» дүниеге келеді. Мамандардың пікірінше компания осы қарқынмен жылжыса, оның бағасы 1 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін.

Бейсенбі. Кешкі уақыт. «Quirky» компаниясының штаб пәтері. Барлық қызық осы жерде өтеді. Себебі жиналған қауым компанияның жаңа өнімін тамашалай алады. Кез келген адам келіп, тауарға өз бағасын беруге мүмкіндігі бар. Қарапайым қара жейде киген Бен Кауфман өз өнер туындысын баршаға таныстырады. Бұл процесті «бағалау» деп атап кеткен. Ұсынылатын тауар кез келген нәрсе болуы мүмкін. Алдымен оны жалпы талқыға салады, одан кейін дауыс беру басталады. Ерекше кәсіптің бар сыры да осы. Бұл әдіс өте тиімді Өйткені тауар сатылымға түспей тұрып болашақ тұтынушылардың бағасын алады.

Кәсібі мен клиентіне бағытталған осындай ерекше қарым-қатынас «Quirky» компаниясын жетістікке жеткізді.

«Quirky» компаниясының ерекшелігі қандай?

«Quirky» неше түрлі идеяларды іске асыратын компания. Компания ұраны – «Quirky-мен жасалған, ал шабыт беруші сіз».

Мысалы:

Pivot Power – бұл ұзартқыш. Оның басты артықшылығы – иілгіштігі.

Quirky өнімдері
Pivot power @www.katevallon.com/pivot-power

Crates – бұл сүт бөтелкелерінің жәшігінен жасалған шағын жиһаз. Оны үйдің кез келген жеріне орналастыруға болады.

Бен Кауфман компаниясы
Crates @Quirky`s youtube channel

Silo – дәнді дақылдарды сақтауға арналған ыдыс. Артықшылығы себілген дақылдардың мөлшерін бақылауға болады.

Бен Кауфман
Silo @Quirky`s youtube channel

Travelstacks – түрлі ұсақ-түйек заттарды салуға арналған қорапша. Оны көліктің қол қойғышына қыстырып қоюға болады.

 

Бен Кауфман
Crates @amazon.com

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close