Табыс

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың үздік бестігі

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың кәдеңізге жарар сәті туды

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың сізге қажеті бар ма? Ұялы телефоныңызға қандай қосымшалар жүктелген? 

Қазіргі таңда кез келген жұмысты қосымшалармен басқарып отыруға болады. Қандай жұмыс түрі болмасын арнайы жоспар құруды талап етеді. Сол себепті біз әр кәсіпкерге қажет қосымшалардың тізімін ұсынамыз.

1. Evernote

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың үздік бестігі
Evernote қосымшасы

Күн сайын маңызды ақпараттарды жазып отыруға арналған күнделік. Кәсіпкерлердің көпшілігі осы қосымшамен жұмыс істейді. Мәтіндік жазбалар мен тапсырмалар тізімдері, қажетті хабарламалар мен топтық жұмысқа арналған платформаларды қосымшадан табуға болады.Сондай-ақ, фотосуреттер мен аудио жазбаларды тіркеуге, қолжазбаларды жүктей аласыз. Қосымшаны пайдалану ыңғайлы және оны тез түсініп алуға болады.

 2. Trello

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың үздік бестігі
Trello қосымшасы

Бұл органайзермен өз ісіңізді немесе тұтас бөлімнің жұмысын үйлестіруге болады. Қосымшада барлығы оңай: әр сала бойынша міндетті түрде орындалуы керек күн сайынғы жоспар жазылған тақташа жасалады. Жауапты қызметкерлер бекітіледі және тапсырмалардың орындалу мерзімін өздері қояды. Егер дедлайн уақыты өтіп кетсе, қызметкер ескертпе-хабарлама алады. Бұл қосымша кәсіпкерлерге белгіленген уақыт бойынша жұмыс істеуге көмектеседі.

3. Everypost

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың үздік бестігі
Everypost қосымшасы

Өз бизнесін әлеуметтік желілерде жүргізетіндер үшін таптырмас қосымша. Ал бір емес бірнеше әлеуметтік желіні жүргізетін болсаңыз, оның қаншалықты қиын шаруа екенін жақсы білетін боларсыз? Ал Everypost-тың көмегімен жазбаларды бірден бірнеше әлеуметтік желіге жүктеуге болады. Кейбір жарияланымдарды кейінге қалдыру үшін таймердің көмегін пайдалана аласыз. Сонымен қатар танымал хэштегтерді, тиісті беттерді іздеп табуға мүмкіндік мол. Қосымшаның бір ғана кемшілігі – тек ағылшын тілінде ғана жүргізіледі.

4.Time Doctor

Бизнеске қажетті мобильді қосымшалардың үздік бестігі
Time Doctor қосымшасы

Егер қызметкерлеріңіз жұмыс уақытын қаншалықты тиімді өткізіп жатқанын, яғни жоспарланған шаруаларды қалай атқаратынын білгіңіз келсе, Time Doctor қосымшасын жүктеп алыңыз. Бұл бағдарлама қызметкерлердің жұмыс орнында қанша уақыт өткізетінін, қандай ресурстар мен сайттарға кіретінін, қойылған міндеттер бойынша қанша уақыт жұмыс істейтінін бақылауға мүмкіндік береді. Әрине бұл этикаға жатпайды, бірақ тиімді. Еңбек өнімділігінің бірден жоғарылауы, кідірістердің азаюы, жеке қызметкерлер мен бүкіл бөлімнің жақсы жұмыс істеуі тәжірибе барысында анықталған.

5. CamScanner

cam-scanner
cam-scanner қосымшасы

Үнемі визиткаларды жоғалтып қоятындар үшін виртуалды визитка сақтағышты жасауға болады. Визиткалардан бөлек маңызды келісім-шарттарды ұялы телефонның жадына жүктей аласыз. Немесе барлық қажетті және жиі қолданылатын құжаттарды бір папкаға жинақтауға мүмкіндік қарастырылған. Сканерленген файлдарды, визиткаларды, құжаттарды, беттерді телефонда сақтауға немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Егер қосымша сіздің компанияңызда танымал болса, қызметкерлер үшін бөлісуге арналған ортақ пайдалану тетігін іске қоса аласыз.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close