Таным

IGTV: Не? Қалай? Не үшін?

IGTV болашағы қандай?

IGTV – Инстаграм ТВ мобильді құрылғысы. Инстаграм әлеуметтік желісі Snapchat, YouTube элементтерін өзіне қосып мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Balbal.kz мотивациялық сайты инстаграмның қосымшасымен таныстырады.

IGTV ерекшелігі

YouTube арнасынан басты айырмашылығы  –  барлық бейнелер толық экранды және тігінен көрсетілуі. Оларды телефон арқылы көру ыңғайлы.

InstagramTV қолданушыларға 15 секундтан 1 сағатқа дейін ұзақтықтағы бейнелерді жариялауға мүмкіндік береді.

Әзірге бейненің ұзақтығы 10 минут. Тек ірі профильдер ғана бір сағаттық видеоларды компьютер арқылы жүктей алады. Бірақ болашақта Instagram шектеулерді толығымен алып тастауды жоспарлап отыр.

Пішімі мен өлшемі – тек MP4. 10 минуттық бейненің максималды мөлшері – 650 МБ. Бір сағаттық бейненің ең үлкен мөлшері – 5,4 ГБ. Бейне пропорциялары 4: 5-тен 9: 16-ға дейінгі сюжеттермен бірдей.

Видео көру үшін

Инстаграмдағы кез-келген қолданушы IGTV-де өз арнасын құра алады. IGTV профильдер емес, арналар форматында тұрады. Сіз жазылған профиль InstagramTV-де жаңа бейнені жариялаған кезде сізге ескерту келеді.

Инстаграм әр қолданушыға қызығушылықтарына қарап, «Ұсыныс» бөлімінде бейнені таңдайды. Сіз басқа адамдардың бейнелерін «Танымал» бөлімінен көре аласыз. Әр санаттағы бейнелер: «Сіз үшін», «Жазылымдар», «Танымал» және «Көруді жалғастыру» деген бөлек папкаларға жиналады. Видеоларды Direct арқылы достарыңызға жібере аласыз.

IGTV қосымшасын жазып алу

Қосымшаны AppStore және GooglePlay дүкендерінде, сондай-ақ Instagram ішіндегі сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Егер сіз InstagramTV-де өз арнаңызды құруды жоспарласаңыз, сіз бағдарламаны жүктеп алуыңыз керек. Өйткені бейнені осы бағдарлама арқылы жүктейсіз. Егер сіз басқа аккаунттармен жасалған бейнелерді жай ғана көруді жоспарласаңыз, онда сізге басқа бағдарламаның аса қажеті жоқ. Біреудің видеосын инстаграмнан да көре аласыз.

IGTV қосымшасының қарапайым инстаграмнан басты айырмашылығы – фотосуреттер мен ленталардың болмауы. Барлық назар толығымен InstagramTV-де жасалған бейнелерге арналады.

IGTV арнасын құру

Инстаграм профилі бар кез келген адам жеке арна құра алады. Инстаграмдағы IGTV қойындысы арқылы жеке IGTV қосымшасы немесе instagram.com браузері арқылы жаңа арна құруға болады.

Телефон арқылы 4 қадам

1-қадам. Instagram немесе IGTV қосымшасына кіріңіз.

2-қадам. Егер сіз мұны Instagram арқылы жасасаңыз, онда қосымшаның жоғарғы панелінде орналасқан IGTV белгішесін басыңыз.

3-қадам. Содан кейін іздеу бағанына қарама-қарсы орналасқан дөңгелекті басыңыз.

4-қадам. «Арнаны жасау» опциясын таңдаңыз. Осыдан кейін сізде екі ақпараттық терезе пайда болады, онда сізге «Келесі» түймесін басу керек. Содан кейін соңғы ақпараттық терезеде «Арнаны құру» түймесін басыңыз.

Компьютер арқылы

1-қадам. Браузерден instagram.com-ды ашыңыз.

2-қадам. Арна жасағыңыз келетін профильге өтіп, параметрге өтіңіз. IGTV қойындысын басыңыз.

3-қадам. «Бастау» деген көк түймені басыңыз.

IGTV-ге бейнені жүктеген кезде оған бөлек мұқаба қоса аласыз. Осылайша сіз өзіңіздің арнаңызды визуалды түрде үйлесімді және бейнеңізге қолайлы етіп жасауыңызға болады.

IGTV-ді қалай жүргізу керек?

InstagramTV-де көрерменді көбейту туралы бірнеше кеңестер.

  1. Белсенділік

Белсенді болыңыз және жариялау кестесін жасаңыз. Бейне жоспарын алдын-ала ойластырып, үнемі жариялаңыз. Сонда сіздің аудиторияңыз үйреніп, қайта-қайта оралады.

  1. Ерекшелік

Басқа жерде жарияланбаған ерекше видеолармен бөлісіңіз. Бұл жағдайда оқырмандар қызықты жаңалықтарды жіберіп алмас үшін арнаңызды жібермей көретін болады.

  1. Сілтеме

Бейне сипаттамасына сілтемелер қосыңыз. IGTV бейнелеріне бірден өтуге болатын сілтемелерді қосуға болады, сондықтан осы мүмкіндікті қолданыңыз. Өзіңіздің арнаңызды құрып, аудиторияңызды сайтыңызға немесе басқа арнаға жібере аласыз.

  1. Шынайылық

Шынайы болыңыз яғни жасанды монтаждалған бейнелерді жасаудың қажеті жоқ. Ең бастысы, қызықты видео түсіріңіз. Көрермендер осындай арнаға тартылатыны сөзсіз. Инстаграмда бейненің техникалық сапасы аса маңызды емес, бастысы – бейненің жүйелілігі мен мағынасы.

  1. Аудиториямен байланыс

Аудиториямен диалог жүргізіңіз. Олар бейнелеріңізге лүпіл және пікір қалдыра алады. Көрермендермен сөйлесіңіз, олардың пікіріне жауап беріңіз. Олар назар аударғаныңызды бағалайды.

  1. Еске салу

Арнаңызды инстаграм желісінде айтып отырыңыз. IGTV жаңа болғандықтан көп адам ол туралы білмеу мүмкін. Сондықтан инстаграмдағы аудиторияңызды ТВ арнаңызға шақырған жөн.

Аналитика жасау

IGTV-де статистика болады:

Қызықтыру: қаралымдар, лүпіл және пікірлер. Лүпіл мен пікірлер бейненің астында көрінеді. Ал қаралым санын тек сіз көре аласыз. Көрермен бейнені 3 секундтан артық қараған болса ғана есепке алынады. 3 секундтан аз көргендер статистикада есепке алынбайды.

Аудиторияны ұстап қалу: сіздің бейнеңізді көрген көрермендер пайызын көрсетеді. Сонымен қатар көрерменді бейненің ұзақтығына қарай ұстап қалу графигі яғни бейненің қай сегментінде аудитория азайғанын бақылайсыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close