Табыс

Маңызды ақпаратты есте сақтаудың 10 жолы

  1. Телефонмен сөйлескен кезде екінші адам айтқан маңызды ақпаратты қағазға жазып алыңыз. Оның ішінде күн, уақыт, сан, кісі есімдері болуы мүмкін. Егер іс үлкен жауапкершілікті талап ететін болса, телефонмен сөйлесіп болған соң естігеніңізді хат етіп, қайта жіберіңіз. Бұл ақпаратты ұмытпау үшін және қателік жібемеудің бірден-бір жолы.
  2. Әріптестеріңіздің, бір салада жұмыс істейін кісілердің нөмірін міндетті түрде телефоныңызға сақтап қойыңыз. Бөлек телефон кітапшасын немесе бөлек аккаунт арнасаңыз да артық болмайды.
  3. Мотивацияңызды жоғалтпай, бастаған істі соңына дейін жеткізу үшін хабарландыру жасаңыз. Бұл жауапкершілікті арттырып, алға ұмылуыңызға себеп болады.
  4. Ойыңызға келген барлық идеяны жазып отырыңыз. Қағазға түспеген ой ештеңе білдірмейді. Тез ұмытылып кетеді.
  5. Сұлулықты түсініп үйреніңіз. Мүмкіндігіңіз жеткенше көрме, музей, көрсетілімдерге барыңыз. Сұлулықты түсінген адам сұлу дүниелерді жасайды.
  6. Дәл қазір барлық жобаңызға backup жасаңыз. Құжаттарды жоғалтып алмас үшін көшірмесін жасап қойған дұрыс.
  7. Ағылшын тілін қаншалықты білесіз? Әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілінде сөйлейтін кісімен дос болыңыз. Ол сізге қажет сөздер мен сөз тіркестерін жаттауға көмектеседі. Тілді білетін адаммен тұрақты хат алмасып отырыңыз.
  8. Күніңіздің 15 минутын жаңа дүниені тануға жұмсаңыз. Ол сіз бұрын соңды қолданбаған қызмет немесе жаңа өнім болуы мүмкін. Көріңіз. Танысыңыз.
  9.  Әр жарты жыл сайын өзіңіз үшін жаңа дүниемен айналысыңыз: сурет салу, жүгіру, билеу, жүзу, жапон тілін үйрену. Көкжиегіңізді кеңейтіңіз.
  10. Іскерлік қарым-қатынаста жеке поштаңызбен жұмыс істемеңіз. Бұл кәсіби деңгейіңіздің төмен екенін көрсетеді. Жұмыстың аккаунтын пайдаланыңыз.
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close