Миллионер

Олег Хусаенов: Дағдарыс кезінде бизнесті сақтап қалу жолдары

Беларуссиялық кәсіпкер Олег Хусаеновтың бизнес жайлы кеңестерімен танысыңыздар

Олег Хусаенов – беларуссиялық кәсіпкер, «Зубр Капитал» инвестициялық компаниясының және «Атлант-М» автодилерінің негізін салушы. Қазіргі уақытта Беларуссияның ірі бизнесмендерінің бірі. Олег Хусаенов Ресейлік миллиардерлердің тізіміне де кіреді. Беларуссиялық кәсіпкер Олег Хусаенов өз өмірлік тәжірибесінен мысал келтіре отырып, пандемия кезінде бизнесті сақтап қалу жөнінде бірнеше кеңестер берді.

Дағдарыстан шығуға арналған бірнеше ереже

Барлық дағдарыстардың басталу себебі мен қорытындысы бірдей. Адамдар байбалам салады. Дүкеннен сауда жасауды тоқтатады. Сәйкесінше компаниялардың саудасы тоқтайды. Кәсіпкер шығынды өтеуге кіріседі. Экономикалық процесстер тоқтайды. Дағдарыс орнайды.

Дағдарыстан шығу үшін кәсіпкер бірнеше ережені ұстану керек. Олар:

  • Байбалам салмау. Пандемия кезінде түрлі теріс пікір айтушылардың саны көбейеді. Олардың сөзіне ермеген дұрыс. Кәсіпкер алға жылжудың амалын іздеуі керек;
  • Командамен шынайы болыңыз. Пандемия уақытында бизнесті ұстап қалушылар – сіздің командаңыз. Қандай жағдай болмасын бәріне қарсы жүретін қызметкерлер компанияны алға жетелейді. Мұндай қарым-қатынас орнауы үшін командаңызбен шынайы сөйлесіңіз.

«Атлант М» Кейсі

2008 жылғы дағдарыс орнағанда, мен «Атлант М» автомобиль холдингінің директоры едім. 2009 жылы барлық қарыздарды өтеу қажеттілігі туындады. Сол үшін жанымдағы командаммен барлық 38 орталықты араладым. Жұмысшылармен кездестім. Алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын айттым. Дайындалу қажеттігін түсіндірдім.

  • Дағдарыс – шағын компанияларға өсуге берілген мүмкіндік. 1998 жылы «Атлант М» компаниясы дағдарысты ірі мемлекеттік компания атану жолында қолданды. Дағдарыс кезінде барлық мемлекеттік мекемелер шығынға батып жатты. Ал біздің жас компаниямыз алға озып шықты.
  • Коронавирус кезінде бизнес иесі мына жайларды бақылауда ұстауы керек:
    1. Қаржы жағдайын бақылау
    2. Клиенттерге зейін қою
    3. Қызметкерлермен жұмыс
    4. Стратегияны жоспарлау

Қаржыны қалай бақылауда ұстаған дұрыс?

Пандемия уақытында алдымен компания балансына назар аудару керек. Дағдарыстан аман шығу үшін кредиторлық қарыздар дебиторлық қарыздан көп болғаны жөн. Сонымен қатар барлық қаржы бірдей валютада болғаны дұрыс.

Одан соң валюталық айырбас процесстерін жасамаңыз. Кәсіпкерлердің көпшілігі ақша бағамындағы өзгерістерден кейін валютаны ауыстыруға асығады. Алайда валюта бағамы қайта төмендейтіні сөзсіз. Сонымен қатар сіз жалақыны және өзге де шығындарды өз еліңіздің валютасында төлейсіз. Осындай жағдайда сізге ақша қажет болуы мүмкін.

Командамен қалай жұмыс істеу керек?

Дағдарыс кезінде сыйақыны қысқартыңыз. Егер әлеуметтік жобалар мен оқытуға қажетті қаржыны азайтыңыз. Сонымен қатар жалақының жеке жоспарын жасаңыз. Барлық жағдайды сараптаңыз. Бәлкім сізге компанияның шығынын қалыпта ұстау үшін жұмысшылар жалақысын азайтуыңыз керек шығар?

«Шагрендік тері» Кейсі

2014 жылғы дағдарыс кезінде «Атлант-М» компаниясында «Шагрендік тері» атты жұмысшыларға арналған жоспарды жасадық. Ол бойынша жалақы Бальзактың романындағы шагрендік тері секілді азайып немесе өсіп отыратын. Ал бұл тікелей компанияның жағдайына байланысты болды. Біз қызметкерлерге таңдау ұсындық. Жұмысшылар санын қысқартпаймыз. Бірақ жалақыны азайтамыз немесе жалақыны сол күйінде қалады. Бірақ жұмысшылар саны қысқарады.

Шағын және орта бизнеске кеңес

Барлығы сіздің стратегияңызға байланысты. Назарды клиенттерге қойыңыз. Өйткені ірі компаниялар дағдарыс уақытында клиенттеріне аз назар аударады. Олардың бұдан да маңызды жұмыстары бар. Компаниядағы тепе-теңдік, акционерлер алдындағы есеп және қызметкерлерді ұстап тұру. Осыны пайдалану керек. Шағын және орта бизнес иелері тұрақты клиенттер базасын жасауына болады. Сонымен қатар жұмысшыларды қысқарту қажеттілігі туындаған кезде 30%-дан артық жұмысшыны қысқартпаңыз. Себебі әрбір жұмысшы сіздің компанияңыздың бір бөлшегін өзімен бірге алып кетеді. Ал мұны қайта қалпына келтіру ұзақ уақытты қажет етеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!