Біліп жүр

Ата-баба синдромы – әулетіңізді зерттеуге себеп

Ата-баба синдромы деген не?

Ата-баба синдромы – әке-шеше, ата-бабаның өмірінде белгілі бір кезеңде орын алған оқиғаның, бастан өткен қиындықтың, ауру-сырқаудың келесі ұрпақта қайталануы. Міне, осындай шешімге француз ғалымы, отбасылық психотерапевт, психодрамма маманы Анн Шутценбергер келеді.

Анн Шутценбергер

Анн Анселин Шутценбергер 1919 – 2018 жылдар аралығында өмір сүрген психология ғылымдарының докторы. Ол сонымен қатар халықаралық топтық психотерапия қауымдастығының негізін қалаушы.

Анн Париж университетін математика, философия және құқықтану саласы бойынша тәмамдаған. Алайда фашистік оккупацияға қарсы тұру үшін пәлсапаны тастап, психологияны зерттей бастады.

1970 жылы ол қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеу және олардың отбасымен жұмыс істеу үшін қосымша шаралар тәжірибесін енгізді. 1985 жылы соңғы сатыдағы онкологиялық науқастармен жұмыс істей бастады (кейбір науқастар әлі де тірі).

Шутценбергер психотерапия туралы оннан астам кітаптың авторы. Дегенмен «Ата-баба синдромы» теориясы қалың жұртшылықтың назарын Аннға ерекше аудартты.

 Ата-баба синдромы

Кітап 1998 жылы 15 басылыммен француз тілінде шықты. Орыс тілінде 2001 жылы жарық көрді және содан бері екі рет қайта жарияланды.

Шутценбергер өзінің зерттеуінде геноциограмма әдісін дамытады: отбасылық байланыстарды ғана емес, психикалық және физикалық жарақаттың ұрпақтан-ұрпаққа «берілуін» де ескеретін тектік ұғым. Оның зерттеулері ата-бабаны танудың маңыздылығын терең түсіндіреді.

«Франсуа Дольто: «Ата-ананың бойында жасырынған жара баланың денесінде көрінісі табады» деген екен».

«Әлеуметтік атом дегеніміз – субъектінің «жеке әлемін» құрайтын адамдар: оның отбасы, достары, туыстары, көршілері, жұмыстағы әріптестері, ол жақсы көретін немесе жек көретін адамдар. Олар қазір тірі ма, жоқ па, маңызды емес»

Ата-баба синдромына ұшырағандар

Ата-бабасы репрессияға кеткен ұрпақтардың бойында белгілі бір жасқа келгенде отбасыдан ажырауға бейімділік пайда болады екен. Кезінде ақын Артуюр Рэмбода осы гендік синдром көрініс тапқан. Ол 6 жасқа толған кезінде әкесі отбасын тастап кетеді. Одан 100 жыл кейін шегінетін болсақ, бабасы да әкесін осы жасқа толғанда қалдырып кеткен екен. Артюур Рэмбо да анасын, үйін тастап аз өмірін қашқындықпен өткізгенін білеміз.

Эрнест Хэмингуейдің өзіне қол жұмсауының астарында «тек ауруы» жатыр. Оның әкесі де өзін-өзі өлтірген. Кейін Хэмингуейдің інісі Лестер, немересі Маргоның да суицид жасаған.

Холокосттан аман қалған кісілердің балалары да ата-аналарына қарағанда постжарақат синдромынан (жарақаттан кейінгі жағдай) үш есе қиналған.

Ата-баба синдромын қалай зерттейді?

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу конфигурациясы 3-5 текпен анықталады. Қазақта жеті атамен есептейтін болса, бұл методика бес атадан әрі бармайды. Отбасы синдромы арқылы жалғасқан ауру, жазатайым жағдай, сәтсіздіктердің себебін анықтауға болады. Автор психогенеалогия немесе геносоциограмма әдісін аурумен күресу үшін қолданады.

Шутценбергердің айтуынша, терапевт пациенттің жағдайын, оның сөзін тыңдаған  кезде мәселенің түйіні оның отбасында екенін түсінуі керек. Сосын соған пациенттің көзін жеткізуі шарт.

Ата-баба синдромын қалай анықтаймыз?

Мади Алдабергенов – ата-баба синдромы бойынша ем жүргізетін дәрігер-неврапатолог. Бұл процесс қалай жүзеге асатынын білу үшін маманның кеңесіне жүгіндік:

Мади Алдабергенов:

Ең алдымен геносоциограмма (генограмма) жасаймыз. Бұл бірнеше ұрпақ өкілдері жайлы ақпаратты сызба түрінде көрсету дегенді білдіреді. Алдыма келген пациентке бірнеше сұрақ қойып отырып сызба сызуды бастаймыз. Сосын әке-шешесіне, ата-әжесіне қатысты ақпарат жинаймын.

Геносоциограмма жасау үшін мына ақпараттар керек:

ата-баба синдромы
Геносоциограмма @Balbal.kz

Отбасы мүшелерінің жас мөлшері;

Есімдерін, тектерін өзгерткендері;

Немен ауырғандары;

Алкологизм не наркоманияға душар болулары;

Бас бостандығынан айырылуы;

Шетелге көшіп кетуі, жер аударылуы;

Дүниеге келген және қайтыс болған жылдары;

Қайтыс болу себептері;

Үйленген жылдары;

Отбасыдағы бала саны;

Некенің ұзақтығы;

Ажырасу кезіндегі балалардың жас шамасы;

Кей туысқандардың жоғалып кетуі, қайтыс болуына байланысты аңыз-әңгімелер;

Аборт, баланың түсіп қалуы.

Ең қызығы, геносоциограмма деген терминге қарап мұны күрделі ғылыми теория деп ойлауымыз мүмкін. Шетелдіктерге бұл таңсы дүние болғанымен қазақ мұны ерте кезде білген. Біздің шежіреміз – геносоциограмманың дәл өзі. Ал қазір біз шежіре жасауды ұмытқандықтан ата-баба синдромына ұшырадық.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!