Біліп жүр

Роберт Кийосакидің ақша туралы түсінігі

Роберт Кийосакидің ойлары

Роберт Тору Кийосаки 1947 жылы 8 сәуірде АҚШ-та дүниеге келген бизнесмен. Атақты инвестор әрі тәлімгер. Сонымен қатар атын әлемге мәшһүр еткен «Бай әке, кедей әке» кітабының авторы. Бұл миллиондаған адамның ақшаға, оқуға, табысты болуға деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен бестселлер. Balbal.kz Робет Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» кітабының қысқаша мазмұнын осыған дейін оқырман назарына ұсынған болатын. Ендігі кезекте Роберт Кийосакидің ақша туралы ойларын талқыға саламыз.

Роберт Кийосаки:

Ақша – адамның өз идеясы мен ойы

«Менен біреу келіп, мен қалай көп ақша таба аламын деп сұраса, мен алдымен өз ойыңды өзгерт деп жауап беремін. Себебі, ақша туралы не ойласаң, саған одан артық байлық немесе өз ойыңдағы мөлшерден аз ақша келмейді. Мәселен, көп адам қымбаттау затты көрсе, «Біздің шамамыз келмесі мұны алуға» дейді. Бұл ой шындығында іске асып, расымен сол затқа қол жеткізе алмай қалады.

Ақшаға немесе бағалы затқа сыйластықпен қарау керек. Мен барлығына бірдей сұрақ қоямын: «Ата-анаңыз сізге ақша туралы не айтты?». Алатын жауабым мынандай: «Алдымен мектепте жақсы оқы, кейін университетте біліміңді жалғастырып, жақсы жұмыс тап». Міне, адамдардың басым бөлігі осындай қағидамен өмір сүріп келеді.

Көпшілігіміз ауқатты емес отбасында дүниеге келеміз. Америкада 60 жастан кейін 100 адамның тек біреуі ғана бай болады. Ал бұл әлемдегі ең бай мемлекеттің көрсеткіші. Сол 100 адамның төртеуі өзін-өзі толыққанды асырай алатын болса, 56 пайызы мемлекеттік төлемдер мен зейнетақыға тәуелді болып қалады. Сіздің ойыңызға әсер ететін кімдер екенін анықтаңыз.

Өзгелердің ойы сіздің өміріңізге ықпал етуіне жол бермеңіз. Ақша сізді бай қылмайды. Себебі менің кедей әкем бай әкемнен қарағанда көп табатын. Көпшілігіңіз лотореядан көп ақша ұтып алсам, байып кетемін деп ойлайсыз. Жоқ! Сіз ақшаны қалай қолдансаңыз, ол сізге солай қызмет етеді. Ақшаға қатысты мәселе барлық адамда, барлық компанияда, барлық мемлекетте бар. Бірақ бізді бай немесе кедей ететін ақшаны кімнің қалай қолданатындығы. Ақша не жетпейді, не тым көп болады. Екеуі де ең үлкен проблема».

Таңдау

Ақша – сенің таңдауың. Мен екі әкемнің қайсысының жолын қуатындығымды таңдадым. Екеуін де жақсы көрдім. Бірақ екеуінің көзқарасы мүлде екі түрлі  еді. Бұл өмірімдегі ең қиын таңдау болды. Менің туған әкем білім дәрежең жоғары болған сайын бай болуға болады деп санады. Сенен жақсы қызметкер шықпайды деді. Әкем секілді ойлайтындар ақылды адамдар. Бірақ олар ақша үшін жұмыс істейтіндер.

Ал кәсіпкерлер ақшаның оларға жұмыс істегенін қалайтын жандар. Бұл адамдар үшін уақыт –  ол ақша. Олардың бәрі ақылды емес. Бірақ олар ақылды адамдарды іздейді. Жақсы қызметкерлерді жұмысқа алуды жөн көреді. Сөйтіп ақылды адамдар бай адамға қызмет етеді.

Бұл айырмашылықтар сезімдерге негізделеді. Қызметкерлердің бойындағы басты сезім – үрей. Олар әрдайым қауіпсіз қызметті істегісі келеді. Ал бизнесмендер әрдайым тәуекелге дайын тұрады. Себебі олар үшін ақша – уақыт.

Ақша сізге қызмет етуі тиіс. Сіз ақша үшін еңбек етсеңіз, бай болмайсыз.

Бізді неге үйретті?

Бізді өмір бойы қызметкер болуға тәрбиелейді. Ал байлар мұны өте жақсы қолданады. Олар жақсы қызметкерлерді қол астына алып, өздері үшін жұмыс істейтін адамдар тобын құрады. Байлар үшін ереже өзгермейді. Себебі олар ережені өздері жасайды.

Менің кедей әкем әрдайым жақсы жалақы алатын жұмыс тап деп үйретті. Бірақ бай әкем сенің қанша табатының емес, қанша ақша сақтап қала алатының маңызды деп айта берді. Әр табыстың кемі 30 пайызы сақталуы керек екен. Ал жақсы жалақы алатын қызметкерлер ешқашан ақша сақтамайды. Сондықтан бай бола алмайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!