Біліп жүр

Бизнесті дамытуға көмектесетін онлайн-сервистер

Бизнесті дамытуға барыңызды салыңыз!

Бизнесті дамыту үшін қазіргі таңда технологияны білген артық етпейді. Себебі жарнаманың бизнес әлемінде алар орны ерекше. Жаңа онлайн-сервистер бизнесіңізді алға басуына, уақытыңызды жоспарлауға көмектеседі. Balbal.kz мотивациялық сайты бизнесті дамытуға көмектесетін онлайн-сервистер топтамасын ұсынады.

Wix

Визитка-сайт, интернет-дүкен, форум не блог ашуға көмектесетін ең атақты құрылғылардың бірі. Ешқандай бағдарламалаудың қажеті жоқ, бәрі үлгі арқылы көрсетілген. Оған өз әлеуметтік желілеріңізді байлап қоя аласыз және телефон нөмір, пошталарыңызды қосып қоясыз.

Жеке доменіңіз болған кезде бұл құрылғыны қолдану үшін тегін. Ал ақылы тарифтер айына 123 рубльден (615 теңге) басталады.

SMMplanner

SMM мамандары мен әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы сервис. Бос уақытыңызда постты жазып, уақытылы кезекпе-кезек соны жариялап отырады. Сол арқылы уақытыңызды үнемдей аласыз.

Бір апта демо-нұсқасын қолданғаннан кейін ары қарай қолдану құны аптасына шамамен 450 рубль (2250 теңге).

Babkee

Медиа өкілдері мен маркетологтар үшін таптырмас құрал. Бұл арқылы өз компанияңыздың жоспарын жаса қойып, бақталастарыңыздың бизнесін бақылай аласыз. Жарнаманың қаншалықты нәтиже бергенін көресіз. Сайттағы пікірлерді сараламай-ақ, осы бір құралдың көмегімен компания беделін асыруға жұмыс жасай аласыз.

Seopult

Интернет-маркетингті дамытуға көмектеседі. Контекстті жарнама, сайт рейтингі, контент-маркетинг және компания жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Алғашында демо версиясын қолданып көрсеңіз болады. Ал ары қарай сатып аламын десеңіз, соммасы 2000 рубльден (1000 теңге) басталады.

Canva

Ашықхат, визит карталары, баннер, т.б. жасайтын онлайн құрылғы. Тегін аккаунт арқылы 8000-нан аса үлгілерін көре аласыз. Дизайнды сақтап алу үшін 1 гб беріледі. Ал ақылы платформада одан көп нұсқалар болады. Ақысы айына 13$ (4550 теңге).

Logaster

Логотип шығаратын онлайн-сервис. Графикалық дизайн жасаудан хабарыңыз болмаса да лого жасап шыға аласыз. Сервиспен жұмыс істеу 15-20 минутты алады. Логотиптен бөлек компанияға қатысты визит карталарын жасауға болады. Сайтта логотиптерге арналған 200-ден аса идея мен кеңестер бар.

Сервис көмегімен кішкентай көлемдегі логотиптерді жазып аласыз. Ал ірі көлемде жазып алу үшін 600 рубльден (3000 теңге) басталатын сомманы төлеу қажет.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!