Таным

Траблшутер: мәселенің шешімін табатын нағыз эксперт

Траблшутер мамандығы туралы толық біліңіз

Траблшутер — жасырын жұмыс істейтін құпия мамандықтардың бірі. Компания дағдарысқа немесе одан да қиын жағдайға тап болғанда осы мамандардың көмегіне жүгінеді. Бұрын естімеген жаңа мамандық туралы Balbal.kz мотивациялық сайты материал жинақтап, назарларыңызға ұсынады.

Траблшутер дегеніміз кім?

Troubleshooter ағылшын тілінен «мәселені жою» деген мағынаны береді. Бұл термин ең алғаш 1905 жылы пайда болды.  Әлем бойынша кем дегенде 100 траблшутер бар. Олар өз қызметі үшін сағатына 100.000$ алады.

Траблшутер — нәтижесіз жұмыс істеген компания топ-менеджерлерінің мәселелерін шешетін мамандар. Бұл компания кірісін көбейтіп, қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Траблшутерлер ұсынатын шешімдер қарапайым және өте тиімді. Мұндай шешімдер қымбатқа түседі. Сондықтан бұл мамандардың қызметін пайдалануға жеке тұлғаларды айтпағанда, тіпті ірі компаниялардың жағдайы келе бермейді. Troubleshooter шет елдердегі кез келген салада жұмыс істей алады.

Траблшутерлер қайдан пайда болаады?

Әдетте бұл саланы өз компаниясындағы кез келген мәселені қиындықсыз шешіп жүрген мамандар таңдайды. Траблшутер — өте сирек кездесетін мамандық түрі. Олар ерекше логикалық ойлау қабілетке ие және әлемге басқаша көзқараспен қарайтын адамдар. Траблшутинг — консалтинг пен кризис-менеджмент мамандығының жетілген түрі.

Траблшутерлерді қайдан табуға болады?

Шын мәнінде траблшутерлерді табу қиын. Оларды анықтамалардан да, ғаламторлардан да іздеп таба алмайсыз. Себебі бәсекелестерінен жасырын түрде жұмыс істейді. Тек өзге біреудің ұсынысымен тауып алып, байланысқа шығуға болады. Траблшутерлер проблемаларды жоятын құнды шешімдерді, ұсыныстарды таратпайды, кітаптар шығармайды, сұхбат бермейді. Бұл оларға тиімді емес.

Мәселелердің шешімін табудың эксперті болу оңай мамандық емес. Траблшутерлерге арналған 6 кеңес:

1.Проблемаға емес, оның шешіміне назар аударыңыз. Сонда қиындықты елемей, тыныштық сақтап, қиын жағдайдан шығудың жолын табасыз.

2.Обьективті болыңыз. Күлкілі болып көрінсе де ойыңызға келген барлық идеяны қарастырып шығыңыз.Себебі ерекше идеялар маңызды өзгерістерге алып келеді.

3.Бейтарап саяссатты ұстаныңыз. Ешқандай мәселеге, жұмысқа сынмен қарап, баға бермеңіз.

4.Өзіңізге ыңғайлы тілде байланыс орнатыңыз. «Егер осылай жасасам…» немесе «Былай жасасам қандай нәтиже болады?» деп өзіңізбен жиі ақылдасыңыз. Бұл сізге креативті ойлауға мүмкіндік береді.

5.Барлығын жеңілдетіңіз. Мәселені одан сайын қиындатуға тырыспаңыз. Миыңызға ауырлық қылмаңыз. Қарапайым идея мен ойлар нәтижелі болады.

Траблшутердің көмегімен шешімін тапқан мәселелер

1. Америкада ай сайын жаңалықтарды жариялап отыратын екі компания бар. Қос компанияның анықтамалық «сары қағаздары», онда жазылған ақпараттар да бірдей болатын. Оқырмандар үшін ол қызық емес еді. Бірақ бәсекелестік көп нарықта біреуі ғана аман қалу керек болатын. Осы компаниялардың бірі траблшутердің көмегіне жүгінеді. Екі айдан соң екінші компания өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі траблшутер бірінші компанияның өніміне өзгеріс енгізді. Анықтамалық қағаз жалпақ және кішкентай болып шығарылды. Ал бұл оқырман үшін өте ыңғайлы әрі тиімді еді.

2. Nike компаниясының басшылары Африкада аяқ киім шығаратын фабрика салуды жөн көреді. Жоспар бойынша сол аймақтың адамдарын жұмысшы етіп алып, ойларын жүзеге асырады. Бірақ көп ұзамай жұмысшылар кроссовкаларды ұрлай бастайды. Күзетші жалдауға тағы ақша бөлінеді. Бірақ нәтиже болмаған соң траблшутерден көмек сұрайды. Бұл маман иесі оларға оң және сол аяқ киімдерді екі елден шығаруға кеңес береді. Осыдан кейін компанияның кірісі көбейе түскен.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!