Таным

Forbes нұсқасы бойынша кәсіпкерлік рухты тәрбиелейтін сериалдар

Forbes ұсынған 6 сериал

Forbes журналы кәсіпкерлерге арналған түрлі топтамаларды жариялап отырады. Бұл топтамаларға үздік кітап, фильм мен сериалдар енгізілген. Зейін қойып тамашалаған жандарға Forbes ұсынған сериалдардың берер пайдасы көп.

«Джон Адамс» (John Adams)

Американы құрушылардың бірі Джон Адамс жайлы шындыққа толы биографияның бірі. Сериал толығымен басты кейіпкердің еңбектеріне негізлделген. АҚШ-тың бірінші вице-президенті және екінші президенті өз өмірінде көп нәрсеге үлгерген. Мектепте сабақ беріп, бірнеше ғылыми мақалалар жариялаған. Ағылшындарға қарсы көтерілісті ұйымдастырып, Еуропада елші қызметін де атқарады.

«Америкада қалай үлгеруге болады?» (How to Make It in America)

Нью-Йорк қаласының екі көңіл көтерушісі отыздан асқан шақтарында жеке киімдерін шығаруды қолға алады. Ақша мен өндіріс жайлы ақпарат мүлде жоқ. Бірақ біріншісінде дизайнерлік қабілет, екіншісінде қамалды бұзарлық ақыл бар. Сонымен қатар көңіл көтеру арқылы танысқан таныстары жетерлік. Ал параллельді сюжетте латынамерикалық қылмыскер адал кәсіпке көшкісі келеді. Оның мақсаты энергетикалық сусын шығару. Сериалдың басты шиеленісі – кім бірінші үлгереді?

«Жерасты патшалығы» (Boardwalk Empire)

1920 жылы «құрғақ заңның» енгізілуінен Атлантик-Сити де Нью-Йорк пен Чикаго секілді Американың криминалды орталығына айналады. Алкоголь контробандасы арқылы түрлі топтар байлыққа кенелуді көздейді. Олар соғыс ардагерлері, гангстерлер мен ирландықтар, еврейлер және жас Аль Капоненің адамдары еді. Ал қарсы бетте қалалық қазынашы – Наки Томпсон. Оның мақсаты бұл соғыста жеңісті ешкімге де бермеу.

«Милдред Пирс» (Mildred Pierce)

Оқиға орыны – Ұлы күйзеліс кезіндегі Калифорния. Басты кейіпкер – күйеуінен айрылысқан, екі баланың анасы Милдред Пирс. Пирс ақсүйек тұқымынан, бірақ мейрамханаға даяшы болып орналасуға мәжбүр. Өткен өміріндегі оқиғалар оны тынбай еңбектенуге итермелейді. Ал сериал соңында Милдред жеке мейрамханалар желісінің басшысы атанады.

«Дэдвуд» (Deadwood)

Сериал 1876 жылы алтын іздеушілер салған Дэдвуд қаласының тарихы жайлы. Қала жердегі тозақ ретінде сипатталады. Заң жоқ, қоқан-лоқы мен құмар ойындар дендеп тұр. Барлық мәселе револьвермен шешіледі. Бір топ билікке ұмтылса, енді бірі бүгінгі күніне мәз. Бірақ жағдай қалаға федералды маршал мен оның серіктесі келгенде өзгере бастайды.

«Заңдағы костюмдер» (Suits)

Майк Росс – дарынды жастардың жинақ образы. Ол алдау арқылы юридициялық фирмаға жұмысқа орналасады. Майктың дипломы жоқ, бірақ ерекше жады бар. Оның бастығы Харви Спектор Майктан жас кезіндегі өзін көреді. Харви Россқа қарым-қатынас орнатудың әдістерін түсіндіреді. Клиенттермен байланыс құрудың қыр-сырын айтады. Ал шәкірті ұстазының өзгеруіне себепкер болады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!