Миллионер

Лиз Мюррэй — Гарвардқа оқуға түскен қаңғыбас қыз

Лиз Мюррей оқиғасынан мотивация алыңыз

Лиз Мюррей — баспанасыз көшеде өскен қыз. Сөйте тұра ол әлемдік спикер деңгейіне дейін көтерілген америкалық Лиз Мюррэйдің оқиғасымен таныс болыңыз.

Ата-анасы қыздарына жуынуды үйретпеген

Лиз Мюррэй бір тиын артық ақшасы жоқ кедей, нашақорлар отбасында дүниеге келеді. Бір күні Лиз мектепке аш аттанады. Одан жағымсыз иіс шығып тұрады. Әкесі мен анасы есірткіге салынып кеткені соншалық балаға көңіл бөлінбеген. Киімі жуылмаған. Қыз бала жуыну керектігін де білмеген. Мектеп қабырғасындағы мазақ пен жанды жабырқатқан жалғыздыққа шыдамаған қыз мектептен шығып кетеді.

Лиз неліктен далада қалады?

Анасы жеңіл жүріске салынады. Ескірткіге ақша тапқан әйел қызының туған күніне берген ақшаны, күртесін сатып жібереді. Көп ұзамай анасы ЖИТС-тен қайтыс болады. Ал әкесі панасыз болғандықтан Лиз 15 жасында көшеде қалады. Ол баспалдақтарда түнеп, аман қалу үшін дүкеннен азық-түлік ұрлайды.

Лизге көмектескен кім?

Бір күні Лиз Humanities Preparatory Academy мектебі туралы естіді.  Бұл отбасылық жағдайы төмен жасөспірімдерге арналған білім ордасы болатын. Лиз мектептің негізін қалаушы Перри Вайнермен кездеседі. Ол қыздың өмірі туралы егжей-тегжей біліп, оны қабылдайды. Лиздің тұратын баспанасы болмаса ол мектептен қалмайды. Мұғалімдердің қолдауымен ол Шекспирге қызығып, мектеп театрында ойнай бастады. Тіпті мектептің оқушылар кеңесінің құрамына кіреді.

Үйсіз-күйсіз жүрген қыз Гарвардқа қалай оқуға түсті?

Екі жыл ішінде Лиз төрт жылдық бағдарламаны аяқтады. Oның жетістіктері шынымен де жоғарғы деңгейде еді. Перри Вайнердің басшылығымен ол бірнеше студент қатарында Бостондағы Гарвард университетіне келеді. Көгалда кітап оқып отырған студенттерді көрген Лиздің әсерін бет-жүзінен байқаған Перри Вайнер: «Лиз, мүмкін емес ештеңе жоқ… Гарвардқа тапсырып көру ойыңда жоқ па?» деді. Көп ұзамай Лиз «New York Times»-тен стипендия алуға өтініш берді. Газетке өзінің өмірін баяндайды. Оны қабылдайды.  2009 жылы Лиз Гарвардты сәтті бітіріп шығады. Оқудың ортасында үзіліс жасауға мәжбүр болады. Ол ЖИТС жұқтырған әкесіне бас-көз болуға борышты еді. Әкесі 64 жасында бақилық болады.

Лиз Мюррей қазір не істеп жүр?

Қазір Лиз Мюррей мотивациялық спикер.  Ол осы салада бірнеше марапат алды. Лекция мен семинарда Лиз өмірде сүрінбеуге және дұрыс таңдау жасауға үйретеді. Бұған оның бүкіл өмірі мысал бола алады.

Лиз Мюррейдің өмірбаянының негізінде «Гарвардқа түскен қаңғыбас» фильмі түсірілгенін біле жүріңіз.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!