Таным

Маркетинг деген не?

Маркетинг деген не және олардың мақсаты мен міндеттері, түрлері қандай?

Маркетинг деген не? Бүгінгі тақырыбымыз дәл осы маркетинг туралы болмақ. Оны кәсіпорындарда не үшін пайдаланады және неге қолданатыны жайында сөз етпекпіз.

Маркетинг туралы түсінік. Мақсаты мен міндеттері.

Әлем бойынша маркетинг сөзінің кем дегенде бес мыңдай анықтамасы бар. Осындай көп мөлшердегі анықтамалардың бар екенін ескерсек те, шын мәнінде маркетингке не жататына көз жеткізу қиын.

Қарапайым тілмен айтқанда маркетинг –  тұтунушы сұранысын қанағаттандыру арқылы табыс табу.

Маркетинг құрылымдары:

  1. Тұтынушылар қажеттілігіне нарықтық зерттеу жүргізу;
  2. Тұтынушылар талабына сәйкес жаңа тауарлар мен қызметтерді іске асыру;
  3. Бәсекелестер іс-әрекетін барлай отырып, нарықты зерттеу, болашаққа болжам жасау;
  4. Тауар түрлерін құрылымдау;

Көптеген маркетологтар маркетингті бизнестің философиясы ретінде қарастырады. Дәлірек айтқанда, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін нарықты және бағалау жүйесін зерттей білу жатады.  Сонымен қатар тұтынушылардың қалауын тауып, болжай білу және тұтынушылардың өзімен қарым-қатынас орнату. Бұның бәрі өз кезегінде кәсіпорынға табыс әкеледі.

Маркетологтың басты мақсаты –тұтынушының қалауын толық қанағаттандыру.

Белгілі теоретик экономист Питер Друкер маркетингке өзінше анықтама береді. Ол тауар немесе қызмет түрінің өзін-өзі сатуы үшін маркетолог тұтынушыны толық танып білу керек дейді.

Маркетолог өзінің діттеген мақсатына жету үшін мына талаптарды орындауы керек:

  1. Нарықты мұқият зерттеу, тұтышуының сұранысын, өтінішін қанағаттандыру;
  2. Нарықтағы баға жүйесін зерттеп, баға саясатын дамыту;
  3. Бәсекелестерді дұрыстап танып білу;
  4. Тауарлар мен ұйымдастыру орталықтарының тізімін құру;
  5. Сұраныстағы тауарлар мен қызмет түрлерін құру;
  6. Қызмет көрсету;
  7. Маркетингтік коммуникация;

Маркетингтегі мәселелерді шешу үшін мына кеңестерді ескергеніңіз жөн:

  1. Кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін меңгеру;
  2. Тауар сату немесе қызмет көрсету бағдарламасы мен әдісін жоспарлау процесі;
  3. Нарықты саралау;
  4. Тауарды және қызметті үнемі жаңарту, сату жолдары мен технологияны жетілдіру;
  5. Ұйымдардың сұранысына, үнемі өзгерісіне икемді жауап беруі.

Маркетинг ұғымы 4 негізгі элеметтен тұрады: тауар, баға, жарнама (алға жылжу), орналасқан жері.

Маркетингтің түрлері

1. Конверсиондық маркетинг

Бұл кез келген бір тауардың мен қызметтің сұранысы төмендеген кезде қолданылатын әдіс түрі. Мұндайда мамандар тауарды қайтадан жаңартады, бағаны төмендетеді, сату стратегиясын өзгертеді.

2. Дамушы маркетинг

Нақты бір тапсырысқа негізделген өндіріс. Мұндай жағдайда маркетологтар тауардың нарықтағы сұранысының артуын қадағалауы тиіс.

3. Демаркетинг

Маркетингтің бұл түрі сұранысты уақытша немесе тұрақты азайтуға бағытталған.

4. Әлеуметтік маркетинг

Бұл жекелеген тауарға немесе қызметтің өтімділігіне ерекше мән беретін маркетинг түрі. Мақсаты: компания иммиджін көтеру. Сондықтан кәсіпорын түрлі әлеуметтік акциялар мен қайырымдылық шараларға қатысып жатады.

5. Интернет-маркетинг

Бұл тауар мен қызмет түріне сұранысты арттырудың иновациялық әдісі – технологиялардың соңғы жетістіктері мен мүмкіндіктері. Яғни, интернет кеңістігінде қолданылып жатады. Компания табысы ресми сайтқа кірушілер есебінен де еселенуі мүмкін.

Маркетинг пен маркетологтың көмегіне жүгінушілердің мақсаты – табыс табу.

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close