Миллионер

Джефф Безостың өмірлік ұстанымдары

Джефф Безостың 2018 жылы әлемнің ең бай адамы атанғанын білесіз бе?

Джефф Безостың бүкіл әлемге әйгілі Аmazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы және сол компанияның иесі екенін білеміз. Сондай-ақ Blue Origin аэроғарыштық корпорацияның, The Washington Post баспа үйінің иесі. Джефф Безос 2018 жылдың қараша айында 100,3 млрд доллар иеленген әлемдегі ең бай адам атанды. Кәсіпкердің бойында жақсы қасиеттер өте көп. Ендеше, Джефф Безостың өмірдің түрлі салаларына арналған 10 қағидасымен таныс болайық.

Бизнес туралы

Бизнесте  көп қойылатын сұрақтың бірі: «неге?». Бұл әрине жақсы сұрақ, бірақ әлдеқайда дұрысырағы: «неге болмасқа?».

Болашақ туралы

Біз болашаққа сай болуымыз керек. Сенің айнаңдағы әлем өзгергенде, бүкіл әлем саған қарсы шыққанда не істеу керектігіңізді түсінуіңіз керек. Сіз тек шағымдану арқылы қиындықтан шыға алмайсыз.

Кітаптар туралы

Кітаптарды қызықты ету үшін оған видеолар мен анимацияларды қосудың керегі жоқ. Олай етсеңіз, білім алуды емес, алаңдауды үйренесіз.

Тұтыну туралы

Тұтынушылық — шын мәнінде адам өмірін жақсартпайтын заттарды сатып алуға итермелейді. Әсіресе, банкке бара жатып «саяхаттап келу үшін несие алыңыз» деген жарнаманы көрсем қатты ренжимін. Бұл зұлымдықпен тең.

Сын туралы

Егер сіз өмірде сәтті дүние жасайтын болсаңыз, сізге міндетті түрде сын артылады. Егер сынды көтере алмасаңыз, ештеме жасамағаныңыз жөн.

Инновация туралы

Менің ойымша, инновация үшін жаман кезең жоқ. Алайда, сізге оны жасау үшін қолайлы уақыт керек.

Интернет туралы

Бүгінгі интернет — Херлидің 1908 жылғы кір жуғыш машинасының деңгейінде. Бұл біздің қазіргі жағдайымыз. Біз 1908 жылдамыз.

Сөз бостандығы туралы

Біздің мәдени жағдайымыз адамдарға жағымсыз сөздерді айтуға рұқсат береді. Оның бізге ұнауы шарт емес. Біз оларды кешкі асқа шақырмасақ та болады. Бірақ оларға мұны айтуға рұқсат беруіміз керек.

Ғарышты игеру туралы

Ұлы индустия ешқашан жеке компания болып құрылған жоқ. Ал ғарышта жеңімпаздар үшін орын жетеді.

Пайда туралы

Сіз есепті 15 түрлі тәсілмен жүргізуіңіз мүмкін, бірақ әр санаған сайын бағаны түсірмеуіңіз керек. Себебі аз ақша алуыңыз ғажап емес. Бұл осы тоқсанның да, осы жылдың да есебі бойынша солай. Бірақ алдағы 10 жылдықта олай бола қоймас. Табыстың сатылым жиілігін өсіргенде — сатылым бөлігін клиенттер сізден емес, басқалардан алады.

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!