Таным

Француз тілінің ғажайыбы және оны меңгерудің 6 себебі

Француз тілінің қазақшаға ұқсастығы бар

Француз тілінің орны бөлек. Ол әуезді, көркем және тарихы тереңде жатқан тіл. Француз тілі Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жататынын тілге тиек етейік.

Аздап фонетика

Француз тілінде 15 дауысты, 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі текке (ер, әйел) бөлінеді. Француздар латынша жазады. Бұл тілдің ерекшелігі  «Hh» әрпі мүлде оқылмайды, «Rr»- ғ болып дыбысталады және бір дыбысты аңықтайтын (ai-е, eau-о, oi-уа, ou-у, au-о,eu-ө, ai-э) әріптер тіркесі де кездеседі. Мысалы: beaucoup (үлкен) – буку деп оқылады. Сөздің соңында мына әріптер оқылмайды: e, s, t, d.

Француз тілінің қазақ тіліне ұқсастығы – «ғ», «ө», «ә» дыбыстарының болуы.

Француз тілін меңгерудің 6 себебі

1-ші – әлемді тану, өзіңізді дамыту. Статистикаға көз жүгірсек, дүние жүзінде 275 миллион адам француз тілінде сөйлейді.

2-ші – карьера. Тілді жақсы меңгерген адам халықаралық деңгейге шыға алады. Франция жер жүзіндегі инвестиция бойынша екінші орында. Сондықтан карьера қуған адамдарға тіл білу аса маңызды.

3-ші – мәдениет. Франция мәдениетке аса бай мемлекет. Бұл елдің мәдениетімен таңыссаңыз, рухани азықпен сусындайсыз.

4-ші – саяхат. Егер саяхаттағанды ұнатсаңыз және француз тілін меңгерген болсаңыз, Францияға, Бельгияға, Швейцарияға, Канадаға, Люксембургқа, Монакоға, Андорраға, Африкаға, Сенегалға, Малиға, Гвинеяға, Конгоға, Бенинге, Гаитиге саяхаттап барсаңыз болады. Себебі француз тілі бұл мемлекеттердің ресми және әдеби тілі болып есептеледі.

5-ші – жарқын болашақ. Болашақта шет елдердің ең үздік оқу орнында білім алып, өзініңізді дамыта аласыз.

6-шы – денсаулық. Тіл үйрену арқылы ми ауруының алдын ала аласыз. Бірнеше тілде сөйлеу бастағы жүйке жүйелерін азайтады, себебі миға көп ақпарат келе бастайды.

Француз тілі әлеуметтік желіде

Instagram, YouTube арқылы да өзіңіз үйде отырып онлайн сабақ пен марафонға қатыссаңыз болады. YouTube арнасынан «Француз тілін үйрену» деп аталатын және Instagram желісіндегі @french_kz қазақ тіліндегі парақшасынан французша сөздер мен ережелерді таба аласыз. Пайдалы ақпараттарды Қыздар университетінің 2019 жылғы түлегі Толқын Құмарова бөліседі.

Дайындаған: Айзада Сағидолла

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!