Таным

Өлең жолдарын жаттаудың пайдасы

Өлең жолдарын жаттағанда ми шынығады

Өлең жолдарын жаттауды балабақшадан бастаймыз. Сосын мектепте бес алу үшін жаттаймыз. Қысқа болсын өлеңді жаттау ми жұмысын жақсартады.

Сөйлеу мәдениетіне әсері

Өлең жаттау кезінде миымыз ақын ойымен ұштасады. Оны белгілі бір мақаммен оқу сөйлеу мәдениетін жақсартады. Дауыс ырғағының өзгерісіне алып келеді.

Тіл үйрену

Өлең жаттаған сәтте миымыз жаттығады. Ми бұлшық ет секілді жетіле түседі. Бұл ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді. Кез келген ауыр немесе қабылдауға қиын ақпараттарды тез қабылдайсыз. Ал тіл үйрену аса ауыр қиындық алып келмейтін болады.

Эмоционалды ойлау қабілеті

Иосиф Бродский әрбір жаттаған өлеңді өзімдікі деп санауға болады деген. Өлең жаттау барысында біз ақынның айтқысы келген барлық ойы мен эмоциясын сезінеміз.Осылайша біздің эмоционалды ойлау жүйеміз де жақсара түспек. Біз өлеңдегі барлық сезімді сезіне аламыз.

Қиял мен шығармашылық

Өлеңді оқи отырып көзімізге елестете бастаймыз. Ал біздің ойлауымыз жақсарады. Қиялымыз ұшқыр болып, көз алдына елестету қабілеті жоғарғы деңгейге көтеріледі. Ойлау жүйесінің дамуы шығармышылыққа әсер етпей қоймайды.

Жаттаған өлеңді достарыңыздың ортасында оқи отырып, өзіңіз жайлы ақпарат бересіз. Сіз бұл арқылы көпшілік алдында сөйлеу шеберлігіңізді дамыта түсесіз. Сахнада өзіңізді еркін ұстауға машықтанасыз. Тіпті өлеңдер арқылы өзіңізді көпшілікке таныстырасыз.

Сөздік қорыңыз молаяды

Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиет өлеңдерін жаттай отырып, сіз сөздік қорыңызды көбейтесіз. Өзіңізге белгісіз болған сөздерді есіңізде сақтайсыз. Ал әлем әдебиеті өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуге көмектеседі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!