Біліп жүр

Ицхак Адизес. Мінсіз басшы

Ицхак Адизес әлем бойынша ең танымал бизнес-талдаушы, кеңесші

Ицхак Адизес ұстанған өмірлік қағидалар және ол қалыптастырған теориялар бүгінде ірі халықаралық мекемелерде іс жүзінде қолданылып, жемісін беріп жатқан дүниелер. Бизнесте белгілі бір нәтижеге қол жеткізгісі келетін компанияларға, олардың басшылығына арналған әдіс-жүйесінің авторы.

Адизес Ицхак деген кім?

Ицхак Адизес – өзгерістерді басқару институтының негізін қалаушы. Бестселлер кітаптардың авторы яки жазушы әрі жоғарыда аты айтылған институттың директоры. Бұл институттың әлемнің әр түкпірінде өз бөлімшелелері бар екенін тілге тиек еткіміз келеді.

Адизес – философия ғылымының докторы. 22 тілде аударылған 18 кітаптың авторы. Жазушы ғылыми еңбектер жазбаса да, оның қаламынан шыққан кітаптар «әлем бойынша ең көп оқылған кітап» атанып қана қоймай, «үздік кітаптар» қатарына кіреді. Соның ішінде «Мінсіз басшы» кітабы бизнес саласындағы ең жақсы кітап атағына ие.

Ицхак Адизестің өмірлік жолы

Философия ғылымының докторы Адизес Ицхак 1937 жылы Македонияда қазанның 22-і дүниеге келген. 1963 жылы Адизес Еврей университетін бітіріп, саясаттану, экономика саласында бакалавр дәрежесін алады. Ал 1967 жылы Колумбия университетінің магистратурасын аяқтайды. 1967 жылдан бастап еңбек жолы спикерлікпен тікелей байланысты болады. Отыз жылдан астам уақыт Колумбия, Колифорния, Еврей университеттерінде ұстаздық етіп, студенттерді білім нәрімен сусындатады.

Ицхак ғылыми қызметке өмірінің біраз бөлігін арнаған жан. Университетте ол студенттерді тиімді менеджментке үйретеді. Одан соң Ицхак Адизестің кеңесіне көптеген халықаралық фирмалар жүгініп отырған. Спикер фирманы дұрыс басқару тақырыбында дәрістер өткізіп, баға жетпес құндылықтармен бөліскені шындық. Тіпті біздің өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналып кеткен брендтер Адизестің жүйесіне негізделіп әлі өмір сүріп келеді.

Мінсіз басшы

Ицхак Адизес дейді:

Әлемде мінсіз басшы жоқ. Мінсіз басшы тұрмақ, әлемде мінсіз адам жоқ. Сонда біз мінсіз басшыны және мінсіз серіктесті іздейміз. Міні жоқ сәбиді, ұстазды, кез келген қызметкердің де мінсізін іздейміз. Біз үнемі бір міні жоқ адамды іздеп шарқ ұрамыз. Бұл біздің қарапайым адамдық болмысымыз. Жоғарыға қарай ұмтылу дейді мұны.  Біз мінсіз тұлғаны таппасақ, қынжыламыз, қайғырамыз. Шындығында, біз ешқашан ондай адамды таппаймыз. Себебі ондай жан мүлдем өмір сүрмейді. Оның жоқ екеніне бір ғана себеп бар. Ол – өзгеру. Мінсіз адамның қасында да мінсіз адам жүруі міндетті емес. Барлығы өзгереді. Бір күні маған мынадай кеңес берілді: «Егер сіздің некеңіз ауыр күндерді бастан кешіріп жатса, екі күн күтіңіз» деді. Ол нені білдіреді? Ол өзгеруі мүмкін дегені. Қазір сізге бұл жағдай тым жиіркенішті көрінсе, екі күннен кейін ол туралы ойыңыз өзгереді. Өмір дегеніміз үздіксіз өзгеріс. Өзгеріс – ол өмір.

Қысқа және ұзақ мерзімнің ішінде перспективада да бизнестің тиімділігі пайдаланып, нәтижелі табысқа жетуге болады. Бұл фирманың түрлері мен ұйымдық құрылымына байланысты емес. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 4 фактордың болуы шарт.

PAEI моделі

— Әкімшілік

— Интегратор

-Нәтижелерді өндіруші

-Кәсіпкер

Бұл қасиеттер басқару модельдерін қалыптастырады. Алайда олар бір-біріне қарама-қайшы келеді.  Мысалы, нәтиже өндірушісі тым қатты тәртіпті талап ететін әкімшілікке шыдамайды. Кәсіпкер өзі жаңа нәрсе ойлап табуға тырысады, ал бұл фирма ішіндегі үйлесімділікті қалайтын интеграторды ашулана түседі.

Керемет басшы

Керемет басшы ешқашан бірікпейтіндей көрінетін осы төрт төрт іскерлік қасиетті біріктіруге міндетті. Табысты бизнес үшін осы қасиеттердің біреуін болсын игеру керек. Бұл практика жүзінде іске асқан ең танымал методикаларының бірі. Бұл әдіспен Coca Cola, Visa, Bank of America жұмыс істеп көрді.

Сонымен қатар мен тек ірі компаниялармен ғана емес, кішкентай компаниялармен де жұмыс істей беремін. Кішкентай бала дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейсің ғой, сол секілді компанияны да бастапқы кезінен қолға алу керек. Кішкентай компаниялармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңіл, себебі оларды бір нәрсені үйрету, бағыттау оңай. Алайда менде ешқандай шектеу жоқ. Барлығына бірдей қарап, бірдей жұмыс істеймін.

Біріншіден, жалғызбасты анаға өзінің баласын жалғыз өсіру қиын. Компания да сол сияқты. Жалғыз өзіңе құру өте қиын. Оған жақсы серіктес керек. Сізге көмектесетін, ішкі және сырқы қызметін бақылайтын адам болғаны жақсы.  Егер бұны өзім жасаймын десеңіз, қателесесіз. Сізді түсінетін, көмектесетін, бір-біріңізді толықтырып тұратын жақсы серіктеспен жұмыс жасағаныңыз абзал.

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!