Біліп жүр

Әлемдегі ең қымбат сағаттар топтамасы

Әлемдегі ең қымбат сағаттар топтамасын көріп пе едіңіз?

Әлемдегі ең қымбат сағаттар топтамасының 15 түрімен сіздерді balbal.kz сайты таныстыратын болады. Қымбат сағат бұл жай ғана әшекей де, табысты адамның дәрежесі де емес. Төменде берілген сағаттардың бағасын көріп шошымаңыз. Себебі бұл бір-екі данадан арнайы тапсырыспен жарық көрген сағаттар. Осы сағаттардың 60% Patek Philippe брендіне тиесілі. Ендеше кеттік. Әдемі әрі ерекше сағаттармен сіздер де таныс болыңыздар.

№15. Parmigiani Fleurier Fibonacci Pocket Watch

Әлемдегі ең қымбат сағаттар топтамасы бойынша 15-орынға жайғасқан Фибоначчи компаниясының құны 2,4 млн доллар тұратын сағаты. Сонымен қатар бұл сағат тек арнайы тапсырыспен ғана дайындалады. Сағат 49,5 карат изумруд, сапфир, рубин, гауһар және тағы да басқа құнды тастарды құрап, корпусы ақ алтынан жасалған. Сағаттың техникалық ерекшеліктері: ол жерде мәңгілік күнтізбе, ай мен минуттың қай фазада екенін көру мүмкіндігі бар. Бұл қалта сағаттан кішкентай асыл тастармен бейнеленген лотос гүлін көре аласыздар.

№14. Franck Muller Aeternitas Mega 4

Бұл орынға жайғасқан 1483 бөлшектен тұратын, 36 функциялы механикалық қол сағат. Циферблатта барлығын санайтын он тоғыз көрсеткіш бар. Бұл көрсеткіштер хронографтан келесі күннің тұтылуына дейін барлығын көрсетеді. Сағаттың бағасы 2,7 миллион доллар тұрады. Сонымен қатар бұл сағатты әлемнің тек екі қаласынан тапсырыспен алуға болады. Олар Женева және Нью-Йорк қалалары.

№13 Cartier Secret Watch with Phoenix

Бұл сағатта қанатын жайған феникс құсы бейнеленген. Сағат родийдан (көкшіл түсті ұзақ балқитын қатты металл), қанаттары ақ алтыннан және гауһар тастардан жасалған. Феникстің көзі изумрудтан дайыналған. Зергерлік бұйымның бағасы 2 755 000 доллар тұрады.

№12. Patek Philippe 1942 жылғы

1942 жылы Швейцария қаласында жасалған бұл сағаттың ерекшелігі қол сағатта күнтізбе және айдың фазасы ең жақсы алтынмен жасалған. Женевадағы аукционда 2 773 721 долларға бағаланып, сол қалада сатылған.

№11. Patek Philippe Heures Universelles

Сол кездегі ең күрделі дизайнда жасалған бұл сағаттан жер жүзіндегі барлық уақытты көру мүмкіндігі бар. Сағатта бейнеленген солтүстік материктің картасы эмальдан жасалған. Негізгі қолданған материал — алтын. Christie’s-те (аукцион үйі) бұл сағат 2012 жылы 2 990 000 долларға сатылыпты.

№10. Piaget Emperador Temple

Екі-ақ данасы бар сағаттың бір данасы өз иесінде. Бағасын 3 300 000 долларды құрайтын толықтай гауһар тастан жасалған бұл сағатқа қызықпайтын жан жоқ шығар. Білезігімен қоса толықтай гауһар тастан жасалса, қақпағы 1 200 алмас таспен безендірілген.

№9. Patek Philippe Single Button Chronograph Watch

1928 жылы құпия сатып алушының тапсырысымен әзірленген бұл сағаттың әйнегі жинақы және тек бір батырмамен жасалған. Әрине, бұл да ақ алтыннан, сонымен қатар циферблатында 28 түрлі құнды тастармен орындалған. 2011 жылы сағаттың бағасы 3 637 408 долларға бағаланған екен.

№8. Patek Philippe J.B. Champion’s Observatory Chronometer

Patek Philippe моделі ерекшелікке аса мән береді. Бұл брендтің авторы – Женевадағы көрнекті шебер Луи Коттиер. Сағаттың дизайыны өте қатал көрінеді және тек талғамы жоғары адамдарға ұнайды. 1939 жылы жасалған сағаттың механизмі әлі күнге дейін дәлдікпен жұмыс істеп келеді. Сағатта әлемнің уақыт белдеулері көрсетілген. Ол 4 026 524 долларға сатылған.

№6. Breguet & Fils Precision Watch

Бұл хронометрді 1814 жылы Breguet тәжірбие ретінде шығарған болатын. Сағаттың ерекшелігі бірегейлікте ғана емес, екі цифроблатпен жабдықталуында. Біреуі рим санымен болса, біреуі араб сандарымен. Корпусы платин және алтыннан сонымен қатар гауһар тастармен әшекейленген. 200 жылдық тарихы бар сағаттың құны 4 682 165 доллар тұрады.

№5. Patek Philippe Caliber 89

Швейцариялық сағат өндіруші Patek Philippe өздерінің 150 жылдық жұмыстарын күрделі орындаумен жасалған қалта сағатының шығарумен атап өтті. 1 кг 100 гр құрайтын бұл сағатты жасауға тура 9 жыл уақыт кеткен. Сағаттың атауы – Caliber 89. 33 функцияны қатар орындайтын сағатта аспан жұлдыздары бейнеленген. Бұл аса ерекше туындыда 126 түрлі асыл тастар, платина және ақ, сары, қызғылт түсті алтындар бар. Олар кез келген коллекцияда 5 миллион долларға бағаланады.

№4. Patek Philippe Record Breaking Chronograph

Классикалық, жалғыз даналы сағат. Бұл сағат 1943 жылы жасалынған Pater Philippe маркасының иесі Стерн мырзаға тиесілі. Алмаз бен алтынның бірегейлігі үшін Christie’s 56 30 000 доллар төлеген.

№3. Patek Philippe Henry Graves Supercomplication

Дау үстінде туған бұл модельді Patek Philippe компаниясы жасаған. 24 функциядан тұратын,  900 бөліктен құрастырылған бұл сағатты дайындауға швейцариялықтардың бес жыл уақыты кеткен. Модельдің ең бір ерекше тұсы, тапсырыс берушінің терезесінен көрінген жұлдызды понораманы циферблатқа түсіру. ХХІ ғасырда бұл сағат 11 млн 250 мың долларға сатылған. Ал қазір швейцариялық мұражайда тұр.

№2. 201-carat Chopard

Гауһарлар жиналған сағатты 25 000 000 долларға сатып алуға болады. Бұл білезік негізінде жасалған сағат. Осы сағатты 2008 жылы Chopard компаниясы әлемге таныстырды. Ең басты ерекшелік сағатта бейнеленген үш жүрек тәрізді гауһар тас, түрлі түсті және әр түрлі формадағы тастар бір жерге үйлескен. Циферблатты қоршап тұрған тастар 200 караттан тұрады.

№1. Joaillerie Manchette от Jaeger-LeCoultre

Топтамалардың арасында көш бастап тұрған сағатқа да келіп жеттік. Ерекше шеберлікпен жасалған, тек қана бір ғана данасы бар швейцариялық Jeager-LeCoultre фирмасының, Joaillerie Manchette атауымен тамаша баға жетпес сағаты бүгінгі топтамалардың ішінен бірінші орынды иеленді. Сағат 576 түрлі өзгеріп тұратын гауһарлар мен оникстерден жасалған. Циферблаты күмістен, үсті сапфирден жасалған әйнекпен жабдықталған. Бұл керемет сұлулықты 26 000 000 долларға сатып алуға болады.

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!