Таным

Медиамагнаттар және олардың монополиялары

Медиамагнаттар деген кімдер?

Медиамагнаттар деп медиахолдингі арқылы медиаресурстарды (газет, сайт, телеарна) басқарып отырған тұлғаларды айтамыз. Медиамагнаттардың қоғамдағы рөлін айқын көрсету мақсатында «төртінші билік» деген түсінік пайда болған еді. Бүгінгі таңда медиамагнаттар деп халыққа, билікке сөзі өтетін БАҚ иелерін айтамыз. Алғашқы медиамагнаттар XIX ғасырда пайда болды. XX ғасырда бұл термин телекомпания және үлкен баспа үйлерінің иелеріне қатысты қолданыла бастады. Медиамагнаттар терминін медиабарон сөзімен алмастыруға да рұқсат. Balbal.kz мотивациялық сайты әлемге әйгілі медиамагнаттардың тізімін оқырман назарына ұсынады.

Сэмуэль Ньюхаус

Тізімді ресейлік иммигранттың ұлы Сэмуель Ньюхаус бастап тұр. Ол «Си» атты лақап атпен де танымал. Оның қаржылық жағдайы 7,1 млрд долларға бағаланады. 84 жастағы медиамагнатқа «Vogue», «Vanity fair» және «The New Yorker» сынды әйгілі журналдар тиесілі. Оның пайдасының 40 пайызы «Discovery Chanel», «Animal Planet» сынды алыптардың кабельдік операторынан түседі.

Руперд Мердок

Руперт Мердоктың табысы 8,3 млрд доллар деп есептелінеді. 81 жастағы медиамагнат медианың барлық саласында өз иелігін жүргізеді. Оған «The Wall Street Journal», «The Times», «The Sun» және «New York Post» секілді басылымдар, «20-th Century Fox» телекомпаниясы, әлемге белгілі «Fox news» және «Sky Italia» телеарналары тиесілі. Руперт 2006 жылы «MySpace» әлеуметтік желісін сатып алып, ғаламторды да жаулай бастады.

Чарльз Эрген

Бұл медиамагнатқа «Dish Network» компаниясы тиесілі және жағдайы 8,3 млрд долларға тең. Ол өз жолын покер ойыншысы ретінде бастаған, алайда, жолы болмауына байланысты 80-жылдары әйелімен бірге спутниктік телевидениені сатуды қолға алған. Осылай ол өз желісін жасап, алғашқы миллиард долларын тапқан.

Энн Кокс Чемберс

92 жастағы Энн Кокс Чемберстің табысы 12,5 млрд долларға тең. Оның иелігіндегі «Cox Enterprises» компаниясы әкесі, медиамагнат Джеймс Кокстан мұрагерлікке қалған. Оның әкесі демократтар атынан президенттік сайлауға да түскен. Қазір Энннің басшылығында бірнеше газет-журнал, теле және радиостанциялар, бірқатар интернет-жобалар бар. Бірақ Эннің өзі ешқандай табысқа жетпеді деп айту қиын. Ол 1977 жылдан 1981 жылға дейін АҚШ-тың Белгиядағы елшісі қызметін атқарады. 80-жылдары «Соса-Cola»-ның директоры және Атлантадағы алғашқы әйел банк басшысы болған.

Дэвид Томпсон

Әлемдегі ең бай медиамагнат – Дэвид Топмсон. Оған табысының көп бөлігі әкесінен мұрагерлікке қалған. Дэвидтің жағдайы 17,5 млрд долларды құрайды. Канадалық медиамагнат 2008 жылы «Reuters» атты ақпарат алыбын сатып алып, сол жылы «Mozilla» браузерімен соттасады. Дэвид отбасының басқа мүшелері секілді медиа саласында ғана тоқталып қалмаған. Ол «Atlanta Thrashers» хоккей клубын сатып алып, Виннипегке ауыстырған. Томпспонөнерді жоғары бағалайтын жан. Оның иелінде Пабло Пикассоның бірнеше картинасы мен Джон Констобельдің жұмыстарының коллекциясы бар.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close