Таным

Саясат Нұрбек: Баланы көп жұмсау – жетістіктің формуласы

Балаға тәрбие беру жолдары

Саясат Нұрбек – саясаткер, заңгер, үш баланың әкесі. «Әр жетістікке жеткен, мықты, кемел тұлғаның артында мықты отбасы тұр» дейді қоғам қайраткері. Саясат Нұрбектің бала тәрбиелеудегі кеңестерін оқырманға материал ретінде ұсынамыз.

Әр бала жеке индивид

Оның басқаларға ұқсамайтын дарынын, жеке қасиеттерін байқай білу – ата-ананың ең басты міндеті. Бұл баланың туа бітті мінезіне байланысты анықталатын дүние. Мәселен, балаңыз ширақ әрі энергияға толы белсенді болса, оны спортқа беріп көріңіз. Бірақ тек сонымен шектеліп қалмай жеткіншектің басқа мүмкіндіктерін де сынап көріңіз.
Сол дүниенің ішінен өзінің қызығушылығы артқан бағытты таңдап, баланы сол салаға бағыттаңыз. Ол өзінің жетістіктеріне куә болғанда өзіне деген алғашқы сенімінің кірпіші қаланатын болады.

Идентификация

Тегін білмеген теріс кетеді деп халқымыз бекер айтпаған. Елден аттап басып, дамыған кәрі құрлыққа аттанар болсақ, жауабын дөп басып айта қою қиын қарапайым сұрақтармен кезігеміз. Мәселен:
1. Тіліміздің дәрежесі туралы. Неге сіз орысша сөйлеп тұрсыз? Сіздердің өз тілдеріңіз жоқ па? Бұл сұрақтың жауабын заманмен байланыстырып түсіндірерміз-ау. Ал келесі сұрақтарға қалай қарайсыз?
— Ал сіздерде қандай ұлттық ойындар бар? (Ойыңызға бірінші көкпар келеді.) Ал сол көкпардан осы жылғы чемпиондарыңыз кім?
Сол көкпар бойынша ең көп жүлде алған қандай команда бар? Мына сұраққа жауап таппаған әр адам өзінің патриоттығына, күмәнмен қарай бастайды. Сосын идентификациямен проблемалар бар екенін түсінеді.
Міне, осы сынды сұрақтарға жауап таппағанда бізде «Мен кіммін?» деген сұрақ туады. Сонда бұл сұраққа жауап беріп, бізді басқалардан ерекшелеп тұратын ата-тегіміз екен. Батысқа пен шығысқа да тікелей қатысымыз бар ұлт болған соң қазақтығымызды, тегімізді сақтап қала отырып заманға ілесу өте қиын. Бірақ өз ата-тегімізді білмей жатып өз ерекшелігімізді таныту өте маңызды. Мұны балаға ұқтыру ата-ананың парызы.

Баланы тым еркелетпеңіз

Егер балаңыздың үлкен азамат болып өскенін қаласаңыз, онда оған сондай қарым-қатынас жасаңыз. Оның ойымен санасыңыз. Сұрақтарына өз құрдасыңызға жауап бергендей ашуланбай, ашық жауап беріңіз. Ұмытпаңыз, алдыңызда жеке тұлға отыр.
Баланы еркелетудің де өз жөні болғаны дұрыс. Тым қатты еркелік баланың тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі сіз өзіңізге тең адамды аялап, еркелетіп отырмайсыз ғой. Бала егер өзіне кішкентай сәби ретінде қарағанына үйреніп қалса, өзін жеке азамат ретінде сезінуі қиынға соғады. Ал өзін тұлға ретінде сезіне білмеген адамның үлкен өмірге қадам басуы да қиын болады.

3 жастан соң кеш болады

5 жасқа дейінгі тәрбие баланың бүкіл өміріне азық болады. Егер сол кезеңде баланы оқытып, тоқытып жұмсай білсеңіз, оның соған еті үйренеді. Саясат Нұрбек осы тұста әр ата-анаға Масару Ибукадың «3 жастан соң кеш болады» деген кітабын оқуға кеңес береді. Кезінде көп дау тудырған бұл кітапты бүгінде көп ата-ана мойындаған. Сол кітапта айтылғандай баланы «құлша тәрбиелеу» формуласы өте маңызды. Яғни бала осы кезеңде әбден жұмсалуы керек. Басында, әрине, қиын болуы мүмкін. Бірақ бұл қағида әдетке айналады. Ал одан соң балада ерік-жігер, дисциплина пайда болады.

Материал Гүлжанат Cембаеваның өз инстаграм парақшасында Саясат Нұрбектен алған сұхбаты негізінде дайындалды.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!