Таным

Әлемдегі ең ерекше жұмыстар

Әлемдегі ең ерекше әрі сирек кездесетін жұмыс түрлерімен таныс болыңыздар.

Әлемдегі ең ерекше жұмыстың түрлері 70 мыңнан асады және олардың саны күн сайын артып келеді. Қызмет түрінің көптігі –  өркениет пен технологияның дамуына ықпал етеді. Әрине, қызмет түрлерінің барлығы белгілі бір мамандықтарға ғана бағытталған десеңіз қателесесіз. Бүгін сіздерге өте қызықты, тіпті таң қаларлық  кәсіп түрлері туралы баяндамақпыз.

Үрген иттің  «тілін» білуші, «даусын» танушы

Ерекше  бос орын Швецияда үй жануарларына салынатын салықтың арқасында танымал болды. Яғни, Швецияда иттің көшеде үруіне тыйым салынады. Ол үшін қожайындары  айыппұл да төлейді. Әрине, адамдар бұл үшін шығынданғысы келмейді, сондықтан қадағалаушылар заң бұзушыларды табуға барлық мүмкіндікті жасауға тырысады. Дәл осы жерде иттердің детективтері көмекке келеді.

Қызықты факт: Швецияда “Үздік ит детективі» атағын  Элфрид Карлссон есімді жігіт алған. Ол 20 түрлі тәсілмен үре алады, бұған иттердің 95%-дан астамы жауап береді. Эльфрид жауап арқылы иттің жасы мен тұқымын анықтайды, және оның не үшін үргенін, не айтқысы келгенін түсінеді.

Әжетхана нұсқаушысы

Физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын орын табу кейде нағыз азапқа айналады. Әсіресе, бейтаныс елде саяхаттаған кезде. Алайда Жапонияға барсаңыз, бұл жағынан қиындық туа қоймауы мүмкін. Себебі, ол елде арнайы нұсқаушылар бар. Тіпті, еңбек кітапшаларында «әжетхана гиді» мамандығы деп көрсетіліп тұрады.

Айсбергтен тазартушы

Қыста жолдардың қары тазаланады, ал дұрыс емес жерге қойылған көліктер үшін  эвакуациялық шаралар ұйымдастырылады. Айсбергті тазартушы қызметі де осыған ұқсас. Бірақ, мұндай жұмысшыларды көбіне мұнай және басқа да өндірістік  компаниялар жалдайды. Себебі,  мұзды таулар өндірістік нысандарға құлап кетуі мүмкін.

Арман сатушы

Бұл бір мистика  болып көрінеді. Бірақ, шынында да, сіз арманыңызды ақшаға сатып ала аласыз. Бұл кәсіп АҚШ-та пайда болды. Дәлірек айтқанда, тілектерді орындайтын компания Чикагода орналасқан және оның қызметтерінің құны 150 000 доллардан басталады. Бірақ ешбір желіде мұндай ұйым туралы әлі ресми ақпарат жоқ.

Көз жасын сатушы

Әлемдегі ең ерекше жұмыстар
Көз жасын сатушы – Джин Гуйхуа

Қытайлықтар өз эмоцияларын барынша жасыруға тырысады, дәстүрлерге құрметпен қарайды. Мысалы, жерлеу рәсімінде марқұмның туыстары жыламайды және осы мақсатта арнайы дайындалған «сатушылар» жалданады. Олар рөл ойнайды және табиғи түрде жылаудың үлгісін көрсетеді. Мәселен, суретте көрсетілген қытайлық Джин Гуйхуа. Оның ешқандай жоғары білімі жоқ. Бірақ 20 жылдан астам уақыт бойы жалданып жылап күнін көріп жүр. Бір жерлеу үшін төлем шамамен 120 юань (20 доллар) тұрады.

Құлақ тазалағыш

Әлемде ақылға қонымсыз мамандықтар, әсіресе экзотикалық елдерде жиі кездеседі. Құлақ тазалағыштар да Үндістанда кең таралған. Мұндай бизнестің ерекшелігі: адамдар мұны сараптамалық тәсілмен жасайды.

Жалған туыс

Туысқаны жоқ адамдардың отбасылық мереке ұйымдастыратын уақыты келгенде, қонаққа шақыратын  жақыны болмайды әрине. Сол үшін олар арнайы қызметшілердің көмегіне жүгінеді. Ал олар тума-туыстың рөлін сомдауға дайын.

Мысал: 2018 жылдың мамыр айында Қытайда күйеу жігіт қалыңдыққа ескертпестен өзінің үйлену тойына 200 жалған туыстарын жалдаған. Сыйақы ретінде ол әрқайсысына 80 юань төлеген.

Табан қытықтаушы

Аяқ-қолды байлап қойып, табан қытықтау – Африка елдерінде кең таралған бос жұмыс орны. Бұл ең алғаш Персияда пайда болған және патша сарайындағы ойын-сауықтардың бірі болып саналды. Ойын – адам күлкіден адреналин алуы үшін ойлап табылған.

Ірімшік тыңдаушы

Пармезан – бұл әйгілі итальяндық ірімшік, және ол ұзақ уақыт дайындалады. Оның әбден бабына келіп, әзір болғанын «ірімшік тыңдағыш» адамдар  анықтайды. Олар ірімшікті күміс балғамен ұрып, одан шығар дыбысты тыңдап көреді. Күміс балғамен ұрғандағы дыбыс неғұрлым анық әрі қатты шықса, ірімшік соғұрлым қолдануға дайын деген сөз.

Сағыз тазартушы

Кез-келген мекемені таза ұстау үшін әрбір майда-шүйдеге назар аудару керек. Тазалықшылар әдетте мекеменің, кеңсенің жалпы тазалағына жауап берсе, сағыз тазалағыштар кез келген жерде жабысып қалған сағыздарды жоюмен айналысады. Бұл жұмыс орындары әсіресе Еуропа елдерінде көп.

Құрт жинаушы

Балықшылардың бәрі бірдей таңертең ерте тұрып, арнайы уақытын бөліп құрт жинауға әуес емес. Оның орнына балықтың жемін дүкеннен сатып алғанды жөн кереді. Ал дүкен иелері құрттарды жинау үшін адамдарды жалдайды. Құрт аулаушылар арнайы костюмдер киіп, аяқтарына қалайыдан жасалған адыс байлау арқылы ең үлкен құрттарды таңдайды.

Міне, бәсекелестері жоқ кәсіп түрлерінің бір легі осындай. Сіз де ерекше мамандық иесі атанғыңыз келе ме? Олай болса, қандай мамандық түрін ойлап табар едіңіз?

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close