Біліп жүр

Ұшқын Жамалбек «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің саундтрегін жазды

Музыкалық клип Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген

Толықметрлі анимациялық «Мұзбалақ» фильмінің саундтрегі жарыққа шықты. Туындының әуені мен сөзін жас талант Ұшқын Жамалбек жазып, өзі орындап шыққан. Сонымен қатар, әннің музыкалық әрлеуіне этно-фольклорлы «Қазсақ» тобы да қатысқан. 

– Мен мультфильмді көріп, керемет әсер алдым. Фильм біздің салтымыз бен қыран құсын қолға қалай үйреткеніміз туралы баяндайды. Фильмге арнап төрт ән жаздым. Соның біреуіне клип түсіреміз дегенде қатты қуандым, — деді Ұшқын Жамалбек.

Музыкалық клип Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Видео-клиптің режиссерлері картинаның авторлары – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Ал операторы – Айдын Мақсат.

Естеріңізге сала кетейік, «Мұзбалақ» мультфильмі отандық прокатқа 2018 жылдың 18 қазанынан бастап шығады. Адам мен бүркіттің достығы туралы баяндайтын картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!