Біліп жүр

Жұлдыз Ақболат. Бренд визуализатор – сұранысқа ие жаңа мамандық

Жұлдыз Ақболат немесе 35 миллион тапқан блогердің хикаясы

Жұлдыз Ақболат – инстаграмда өмір сүруді емес, ақша табуды үйрететін блогер. «Миллионер блогер» деген аккаунт иесі шынымен де инстаграм арқылы 4 айда 35 миллион теңге тапқан жан. Balbal.kz осыған дейін бір басында үш бизнесі бар Жұлдыз Ақболат туралы материал дайындаған. Ал осы жолы Жұлдыз Ақболаттың бренд визуализаторын дайындайтын «PMM» курсы жайлы сөз қозғайды.

Жұлдыз Ақболат:

Жұлдыз Ақболат
Жұлдыз Ақболат @zhuldyz_akbolat

PMM курсы кімге керек?

Мен инстаграмның қаншалықты табыс алып келетін мықты әрі супер ыңғайлы құрал екендігіне әлі де сенбей жүрген адамдарға таң қаламын. Олар инстаграмға күмәнмен қарай отырып, бар бос уақытын біреудің парақшасын ақтарумен өткізеді. Өз басым инстаграммен достасқаныма бірнеше жыл болды. Мен о бастан инстаграмды өз мақсатыма жетуіме көмектесетін құрал деп қабылдадым. Байқасаңыздар, 44 адамға ғана жазылғанмын. Сол парақшаларды қадағалай отырып мен жаңа тенденцияларды бақылап отырамын.

«Инстаграм деген не?» деп біреу маған сұрақ қойса, мен оны адамның визит картасы яғни бет-пердесі дер едім. Себебі кез келген адаммен танысқанда, ескі таныспен қайта қауышқанда ең бірінші жасайтын қадамымыз ол – оның инстаграмына кіреміз. Сондықтан да белгілі бір амбициясы бар кез келген адам үшін оның инстаграм парақшасының сауатты жүргізілуі аса маңызды.

PMM деген әр адамның жеке брендін инстаграмда қалыптастыруға көмектесетін жаңа маман иелері – бренд визуализаторларын дайындайтын курс.

PMM яки Personal media marketing дегеніміз –

кез келген адамды медиалық тұлғаға айналдыруға көмектесетін маркетинг құралдарының жиынтығы.

Бұл курс инстаграм арқылы 3-4 сағатта-ақ бір айлық көлеміндей қаражат тапқысы келетін барша жанға арналған. Ол үшін SMM негіздерін білу не мыңдаған жазылушысы бар блогер болу міндетті емес. Бастысы – ниет және ізденімпаздық.

PMM курсы қалай пайда болды?

PMM курсы пайда болмай жатып мен инстаграм арқылы табысқа кенелуді үйретіп жүрген едім. Алайда PMM курсы қарызынан құтылып, өз өмірлік жолын айқындап, жетістікке жеткісі келіп жүрген жастарға жетістікке апарар ұзақ бұралаң жолды қысқартуға мүмкіндік беретін құрал екендігіне көзім жетті. Негізі, PMM деген атауды өзіміз ойлап тапқан болатынбыз. Нарықта мұны жай ғана бренд визуализациясы деп атайды. Алғаш рет бренд визуализаторы мамандығы жайлы ресейлік бір блогерден білдім. Сосын оның сабағын онлайн түрде оқып, тәжірибеден өткізіп, қазақстандық нарыққа енгізуді қолға алдым. Шынымды айтсам, содан кейін өмірім қатты өзгерді. Табысым он еселенді.

PMM курсын үстіміздегі жылдың қыркүйегінде қолға алдым. Мұндай курс молшылықтың мекені – Дубайда өтуі тиіс деп шешім қабылдадым. Айтылған сөздің салмағын сезініп, маған үміт артып, PMM курсына жазылғандарға алғыс айтқым келеді. Жаратқан жар болып, шәкірттерім әрі шетел көріп, әрі сабақ оқып, мәз болып елге оралды. Бүгінгі таңда шәкірттерім бренд визуализаторы болып күніне 50 000-100 000 теңге көлемінде табыс тауып жүр. Жалпы, менен білім алған шәкірттерімнің 4 айдаға табысы 45 миллион болғанын мақтанышпен айта аламын.

Бренд визуализаторы қалай жұмыс істейді?

Инстаграмды адамның бет-пердесі дедік. Алайда бренд визуализатордың жұмысын түсіндіру үшін үймен салыстыруға рұқсат беріңіз. Сіздің инстапарақшаңыз-үйіңіз бар. Сіз белгілі бір жетістікке жеткен адамсыз не соны армандап жүрген жансыз. Бірақ үйіңіз жинастырылмаған, керек емес заттарға лық толы. Сондықтан да қонақ келсе, сіз «үй жинауға қолым тимеді, қарбалас болдым» деп ыңғайсызданасыз. Мейман сіздің әңгімеңізді тыңдай отырып ойы сан-саққа жүгіреді. Себебі үйі жинастырылмаған адамның компаниясы табысты, өзі бақытты, өмірі берекелі екендігіне күмән келтіре бастайды.

Бренд визуализаторы клиенттің берекесі кеткен инстапарақшасын қысқа уақытта ғана ретке келтіріп беретін маман. Айтар әңгімесі, көрсетер жетістігі бар азаматтар баршылық болғанымен олардың инстаграмға көңіл бөлуге уақыты жоқ екендігін түсіндік. Бүгінгі заманда уақыттан қымбат дүние жоқ. Инстаграм еріккеннің ермегі сияқты болып көрінгенімен инстаграмды жүргізу кәдімгідей уақытты алатын процесс. Сондықтан мен клиенттің уақытын үнемдеп, жүйкесіне салмақ түсірмей инстаграмын әдемі қылып беретін шәкірттерді тәрбиелеп отырмын.

Бренд визуализатордың қызметіне не кіреді?

Бренд визуализаторлар:

-Клиентті визажистпен, шаш стилісімен кездестіреді;

-Процесс барысында клиенттің жол шығынын, шайын-кофесін өзі көтереді;

-Қаланың ең стильді локацияларына апарып, фотосессия жасатқызады;

-Фотосессия барысында мимика, қимыл-қозғалыс бойынша ақыл-кеңес береді;

-Бір күннің ішінде 30 күндік фотоконтент жасайды;

-Клиент аккаунтының толық интерфейсін бір күнде дұрыстайды;

-Клиент қаласа басқа қалаға да, шетелге де іссапарға шығады (жол шығынын клиенттің өзі көтереді);

Сырымды айтайын

Менен «инстаграм арқылы миллион табуды үйретіңізші» деп өтініш айтып, жеке коучінгімді сұрайтындар көбейген. Алайда жеке коучингке әлі дайын емес екендігімді түсіндім. Сіздерге бір сырымды айтайын. Алматыға бір жыл бұрын келгенімде қалтамда азын-аулақ қана тиын болды. Жолдасым екеуміз пәтер жалдап тұрдық. Жайлы мұнтаздай тап-таза пәтерде тұруға жағдайымыз жетпеді. Жатақханадағы аядай бөлмені місе тұттық. Алматыға өзімізді дәлелдеуге, бағыт-бағдарымызды табуға келдік. Ең бастысы, болашақтағы өміріміздің жарқын болуын ойлап, тәуекелдің жел қайығына міндік. Ол үшін тіпті кіп-кішкентай қызымды 8 айға ата-енеме қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Күндіз жұмыс іздеумен, түнде қызымды сағынумен уақыт өткіздім. Мемлекеттік жұмыс қарнымды тойдырып, көйлегімді көк ететіндігіне күмәнмен қарадым да ондай жұмыстан бас тарттым. Мына қымбатшылық заманда бар ауыртпалықты жолдасыма жүктеп қоюды дұрыс емес деген шешімге келдім. Бір күні жылап-сықтауды тоқтатып, қызым үшін мәнді, сәнді өмір үшін күресуге кірістім. Ең алдымен, инстаграмды шұқылап отырып зерттедім. Сұранысқа ие дүниелерді анықтап алып, соларды ақырын-ақырын сата бастадым. Бірте-бірте азын-аулақ табыс тауып, бақыттан бал-бұл жайнадым. Тағы да тәуекелге барып, әртүрлі курстар оқыдым. Білімді арттыруға бар күш-жігерімді салдым. Өзіме инвестиция құюды ең дұрыс шешім деп ойладым. Құдайға шүкір, дұрыс таңдау жасап, дұрыс шешім қабылдаппын. Бүгін мен жолдасымның қолдауының арқасында инстаграмды табыс табуды үйрететін «incon.club»-тың құрушысымын, ал жолдасым болса жетекшілік етеді. Алдағы уақытта инстаграмдағы аудиториямды жаңа жобаларыммен қуантпақпын.

Сұхбаттасқан: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!