Таным

Бизнеске банкті қалай таңдау керек

Банк таңдағанда ескеретін жайттар

Бизнеске банк таңдау кезінде кәсіпкер бірнеше факторға назар аударуы тиіс. Себебі банк бағалы қағаздермен жұмыс, ақша аударымы секілді маңызды бөлімдерге жауап береді. Банкті қалай таңдау керек? Balbal.kz сайты бірнеше критерийлерді назарыңызға ұсынады.

Сенімділік

Банк таңдау барысында бағдарламасында салымды сақтандыру жүйесі болуына назар аударыңыз. Ол өз жұмысын тоқтатқанымен, сақтандыру негізінде ақшаңызды қайтарып ала аласыз.

Банк таңдау кезінде алғашқы ондық немесе жүздікке енетін банктерге де сенім артуға болмайды. Себебі кез келген жағдайда лицензиядан айырылып қалуы мүмкін. Егер банкте қомақты қаржы сақтамайтын болсаңыз, сақтандыру жүйесіне назар салыңыз. Ал есепшотыңызда 5 миллион теңгеден көп қаржы сақталатын болса, Ұлттық банктің талаптарына көз жүгіртіп шығыңыз. Банк барлық талапқа сай болып, қаржылық қиындық көрмесе, қатер де төмен болады.

Қызмет ақысы

Әдетте банктерде есепшот ашу тегін. Бірақ қызмет көрсету ақылы негізде жүреді. Кейбір банктер қызмет ақысын бірден сұрайды. Ал кейбірінде бизнестің түріне қарай әр түрлі тарифтер ұсынады. Мұнда өз қажеттілігіңізге қараңыз. Егер қаржыны үнемдегіңіз келсе, қызмет ақысы төмен мөлшердегі банкті таңдаңыз.

Бизнесті жүргізуге арналған сервистер

Бизнес түріне немесе көлеміне қарай кейбір банктер сізге бизнесті дамытуға арналған стандартты жиынтықты ұсынады. Ал кейбірі сервистер жүйесін ұсынуы мүмкін.

Банктерде сервис ақылы не ақысыз түрде болады. Мұндай сервиске қаржылық сараптама, электронды құжат жинау, бухгалтерия, құжат айналымы секілді қызмет түрлері кіреді. Егер бұларды өзіңіз жасайтын болсаңыз, көп уақытты қажет етеді. Қандай жағдай болмасын, осы қызметтер топталған сервисі бар банкті іздеңіз.

Қаржының жеткілікті болуы

Кез келген банктің жеке қоры болады. Клиенттер несиесін өтемеген жағдайдың өзінде банк жеке қаржысы арқылы шығынды толтыра алуы керек.

 Тарифті есептеу

Сіздің кәсібіңіздегі ақша айналымы 500-750 000 теңге аралығында болса, қызмет ақысын есептеңіз. Егер бұл сомма 10 000 теңгеден асса, ысырап деп есептей беріңіз. Кәсіпкерлердің көбі тариф қымбат болса, соншалықты жақсы деп ойлайды. Бірақ бұл қате пікір. Себебі жұмыс сапасы қызмет ақысымен есептелінбейді. Үлкен банктерде шығын мөлшері үлкен. Олар мұны қымбат тариф арқылы қайтаруды көздейді. Демек, тариф бағасы банктің үлкен-кіші болуымен байланысты.

Қызмет сапасын тексеру

Банктің қызмет көрсету сапасы төмен болса, көп уақытты жоғалтасыз. Банкке бару, қызметкермен сөзге келу, айыппұл төлеу секілді артық мәселеге тап боласыз. Сол үшін банкке салым жасамас бұрын қызмет сапасын тексеріп алыңыз. Банктің бөлімшелер санына назар аударудың қажеті жоқ. Сонымен қатар жергілікті банкке де иық тіремеңіз..

Алдымен таныстарыңыздан сұрастырыңыз. Банк жайлы ғаламтордағы пікірлерге көз жүгіртіңіз. Банкке қоңырау шалыңыз. Қоңырау барысында мынаған назар аударасыз:

  • Қоңырау уақыты;
  • Мәселені шешу уақыты;
  • Сөйлеу әдебі.

Қоңырау уақыты ұзақ болса, кейін де бұл мәселе алдыңыздан шығады. Қызметкерге сұрақты көбірек қойыңыз. Сіздің сұрағыңызға қаншалықты жылдам жауап бере алғанына көңіл бөліңіз. Бұған уақытыңызды аямағыныңыз дұрыс.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!