Таным

Несиеден құтылу механизмдері: қайта қаржыландыру, төлемді автоматтандыру

Қарыз бен несиені жылдам төлеу процесі

Несиелік құлдық дегеніміз – бір несиеден кейін артынша бірнеше несие алуды әдетке айналдыру. Әрине несиені алу жақсы, ал оны қайтару сіздің жүйкеңізді жұқартады. Balbal.kz мотивациялық сайты несиелік құлдыққа ұшырамай, тез арада қарыздан құтылу жолдарын ұсынады.

Қарыздардың тізімін жасау

Қарыздан құтылу үшін олардың тізімін жасаңыз.Барлық қарыздарды қарастырыңыз: көрші-қолаңнан алған шағын қарыздан бастап ипотекалық несиеге дейін.

1.Кімге және не үшін қарызсыз?

2.Несиені не үшін алдыңыз?

3.Қанша теңге қарызыңыз бар?

Несиенің пайыздық көрсеткіштері;

Айлық төлем;

Жоспарлы төлем;

Жалпы соммасы.

Қарызыңыз қаншалықты үлкен болса да, одан қорықпаңыз. Бір кездері Дональд Трамптың қарызы 900 миллион долларға жеткен болса, бүгінде ол әлемдегі ірі елдердің бірін басқарады.

Шағын қарыздан бастау

Өзіңіз жасаған тізімді қараңыз. Олардың мөлшеріне қарай бөліңіз. Ең кішісінен бастап жабуды қолға алыңыз.

Біріншіден, оларды төлеу оңайырақ.

Екіншіден, несиелік құлдық әсерінен шығуға әрекет жасайсыз. Несие саны азаяды. Осылайша әрі қарай әрекет етуге психологиялық серпін аласыз.

Қайта қаржыландыру

Қарыздың үлкен бөлігін қайта қаржыландыруға тырысыңыз.

Қайта қаржыландыру дегеніміз — қолданыстағы несиені өтеу үшін тиімді шартпен жаңа несие алу.

Бұл қауіпті болып көрінеді. Ол үшін қаржы саласынан сауатыңыз болу керек. Ол қалай жұмыс істейді? Сіз жаңа банкқа жүгінесіз. Олар бұрынғы қарызды өтейді. Сосын сіз оны кейін төлейсіз.

Қайта қаржыландыру пайдасы:

  • пайыздық мөлшерлемені төмендейді;
  • несие мерзімін ұзарту мүмкіндігі;
  • ай сайынғы төлемдердің мөлшерін өзгерту мүмкіндігі;
  • несие валютасын өзгерту мүмкіндігі;
  • бірнеше несиені біреуіне біріктіру мүмкіндігі;

Максимумды анықтаңыз

Ай сайын төлей алатын максималды сомманы шешіңіз.

Шығындарыңызды есептеңіз. Барынша азайтуға тырысу керек. Ең қажетті деген нәрсені ғана қалдырыңыз.

Жақындарыңыз бен достарыңызға «қарыз» жағдайы туралы ескертіңіз.  Уақытша кинотеатр, мейрамхана және белгілі бір шығын кететін басқа да іс-шараларға баруды тоқтата тұрыңыз.

Үнемдеуді үйреніңіз.

Егер отбасылы адам болсаңыз, отбасыңызбен бірге жинақтауға, әрбір отбасы мүшесінің шығындарын өзара бақылауға келісіңіз.

Төлемдерді автоматтандыру

Интернет банк немесе мобильді қосымшада автоматты түрде жүретін төлемдер жасаңыз. Бұл сізге ақшаны жұмсап қоймауға және кідірістерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Барлық автоматтандырылған төлемдердің бір күнде жасалатынына көз жеткізіңіз. Жалақы алған күннен кейін болғаны жөн.

Телефон немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық қызметті қосуды ұмытпаңыз. Бұл жағдайда сіз төленген төлемдер туралы әрдайым хабардар боласыз.

Максималды қайтарым

Қарыз төлеу процесінде мүмкіндігінше көп қаражат салуға тырысыңыз. Бонус, жәрдемақы, мұрагерлік немесе басқа тұрақты емес қаражат алған болсаңыз, соны аударыңыз.

Мотивация

Қарыздар мен несиелерді төлеу процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Сондай кезде қажып кетпес үшін мотивация туралы ұмытпау керек.

Өз нәтижелеріңізді бақылау үшін қарыздар кестесін құрыңыз. Күшті әсер ету үшін өтелген қарыздарды ашық түстермен бояп қойыңыз немесе сызып тастаңыз.

Барлық қарыз міндеттемелерінен құтылғаннан кейін сіз бұрынғы өміріңізге оралып, ақшаны орынды жұмсау туралы үнемі ойланыңыз.

Қосымша табыс іздеңіз

Қарыздар мен несиелерден құтылу үшін қосымша табыс көздерін іздеуді ұсынамыз. Мысалы, қажет емес нәрсені сатуға немесе демалыс күндері екінші жұмысқа орналасуға тырысыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!