Таным

Бизнес басылым Forbes жайлы не білеміз?

Forbes журналы туралы

Бизнес басылым немесе бизнес десе,  Forbes тізімін қоса айтамыз. Журнал тек рейтинг шығармайды. Сол үшін Balbal.kz мотивациялық сайты Forbes журналы туралы ақпарат беруді жөн санады.

Forbes қандай басылым?

Forbes — Американың қаржы-экономикалық журналы, әлемге абыройлы және әйгілі басылым. 1917 жылы Берти Сарл Форбстың бастамасымен жарық көрді.

Журналдың ұстанымы: «Капиталистердің құралы»

Штаб-пәтері Нью Йорк орталығында орналасқан. Бас редакторы — Берти Форбстың немересі Стив, баспагер — Ричард Карлгаард.

Форбста жиі жарияланатын жаңалықтар:

Сәтті басталған жобалардың тарихы мен олар ұсынатын тауарлар;

Сәтсіз жобалардың тарихы және себебі;

Табысты кәсіпкерлердің өмірі мен қызметі;

Бизнес саласында орын алған ірі оқиғаларды зерттеу;

Әлемнің ең бай адамдарының тізімі;

Шоу бизнес өкілдерінің қалтасындағы ақшасын есептеу;

Кіріс және шығыс;

Бизнес-сиқыр.

Forbes журналының деңгейі

Форбс аудиториясы жағынан 6500 данамен шығатын «Bloomberg Businessweek» басылымынан кейін екінші орынды иеленеді.

Журналдың әр санында ірі компаниялар,олардың басшысы, жетекшісі жайлы 60 аналитикалық мақала жарық көреді. Форбс басылымының аудиториясы әлем бойынша 6,3 миллион адамды құрайды.

Forbes қалай танылды?

Ерекше танымалдылыққа табысты адамдардың тізімі мен рейтинг жасау арқылы қол жеткізді. Бұл процесс 1918 жылы басталды, бірінші рет 30 америкалық байлардың есімдері жарияланды. Ең алғашқы рейтингтің көшбасшысы жағдайы 1,2 миллиард долларға бағаланған Джон Рокфеллер болды.

Оқырманды қызықтырған Форбс басылымының тізімдері:

1.Әлем миллиардерлері — 1987 жылдан бастап шығарылды;

2.Форбс 400 – АҚШ тың ең бай адамдары (1987 жылдан бастап);

3.Форбс 2000 — әлем бойынша кірісі жоғары атақты компаниялар;

4.Форбс 500 – АҚШ-тың табысты компаниялары.

Forbes журналының таралуы

Бүгінде 70 мемлекетте 26 тілде 40 жергілікті нұсқасы шығарылады. Бұл мемлекеттердің қатарына Ресей, Польша, Германия, Қазақстан, Эстония, Япония, Бразилия, Корея, Қытай, Украина енеді.

Қызықты деректер

1.Соңғы 30 жыл ішінде 5 адам ғана ғаламшардағы ең бай адам атағын иемденді.  Билл Гейтс соңғы 22 жылда 17-орында тұрақтады.

2.2016-жылы Форбс тізіміне енген 66 миллиардер 40 жасқа толмаған кәсіпкерлер.

3.Александр Андресен Форбс тізіміндегі 19 жастағы алғашқы миллиардер. Оның әпкесі Катарина Андресен — 20 жасында миллиардер атанған екінші адам.

4.Ең бай адамдардың тізіміне қосылған кәсіпкер-әйел Чжоу Цуньфей. 5,9 миллиард долларды құрайтын байлықтың иесі. Lens Technology компаниясының 88% акциясы тиесілі. Бұл компания Apple және Samsung-тың ұялы телефондары мен платшеттеріне арналған әйнек қаптарды өндіреді.

5.Соңғы 12 жылда Марк Цукерберг жеке капиталына 11,2 миллиард долларды жинақтаған. Басты себеп — Facebook акциясы 35%-ға өсті.

6.Дағдарыстың себебінен биыл Форбс тізімінен 221 миллиардер алынып тасталды.

7.Уоррен Баффет — тізімдегі үшінші орынды иеленген бай адам. Алайда оның Berkshire Hathaway компаниясындағы акциясы 14%-ға төмендеп, ол 11,9 миллиард долларын жоғалтып алған.

8.Рейтингте мұрагерлік жолмен байлыққа қол жеткізіп, миллиардер атанған 10 ғана әйел бар.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!