Таным

Google-дан ақпарат іздеудің тиімді 8 әдісі

Google-дан ақпарат іздеу жеңіл

Google-дан ақпарат іздеп көрмеген жан жоқ шығар. Google – әлемдегі ең ірі іздеу құрылғысы. 1996 жылы Ларри Пейдж және Сергей Брин атты Стэнфорд университетінің студенттері Google-дың негізін салған. Ол алғашында BackRub атауымен жарыққа шықты, кейін 1998 жылы Google деп ауыстырылды. Google сөзі (googol) онның жүз дәрежесі (10100)  мағынасын білдіреді. Интернет қолданушылардың 96%-ы Google-дан ақпарат іздеудің қыр-сырын жетік білмейді екен. Balbal.kz мотивациялық сайты бүгін Google арқылы ақпарат іздеудің тиімді тәсілін айтады.

                                      Әлемдегі ең атақты ғаламтор жүйесі

Google айына шамамен 41 миллиард 345 миллион іздеу салып, 25 миллиард вкб-парақшаларды индекстейді. Бойына 60 триллион құжатты жинақтаған. 200 тілде іздей алады.

Тұрақты тіркес, фразаларды қалай іздейміз?

Дәл осындай фразалардың қандай сайттарда шыққанын білу үшін тырнақша (« ») операторының көмегіне жүгінеміз.

Мысалы: [«смарт технологиялар ағымы»]

 Кей сөздерді ұмытып қалсаңыз…

Толық сөйлем не цитатаны тырнақша ішіне алып, ұмытылған сөздің орнына  жұлдызша (*) қойыңыз.

Мысалы: («ақсақ * түстен кейін маңырайды»)

Нақты бір сөзі бар документті іздеу

Керекті тақырыбыңыздан кейін қосу (+) қойып, керекті сөзді жазу. Араларында пробел қойылмауы тиіс.

Мысалы: [Шолохов ескерткіші+бульвар]

Бірнеше сөздерге қатысты ақпарат іздеу

Бірнеше сөздердің бір ақпарат ішінде болуын қаласаңыз, сөздердің араларына вертикальді слеш ( ǀ ) қойып, тізіп жаза беріңіз.

Мысалы: Абай Құнанбаевǀқара сөзǀжүрек

Бір сөйлемде кездесетін сөздер үшін

Амперсанд & операторын қолданыңыз. Екі сөзді амперсанд арқылы Гуглға терсеңіз, осылардың бір сөйлемде тұрған документтерін тауып береді.

Мысалы: Жасанды интеллект&жұмыс

Белгілі бір типтегі документті іздеу

Егер pdf немесе doc түріндегі ақпарат іздесеңіз, mime операторы көмекке келеді.

Мысалы: Биоэтика mime:pdf

Белгілі бір сайттан қарау үшін

Ақпаратты сол сайттан іздету үшін, site: деп тересіз.

Мысалы: Конституция рф site:consultant.ru

Кейбір операцияларды орындау үшін сайтқа кіру міндетті емес

68+2, 1 еуро теңгемен деген сияқты жазсаңыз жеткілікті.

Google құрылғысының мақсаты – адамдардың уақытын үнемдей отырып, қажетті ақпарат беру. Ендеше сол мүмкіндікті гугл нәтижелерін парақтаумен емес,  дұрыс пайдаланыңыз.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close