Табыс

Болат Өтемұратов немесе ең бай қазақ

Болат Өтемұратовтың биографиясы

Болат Өтемұратов – миллиардер, кәсіпкер, қоғам қайраткері, Қазақстан теннис федерациясының президенті. Ол ITF (Халықаралық теннис федерациясы) директорлар кеңесінің мүшесі.

Кәсіпкердің дәулеті Forbes мәліметіне сәйкес 2019 жылдың мамырында 3,4 млрд АҚШ долларын құраған.

Болат Өтемұратовтың өмірбаяны

Болат Өтемұратов 1957 жылы 13 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. Қызылордағы № 3 мектепте білім алды. Алматы халық шаруашылығы институтының экономист мамандығын тәмамдаған.

Жұбайы Ажар Әбжәмиқызы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды бітірген. Үлкен ұлы Әлидар Өтемұратов «Ограбление по-казахски», «Сиситай» фильмдерінің продюсері. Кіші ұлы Әнуар Болатұлы – «QSR» ЖШС директоры. 15 жастағы Динарда есімді қызы бар.

ЖОО аяқтағаннан кейін Болат Өтемұратов Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы болып қызмет атқарған. Алматы сауда басқармасы жүйесінде жұмыс істеген. Сонымен қатар Кеңес аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.

Кәсіпкерлік өмірінің басталуы

Болат Жамитұлы өзінің кәсіптік қызметін 1995 жылы бастаған. Ол Алматыда қаржы-сауда орталығын құрды. Кәсіпкердің негізгі серіктесі бизнесмен Нұрлан Смағұлов есімді азамат.

Қаржы қызметін ұсынатын банктер

Болашақ миллиардердің алғашқы ірі жобасы «АТФ Банк» компаниясы еді. Оны кәсіпкер Италияның UniCredit Group компаниясына сату арқылы көлемді қаржы тапты.

2009 жылы қаржы қызметін ұсынатын банктерді құрды. Ол Қазақстандағы алғашқы микрокредиттік банк –  Кassa Nova  және бизнеске арналған банк – ForteBank. 2014 жылы Альянс Банк пен Темір банк акцияларын сатып алады. Сосын оларды ForteBank құрамына енгізеді.

Фаст-фуд желісіндегі бизнесі

Болат Өтемұратовтың фаст-фуд желісі де бар. «Burger King» миллиардер сатып алған франшизамен жұмыс істеп жатыр.

«Верный капитал» компаниясы 

Компания informburo.kz  интернет-порталы ,«31 арна» медиахолдингі, шетелдегі Ritz-Carlton қонақ үйлеріне иелік етеді. Қоржынында жалпы сомасы $4 млрд-қа бағаланатын 16 жоба бар.  Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline операторлық қызметін басқарады.

Теннис

2007 жылы Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Ол ITF Директорлар кеңесінің және Дэвис Кубогы комитетінің құрамына кірді. Қазақстанда теннисті дамытудағы жетістіктері үшін федерация сыйлықтарымен марапатталды.

Жақсылық қылсаң, жасыр

2014 жылы Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры құрылды. Ол Fest спорттық-музыкалық қайырымдылық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Фестиваль өткізілген жеті жылы ішінде 1 млрд теңге жиналды. Қаражат балалар медициналық мекемелерін, перинаталдық және оңалту орталықтарын жарақтандыруға жұмсалды.

Қор білім беру, мәдениет, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккендерді қолдау, мұқтаждарға тұрғын үй салу саласындағы жобаларды іске асыруға 6 млрд теңге жұмсады.

Дайындаған: Сымбат Әмір

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!