Біліп жүр

Кайдзен – бизнеске арналған жапондық философия

Бизнеске арналған жапондық философиясымен таныс болыңыз

Кайдзен – компания жұмысын жақсартуға арналған жапондық философия әрі практикалық жүйе. Термин Жапонияда пайда болған. Оның мақсаты – бизнесті, басқару жүйесі мен жұмысшылардың өмірін жақсарту. Кайдзен қызмет сапасына баса көңіл аударады. Balbal.kz сайты жапон философиясының негізгі ұғымдары мен бизнестегі көмегі жайлы материалды назарыңызға ұсынады.

Кайдзеннің төрт құралы

Қызмет пен жұмыс сапасын жақсарту үшін кайдзен негізгі төрт құралды қолданады.

Жұмыс барысын ұйымдастыру. Басты мақсат – жұмыс орынында тәртіп орнату. Бұл әр жұмысшыға тиімді жұмыс пен табысты кепілдендіреді.

Сапаны бақылау. Сапалы тауар өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша компанияның еңбек өнімділігі артады.

Систематизация. Қызметкерлерді оқыту мен жұмыс барысында қатаң тәртіпті ұстану. Бұл ұйымдастыру мен өндірісте тиімділікті бір қалыпта ұстауға жол ашады. Жұмысшылар арасындағы тәртіп тауар сапасына кепілдік береді.

Шығынды азайту. Жұмыс тиімділігін арттыру менеджмент мен өндіріске кететін шығынды азайтады.

Тәртіп, дұрыс ұйымдастыру мен тазалық – көп компанияларда жетіспейтін қасиеттер. Кайдзен философиясы менеджментті үздіксіз дамытуға бағытталған. Бұл әдісті қазіргі уақытта бизнестен бөлек саясатта да қолданушылар жиі кездеседі.

«5 S» — идеалды жұмыс орынының құпиясы

Жапондық кәсіпкерлердің айтуы бойынша қызметкердің жұмыс орыны оның ойлауы, жұмыс тиімділігі мен міндетін дұрыс атқаруға тікелей әсер етеді. Осы себепті Кайдзен философиясында жұмыс орынын реттеуге арналған «5 S» атты ереже бар.

Seiri – ұқыптылық. Қызметкер жұмыс орынынан барлық артық бөлшектерді алып тастауы керек.

Seiton – реттілік. Әрбір құралдың өзіндік орыны болу керек. Олардың орналасуын жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ғана өзгертуге болады.

Seiso – тазалық. Жұмыс орыны мен жұмыс барысы әр уақытта таза болуы керек.

Seiketsu – стандарт. Жұмыс орыны мен жұмыс барысы белгілі ережеге байланысты ұйымдастырылуы қажет.

Shitsuke – тәртіп. Қызметкер бекітілген ережені мүлде бұзбауы керек.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Әр жұмысшы өзіне бөлінген міндеттің маңызын түсінеді. Ол өзінің қызметтік мансабын асыра пайдалана алмайды. Сонымен қатар Кайдзен арқылы қызметкер өзінің жұмыс орынын қадірлейді.

Компания басшылығы өзінің міндетін жақсы түсінетін қызметкерден жұмыс тиімділігін талап ете алады. Ал жұмысшылар өздерінен қандай нәтиже күтетінін сезінеді.

Жапондық жүйені барлық жағдайда қолдануға болады. Бастысы мына қағидаларды естен шығармаңыз:

  • Артық заттардан арылу;
  • Өзіндік жұмыс жүйесін қалыптастыру;
  • Өзіңізді және жүйені әр уақытта дамыту.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!