Біліп жүр

Франшиза каталогы: Дайын бизнесті қайдан сатып аламыз

Франшиза сатып алуға болатын сайттармен таныс болыңыз

Франшиза – өз бренді арқылы сатуға мүмкіндік беретін компаниямен келісімшарт. Бұл процессті «франчайзинг» деп атайды. Кәсіп бастағысы келетін адам жаңа идея іздеп, басын қатырмайды. Белгілі брендтің тауарын сатуға келісім алу арқылы бизнес әлеміне аяқ басады. Назарыңызға франшиза сатып алуға болатын сайттарды ұсынамыз.

кz.bonplan.biz

кz.bonplan.biz сайтынан түрлі франшизаларды табуға болады. Компания 2011 жылы құрылған. 9 000-нан астам келісімшарт жасалған. Франшизалар бағасы 200 000 теңгеден басталады. Сонымен қатар өз франшизаңызды сата аласыз. Егер сұрақтар туындаса, компанияның онлайн-кеңесшісіне хабарласуға болады.

www.beboss.kz

Бұл – www.beboss.ru сайтының Қазақстандық плафтормасы. Сайттан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Павлодар қалаларына арналған франшизаларды таба аласыз. Франшизалар категорияларға бөлінген.  Өзіңізді қызықтырған бизнес түрін жылдам таба аласыз. Франчайзингке байланысты негізгі терминдер мен анықтамалар берілген.

topfranchise.ru

Сайттан әр жылы трендке айналған франшиза түрлерін таба аласыз. Мұнда көбіне Ресей және өзге елдерге арналған франшизалар орналастырылған. Сонымен қатар танымал топ-100 франшизаның тізімін көруге болады. Компания  жаңа жобаларды да іске асырумен де шұғылданады.

Франшизалар категорияларға бөлінген. Қажетті сомманы енгізу арқылы сай келетін франшизаны таңдап аласыз.

franshiza.ru

franshiza.ru сайтынан Қазақстанға арналған франшизаларды таба аласыз. Франшизалар каталогы түрлі деңгейлерге бөлінген. Ал жеңілдікпен сатылатындар жеке бөлімде орналасқан.

Сайттан тек франшиза сатып алып қоймай, франчайзинг тақырыбындағы жаңалықтарды оқи аласыз. Келісімшартты жасау да қиындық тудырмайды.

buybrand.ru

buybrand.ru сайтында франшизалар соммасына қарай бөлінген.Сомманы енгізсеңіз, сізге қажеттілерін іріктеп береді. Мұнда да франчайзинг саласының жаңалықтарын оқи аласыз. Оның көбісі Ресей, ТМД елдеріне арналған. Жаңа жобаларға инвестор болуға да мүмкіндік бар. Қажетті ақпаратты инвестицияға арналған жеке бөлімнен оқи аласыз.

olx.kz

Оlx.kz – хабарландырулар орналастырылатын белгілі платформа. Платформа соңғы уақытта франчайзинг бағытында да жылдам даму үстінде. Бұл сайттан тауардан бөлек дайын кәсіптерді де сатып аласыз. Хабарландыру орналастырушымен де байланыс құру оңай әрі жылдам.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!