Табыс

Дөнер кафесін ашу: неден бастаймыз, қалай іске асырамыз

Дөнер киоскісін ашуға неше теңге керек?

Дөнер кафесі – жастар көп баратын орындардың бірі. Ол бизнесті енді ашқысы келетін жандар үшін қолжетімді. Назарларыңызға дөнер кафесін ашудың артықшылығы мен кемшілігі, ескеретін жайттар және шығын мөлшерін ұсынамыз.

Артықшылығы мен кемшілігі

Қолжетімді баға. Мектеп оқушысы да, асығыс бизнесмен де бұл фаст-фудты сатып ала алады.

Тиімділік. Шикізат бағасы минималды болғандықтан, пайда көп түседі.

Сұраныс. Тіпті ірі экономикалық дағдарыстар дөнер сатушыларды баса алмады. Карантин кезінде олардың клиенттерінің саны тіпті өсті. Өйткені адамдар қымбат мейрамханалар мен кафелерден бас тартып, дөнерді алып кеткен.

Салыстырмалы түрде бастапқы капитал арзан. Дөнер, хот-дог, т.б фастфудтарды сату үшін бір сауда нүктесі мен пісіретін жабдықтар жеткілікті.

Бизнесті жүргізу жеңіл. Кеңейту үшін басқа жерден дәл осындай орындар ашсаңыз болады. Одан бөлек бизнеске көп жалдамалы жұмысшы керек емес. Алғашында өзіңіз дөнерді дайындай аласыз, есептеуді де өзіңіз жүргізсеңіз болады.

Кемшілігі:

Қатал нормативті талаптар: Тамақ дайындауға рұқсат алу, тексерістер, дүңгіршекте бизнес жүргізуге рұқсат алу, т.б.

Бәсекелестік үлкен;

Алайда бұл кемшіліктерді айналып өтуге болады. Ол үшін белгілі ережелер мен санитарлық тазалықты ұстансаңыз жеткілікті.

Дөнер бизнесінде нені ескеру керек?

Бизнес форматы: кафенің бейнесі

Кәсіпорынды ашуға кіріспес бұрын оның форматын таңдау керек. Кейінгі әрекеттер соған байланысты. Дөнер бизнесінің үш негізгі түрі бар:

Дүңгіршек. Фаст-фуд өнімдерін, дөнер сататын кішкентай орын. Оған аз ғана инвестиция кетеді. Нақты клиентураға сатасыз.

Фургон. Негізі фургон сияқты доңғалақты киоскілерлермен сату көп жерде заңдастырылмаған. Бірақ киоск есебінде жұмыс істей береді. Мерекелер мен іс-шаралар кезінде фургон тиімді. Халық көп жерге уақытша барып сатуыңызға болады.

Кафе немесе тез тамақтану мейрамханасы. Мұндай мекемелер сәл ауқатты аудиторияға арналған. Салыстырмалы түрде үлкен мәзір, өзгеше қоспа және сапалы қызметімен ерекшеленеді. Сәйкесінше кететін шығын да көбірек.

Мәзір дайындау

Мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін ескере отырып, дұрыс мәзір ұсыныңыз. Мысалы 10 мыңға жуық тұрғыны тұратын қала типтегі ауданда ерекше қоспасы бар фаст-фудтан гөрі қарапайым дөнерге сұраныс көп болады. Ал ірі қалаларда мәзірге өзіңіздің стиліңізді айқындайтын ерекше нәрселер керек. Сонымен мегаполис тұрғындарын қарапайым нәрсемен таңғалдыра алмайсыз.

Мәзірде кем дегенде бір вегетариандық дөнер болу керек.  Әрине сусындар мен басқа да ұсақ заттарды ұмытпаңыз.

Дөнер кафесін қай жерден ашамыз?

Кафені адам көп жүретін жерде ашқан дұрыс. Бұл  қаланың қақ ортасында орналасу керек дегенді білдірмейді, көптеген ірі облыс орталықтарында осындай дүңгіршекке рұқсат алу мүмкін емес.

Көбіне ірі көлік айырбастау маңында, қоғамдық көлік жүретін жерлерде, сауда орталықтары немесе ірі өндірістік нысандар, университеттер немесе кеңсе ғимараттарының жанында тиімді жұмыс істей алады.

Бәсекелестік

Бұл жағдайда ең алдымен бәсекелес мекемелер бар ма, соны ескеріңіз. Егер сіз таңдаған жерде басқа да асханалар болса, жұмыстарын саралаңыз. Егер үнемі кезек толып тұрса, онда сол жерде кәсіпорын ашу ешкімге зиян тигізбейді. Керісінше пайдалы болады. Бәсекелестіктен басқа факторларды да ескеру қажет. Осындай жерде жұмыс істеу құқығының шығындары, таңдалған жердегі клиенттер, т.б.

Шығын/кіріс: қанша теңгемен бастаймыз

Дөнер бизнесін бастау үшін сізге мынадай жабдықтар қажет:

  • Газды немесе электр грилі
  • Грильге арналған қосалқы қыздырғыштар жиынтығы
  • Кең тоңазытқыш.

Дөнер дайындауға арналған ет, көкөністер, дәмдеуіштер мен лавашты алдымен базардан немесе көтерме азық-түлік дүкендерінен сатып алуға болады. Сіз тікелей жеткізушілердің жеке базасын құрып, олармен үнемі жұмыс істеуіңіз керек. Арзан бағамен түсіріп аласыз, сонымен қатар олардың сапасына сенімді боласыз.

Дөнер бизнесін ашу үшін сізге 250-300 мың рубль қажет болады, оның ішінде:

  • Жабдықтар — 40 мың рубль (233 000 теңге);
  • 4 айдағы өнімнің құны — 30 мың рубль (175 000 теңге);
  • Дүңгіршекті 4 айға жалға алу — 60 мың рубль (350 000 теңге);
  • Мемлекеттік баж салығы — 60 мың рубль(350 000);
  • 4 айдағы коммуналдық төлемдер — 40 мың рубль (233 000 теңге);
  • Сатушылардың 4 айдағы жалақысы — 40 мың рубль (233 000 теңге);
  • Күтілмеген шығындар (өндірістік тәуекелдер) — 60 мың рубль (350 000 теңге).

Бағалар нақты емес, шамамен осындай болады.

10-12 сағаттық жұмыс күнінде 100 порцияны сатуға болады. Бір дөнер шамамен 600-700 теңге. Яғни, ай сайынғы табысы 800 мың теңге болса, таза пайда 350 мың теңгені құрайды. 4-5 айдан кейін сіз өзіңіздің инвестицияңызды толық өтейсіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!