Таным

Гафур Рахимов AIBA президенті болып сайланды

Отандасымыз Серік Қонақбаев жеңіліс тапты

Мәскеуде өткен Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) кезекті конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша осыған дейін бұл қызметті уақытша атқарып келген Гафур Рахимов жеңіске жетті.

Оның қарсыласы болған отандасымыз Серік Қонақбаев конгресс нәтижесіне қатысты өз пікірін білдірді:

— Бокстың олимпиадалық спорт түрі ретінде қарыштап дамуы үшін барымды саламын. Бұл әлі бастамасы ғана. 1-раунд аяқталды. Енді «2-раунд» басталады. Мені қолдаған барша қазақ еліне, Алаш азаматтарына алғысым шексіз.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті егер Ғафур Рақымов AIBA президенті болып тағайындалған жағдайда бокс Токио Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алынып тасталуы ықтимал деп мәлімдеген еді. Алайда, әзірге бұған қатысты жаңалық жоқ. Гафур Рахимовтың сөзіне сенсек, бокс Олимпиада бағдарламасында қалатын сияқты.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close