Біліп жүр

Әлемдегі ең ауқатты 7 әулет

Әлемдегі ең ауқатты династиялар

Әлемдегі ең ауқатты әулеттер тізімі өзгере қойған жоқ. Олардың компаниялары, өмір сүру стилі әкеден-балаға мұра ретінде қалып, күні бүгінгі дейін үзілмей келеді. Balbal.kz мотивациялық сайты әлемдегі ең ауқатты 7 әулеттің тізімін оқырман назарына ұсынады.

Рокфеллерлер

Рокфеллерлер тегі ежелгі заманнан байлықтың тікелей синониміне айналған. Әулеттің атағын шығарған – Джон Рокфеллер. Ол адамзат тарихындағы алғашқы долларлы миллионер атанған америкалық кәсіпкер. ХІХ ғасырдың соңында Джон «Standard Oil» атты мұнай компаниясын құрады. Ал ХХ ғасырда Рокфеллерлер әулеті машина құрылысы, тамақ өндірісі, сақтандыру және қаржы сферасында өз биліктерін орнатты. Джон Рокфеллердің өлімінен соң оның ісін жалғыз ұлы кіші Джон Рокфеллер, одан соң бес немересі жалғастырады. Олардың ішіндегі ең белгілісі – америкалық саясаткер, АҚШ вице-президенті болған Нельсон Рокфеллер.

ХХІ ғасырдың басында Рокфеллерлер отбасының құрамы 200 адамды құрайды. Олардың көбі жеке кәсіп және саяси істермен айналысады. Қаржылық жағдайы шамамен 10 млрд доллар көлемінде деп есептелінеді.

Ротшильдтер

Ротшильдтер әулетінің тарихы ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Ал ХІХ ғасырда Австрия императоры оларға «барон» атағын берген. Ротшильдтер Австрия ақсүйектерінің жоғарғы деңгейіне жатқызылған. Әулеттің негізін Майер Амшель атты еврей баласы қалаған. Ол қоқыстан табылғана антикварлы тиындарды сатып, ірі банк жүйесін құрған. Оның ісін 5 ұлы жалғастырды. Ол бес ұлын ірі қаржы орталықтарына банктерді басқару үшін аттандырған. ХХ ғасырда олар АҚШ-тағы доллар өндірісін де бақылайды. 2012 жылы Ротшильдтер мен Рокфеллерлер өз қаржыларын біріктіргендіктері туралы жариялаған болатын. Бұл отбасы бүгінгі күнге дейін ірі банк жүйелерін өз бақылауында ұстап отыр.

Виндзорлар

Виндзорлар әулеті ХХ ғасырдың басынан Ұлыбританияны басқарып келеді. Ал өзге мемлекеттерде бұл әулет билік басында ертерек уақытта келген. Мысалы, Бельгия мемлекетін 1831 жылдан бастап басқарған. Егер тарихқа сүйенсек, әулет Елизавета ІІ-мен тоқтауы тиіс. Ал оның балалары Филипп ханзаданың әулеті болып саналады. Бірақ 1952 жылғы патшайымның прокламациясы бойынша оның балаларының барлығы Винздорлар әулеті болып есептелінеді.

Оппенгеймерлер

Оппенгеймер отбасы әлемдегі ең ауқаттылардың бірі болып табылады. Себебі бұған дейін бұл әулет әлемдік гауһар тас нарығының басым бөлігін бақылап келген. Әулеттің жетістігі Эрнест Оппенгеймерден бастау алады. Ол De Beers компаниясын басқарып, алтын өндіру корпарациясының негізін қалаған. 1930-жылдардан бастап Эрнест гауһар тас нарығының бөліктерін сатып ала бастайды. Ал 1950-жылдары Central Selling Organisation компаниясын құрады. Эрнесттің өлімінен соң оның ісін ұлы Генри жалғастырды.

Моргандар

Моргандар әулеті – АҚШ-тағы және әлемдегі ең ықпал етуші әулеттің бірі. Олар ХІХ ғасырдың соңында банк істеріне араласу арқылы атаққа кенеледі. Джон Пирпонт Морган АҚШ-та алғаш қаржы империясын құрады. Сонымен бірге General Electric атты түрлі электр тауарларын сататын компания, телекомуникация саласында American Telephone and Telegraph, Western Union қаржы компанияларының негізін салады. Бұл әулет табысының көп бөлігін өнер мен ғылым саласына жұмсағаны белгілі.

Уолтондар

Сэм Уолтон атағын шығарған бұл әулет Wal-Mart Sam’s Club секілді  түрлі сауда жүйесін құру арқылы дамыған. ХІХ ғасырда Сэм Уолмарт Американың ең ауқатты адамы ретінде саналған. Ал қазір бұл әулеттің жағдайы 150 млрд доллар деп есептелген. Басында Сэм әкесіне кәсібін жүргізуге көмектеседі. Одан кейін өзі тауық пен қоян өсіріп, сата бастаған. Бұдан соң өз дүкенін ашып, оны ірі сауда жүйесіне айналдырады. Сэм қаза тапқан соң оның ісі 4 ұлы мен әйеліне қалды.

Руперттер

Руперттер әулетін әлемнің ең ықпалды әулеті деп атаса да болады. Себебі бұл әулетке белгілі Dunhill, Montblanc, Cartier, Richemont секілді люкс сападағы тауарлар дайындайтын компаниялар тиесілі. Сонымен қатар Руперттер Ротшильдтер әулетімен бірге шарап кәсібін де басқарады. Энтони Руперт өткен ғасырдың ортасында алғаш Voorbrand атты табак өндіретін компания құрумен әулетке атақ әкеледі. Бұдан соң кәсіптер қатарына зергерлік өнімдер дайындау мен киім және сөмке әзірлеу секілді бағыттар қосыла бастайды. Қазір кәсіпті Энтонидің ұлы Йохан басқаруда.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!