Таным

Миллионерлердің сүйікті кітаптары

Миллионерлердің ойын өзгерткен кітаптар тізімі

Миллионерлердің оқитын кітаптары сізге мотивация беруі мүмкін емес. Кітап оқымай бизнес бастау мүмкін шығар. Бірақ сол бизнесті өркендету үшін кітаппен достасу міндетті. Миллионерлердің жеке кітапханасы құпия әлем. Balbal.kz мотивациялық сайты миллионерлер сұхбаттарында, блогтарында тілге тиек еткен еткен кітаптар тізімін назарға ұсынады.

Марк Цукерберг

Марк Фейсбуктағы жеке парақшасын 2015 жылы ашқан. Ол әрбір екі апта сайын қызықты кітаптар жайлы жазбалар жариялауды әдетке айналдырды. Марк осылайша1 жыл бойы кітаптардың тізімін ұсынып отырды. Ол ұсынған кітаптардың бінешеуін атап өтсек:

Дэвид Джой «Шексіздіктің бастамас» (The beginning of Infinity)

Генри Киссиндже «Әлемдік тәртіп» (Workd Order)

Мэтт Ридли «Рационалды оптимист» (The Rational Optimist: How Prosperity Evolves)

Стивен Пинкер «Біздегінің ең жақсысы» (The better angels of Our Nature)

Питер Хубер «Оруэллдың кегі» (Orwell’s Revenge)

Илон Маск

Илон Масктан «Зымыранды жасауды қалай үйрендің?» деп сұрағанда «кітап оқыдым» деп жауап берген. Маск кітаптар тізімін жасамаған. Бірақ сұхбаттарында бірнеше кітаптың атын атайды.

Джон Р.Р. Толкин «Сақиналардың иесі» (The Fellowship of the Rings)

Уолтер Айзексон «Бенжамин Франклин: Америкалық өмір» (Benjamin Franklin: An American Life)

Ник Бостром «Суперинтеллект: Жолдар, қауіп, стратегия» (Superintelligence: Paths, Dangers, Strategies)

Роберт Хайнлайн «Ай – қатігез үй иесі» (The Moon is a Harsh Mistress)

Джеймс Баррат «Адамзаттың соңғы өнертабысы» (Our Final Invention)

Билл Гейтс

Гейтс өз сайтында тұрақты түрде кітаптар топтамасын жариялап тұрады. Оның айтуы бойынша кітап оқу – өз қиялын шынықтырудың ең тиімді тәсілі.

Тхи Буй «Біз жасай алатын жақсы нәрсе» (The Best We Could Do)

Мэтью Десмонд «Көшірілгендер: Америкалық қаладағы кедейлік пен байлық» (Evicted: Poverty and Profit in the American City)

Эдди Иззард «Маған сеніңіз: Махаббат жайлы мемуарлар, өлім мен джаз тауықтары» (Believe me: A Memoir of Love, Death and Jazz Chickens)

Вьет Тхан Нгуен «Қайғырушы» (The Sympathizer)

Вацлав Смил «Қуат пен өркениет: тарих» (Energy and Civilization: A History)

Уоррен Баффет

Уоррен Баффет өз сұхбаттарында кітапты көп оқитынын айтады. Журналистердің сұрауымен Уоррен оқуға тұрарлық 5 кітаптың атын атаған болатын.

Бенджамин Грэм «Ақылды инвестор» (The Intelligent Investor)

Филипп Фишер «Қарапайым акциялар мен ерекше табыстар» (Common Stocks and Uncommon Ptofits)

Джек Уэлч «Джек. GE-дегі менің жылдарым» (Jack. Straight from the Gut)

Джон Брукс «Бизнес оқиға. Уолл-Стриттегі 12 классикалық оқиға» (Business Adventures. 12 Classics Tales from the World of Wall Street)

Грэхам Т.Аллисон «Ядролық терроризм. Ең қорқынышты бірақ алдын алуға болатын апат» (Nuclear Terrorism: The Ultimate Preventable Catastrophe)

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close