Таным

Еңбек демалысынан кейін шаршамаудың амалдары

Еңбек демалысынан кейін жұмысқа деген белсенділікті арттыру қиын емес

Еңбек демалысынан кейін жұмысқа қалай тез кірісуе болады? Күнделікті жұмыстың құрсауынан босап, кезекті еңбек демалысын алып, жанға жайлы жерде демалғанға не жетсін?!  Алайда демалысқа берілген уақыт демде өте шығады. Жұмыс аптасы басталып, күнделікті қызметіңізге қайта кірісетініңіз анық. Көпшілігі үшін еңбек демалысынан кейін баяғыдай жұмыс қарқынына ілесу оңайға соқпайды. Себебі жұмыс басталғаннан кейін демалыс кезіндегідей түске дейін ұйықтау, күні бойы қыдыру, өзің қалаған іспен айналысу мүмкін болмай қалады.

Ең алдымен аздан бастаңыз…

Алғашқы күннен бастап көп шаруаны тындырамын деп талпынбаңыз. Сіз өзіңізге сенімді болғаныңызбен, физикалық тұрғыдан дайын емессіз. Көп істің басын бір шалғаннан бұрын оңай, уақыт күттірмейтін жұмысты аяқтаңыз. Күн сайын аз-аздан жұмыс істесеңіз де, өнімді сапалы еңбек етесіз. Әрі уақытыңыз босқа өтпейді.

Өзіңіз үшін нақты жоспар жасаңыз

Кез келген жоспарланған іс өнімді келеді. Жұмысқа келген әрбір сағатыңыз жоспарлы түрде өтуі керек. Жоғарыда «аздан бастаңыз» дедік, сол себепті күнделікті атқаруға тиісті шаруалардың тізімін жасап, мониторыңыздың дәл алдына іліп қойыңыз.

Жұмысты ерте бастаңыз…

Өйткені, көптеген зерттеулермен дәлелдегендей, адам жұмыс күнінің тек алғашқы жартысында ғана  жұмыс істеуге белсенді болады. Дәл сол уақытта адамның жұмысқа деген құлшынысы артады. Сол себепті жұмысқа бір сағат ерте келуді әдетке айналдырыңыз.

Үзілістерді тиімді пайдаланыңыз…

Міндетті түрде жұмыс арасында дұрыс тамақтаныңыз. «Ас — адамның арқауы» демекші, еңбек өнімділігін арттыратын күш-қуаттың нәрі уақытылы тамақтануда жатыр. Әсіресе таңғы асты тастамаңыз. Әріптестеріңізбен әңгімелесіп, арасында бой жазып алуды да ұмытпағайсыз. Алайда ол күні бойы шәй ішіп, уақытыңызды құр босқа әңгімеге жұмсаңыз деген сөз емес. Үзілістерді тиімді басқаруды үйреніңіз.

Жеңіл, құлаққа жағымды музыка тыңдауыңызға болады…

Музыка, әсіресе, еңбек демалысынан келген адамдар үшін аса пайдалы. Көтеріңкі көңіл-күй жұмысқа деген қарқындылықты бірден болмаса да, баяу қалыпқа келтіреді. Музыка тыңдағанды ұнатпасаңыз, уақытыңыздың 5 минутын мотивациялық бейнероликтер көруге арнаңыз.

Әрдайым жақсы ойлаңыз…

Иә, адамның еңбегінің жемісті болуына жақсы ойлар әсер етеді. Жұмысқа бара жатқан сәтте өзіңізді жақсы сөздермен қанаттандырыңыз. Әрдайым позитивті ойлайтын адам еңбек демалысынан келгеннен кейін де бірден іске кірісіп кетуге бейім болады. Өйткені ол демалысының әр сәтін шынайы рахаттанып өткізді. Демек жұмысқа да ерекше құлшыныспен келді деген сөз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close